Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі


Қазақстандағы білім беру : кеше, бүгін және ертең



бет17/48
Дата28.11.2023
өлшемі0,87 Mb.
#130932
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48
Байланысты:
2.Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі (Баяндама)

Қазақстандағы білім беру : кеше, бүгін және ертең
Баймаханова Айнұр Тұрарқызы-№167 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңарық ауылы
Қай заманда болсын, әр халық өзінің ұрпағын жан-жақты жетілген, адамгершілік жағынан жағымды мінез-өнегелері қалыптасқан, еңбекшіл үлкенді құрметтейтін білімді азамат болсын деп армандаған .
Ахмет Жүйнекей «Ақиқат сыйы» атты дидактикалық өсиетнама дастанында білімнің адамға өмірлік таусылмас азық болатынын және оның ізгілік пен қайырымдылық бұлағы екенін атап көрсетсе, Махмұт Қашқари өзінің «Диуани лұғат ат түрік» атты сөздігінде жас ұрпақты тіршілік пен еңбекті сүюге, білімге құштар болуға, өз бақыты үшін күресе білуге шақырды. Бұл ғұламалардың еңбектері балаларды білімге, әдептілікке, адамгершілікке , еңбекке үлкен парсаттылыққа шақырған өсиет сөздігі күні бүгінге дейін тәрбиелік мәнін жойған жоқ.
Қазақ халқында келешек жас ұрпаққа білім беріп, өмірге дайындау, сол халықтың арман мүддесінен тәрбие дүстүрімен байланысыптуып, өркендеп, дамып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырған. Демек, барлық адамзат қоғамы балаларға жас ұрпаққа білім беру үшін өзінен бұрынғы аға буынның ақыл-ойын тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес.
Біз «Білім сөзінің тереңіне үңілсек оның классикалық анықтамасы «Тұлға жетістігі дегенді білдіреді. Бүгінгі білім мәдениеті жылдар өткен сайын тарих беттерінен табылуда. Сонда кешегі білім тәжірибесі ретінде үздіксіз білім беру жүйесі арқылы білім мазмұнына ендіріледі. Яғни, кешегісі өткен тұлғалар тәжірибесін оқи, зерттей үлгі тұта отырып қана өз тұғырымыздағы бүгінгі өмір талабына сәйкес ертеңгі тұлға жетістіктерін қалыптастыра аламыз. Олай болса біздің егемен елімізде білім қалай берілуде?
Тұлғаның жетістігі қалай?
Мен бүгінгі шығармамда осы үш тақырып негізінде баяндағалы отырмын .
Білім берудің кешегі парадигмасы. Білім берудің кешегі парадигмасы шеңберінде педагогикалық жобалау объектісі қолданысты мәдениетке функционалды түрде сіңіп кетуге даяр оқушыны қалыптастыру жолдары болып табылады.
Қазақстанда білім беру кеше тақырыбын мына мақалмен бастағалы отырмын. «Аяз би тоныңа қара».«Құмырсқа жолыңа қара»- демекші өткен күнді ұмытпау, бір –бірімен сабақтастыра байланыстыру адамзат баласының міндеті. Баланы алдын-ала дайындалған қалыпқа тығып, дайын, үлгі бойынша сара жолмен жүргізу десекте, кешегі білім тәжірибесі негізінде қалыптасқан ментаритет бүгінгі ұрпақ үшін білім мазмұнына енгізілді. Кеңестік педагогикада білім беру деген сөз жаңа адам үлгісіне сай алдын-ала белгіленген .қасиеттерді бала бойына дарыту деген мағына береді. Білім беру мен адамның тарихи түрде дамуы арасындағы қарама-қайшылықты тудырды деуі кешегі білім парадигмасына берілген сыни баға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет