Бұл әдістің төтенше күші сөз бен көрнекілікті,сөз бен практикалық әректтерді ұштастыру жолымен жаңа ұғымның мәнін ашуында.Оқушылардың саналы меңгерудің негізі ретінде түсінік беретін ережелерді дұрыс қолданумен және еске түсірумен қуатталады.
Оқушыны ішінара қатыстыра отырып баяндау дегеніміз-танымдық процестің барлық немесе жекелеген кезеңдерін өз бетімен өтуді талап ететін жұмыстарды орындау жөніндегі оқушының жеке ізденіс қызметтерін,оның мұғалім түсіндіргендерді қабылдаумен ұштастыру болып табылады.Ішінара ізденіс әдісін кез-келген жас үшін және ақытудың кез-келген кезеңінде қолдануға болады.Бұл арада көбінесе тыңдау және ұғыну,фактілерді тыңдау,жүйеге түсіру,ізденіс пен проблемаларды шешу оқудың басым,басты әдістері ретінде көрінеді.
Зерттеу нәтижесінде оқушы ізденеді.Іздену дегеніміз-оқушының интелектуалды қызметі.Оқыту процесінің басты мақсаты оқушыны ойлай білуге,шығармашылық ой танымын қалыптастыруға бағытталуы керек.Олай болса оқушыда шығармашылық іздену бастамасының болуын, әр шығарманы талдауға жаңа тұрғыдан келіп,өзіндік ой-пікір айта білуін машықтандыру қажет. Сонда ғана оқушының білімді өз бетінше игере білу дағдысы дамиды,өзіндік көзқарасы,жеке пікірі қалыптасады,тануға деген құштарлығы оянады.Осы тұрғыда дөңгелек үстел,пікір-сайыс,ізденіс сабақтары-қазақ әдебиеті пәні үшін өте тиімді әдіс.
8-сыныпта «Хайуанатқа жасаған қиянатың-Бауырыңа жасаған опасыздық» тақырыбындағы пікір-сайысқа төмендегі проблемалық сұрақтар беріліп,оны шешудің жолдарын іздестіру тапсырылды.
1.Экология ғылым ретінде қашан қалыптасты,нені зерттейді?
2.Табиғат пен адам арасындағы үндестіктің бұзылуының сыры неде?
3.Поэмада ананы қасиетке оқ атуға итермелеген қандай күш?
4. «Аққуға кезенерде ырым жасап,тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?»деген жылқышы қаттың сөзінің мәні неде?
5.Азаматтық деген не,сен қалай түсінесің?
6.Қоршаған ортаны қорғаудың қажеттігі неде?
Ал Махамбет поэзиясын өткенде оқушыларға мына проблема төңірегінде жұмыс жасатуға болады:тарихи оқиғаларды,тарихи адамдарды жырлаудағы Махамбеттің табысы, өзіндік ерекшелігі.
Оқушылар өздігінен дұрыс шешім іздейді,қорытындыларды тұжырымдайды, яғни білімдерін шығармашылықпен жүзеге асырады.
Қандай шығармашылық істер болмасын,тек оқушыны қатыстырған жағдайда ғана жүзеге асады.Ал,ол кездегі оқушының атқаратын міндеттері: проблемалық міндеттерді ажырату ,берілген тапсырманы тұжырымды орындау,тапсырманы саналы ұғыну,шешімді іздеу,тапсырманы орындау барысында нәтиженің дұрыстығын тексеру.
Проблемалық талдау нақты бір сұрақ әзірлеуді қажет етеді.Бұл жағдайда тіпті күрделі де маңызды сұрақтардың өзі,әдетте,проблема қойғандық болып табылмайды:олар белгілі білімдерден тұратын жауаптар алу мақсатымен беріледі. Әрине,мұндай сұрақтар оқушылардың белсенді ойлау қызметіне түрткі болмайды; миында бар дайын ақпаратқа жүгінеді;ақпараттық сұрақтар дегеніміз-осы. Оқушыларға интеллектуалдық қиындық тудыратын сұрақтар проблемалық сұрақтар болып табылады,өйткені,оларға берілетін жауаптар оқушының бұрынғы білімдерінен де,мұғалім ұсынатын ақпаратта да жоқ.
Енді Ш.Айтматовтың «Найман ана»шығармасына проблемалы сұрақтар жасап көрелік:
1.Қалай ойлайсыңдар,әңгіме неліктен «Найман ана» деп аталады?
2.Жуан-жуандардың жас жігітке істеген ісіне қандай баға берер едіңдер?
3.Мәңгүрттік сезім өзі жаулап алған елге қалай әсер етті?Бұрын соңды олар
мұндай істі бастарынан кешіп пе еді?
4.Мәңгүрт құлды іздеуге ана неге бел буды?Оны қандай мысалдармен
дәлелдейсіңдер?
5.Сол бейшара мәңгүрт басқа біреу емес,менің ұлым болса екен деген
жолдардан қандай қорытынды шығаруға болады?
Проблемалық сұрақта әлі ашылмаған(оқушылар тарапынан )проблема,белгісіз дүниелер,жаңа білімдер болады,оларға қол жеткізу үшін қандай да бір интеллектуалдық әрекет,белгілі нысанадағы ойлау процесі қажет.Ойлау адамның проблемаға тап болуынан басталатын болғандықтан,проблемалық оқытудың негізін мұғалім жүйелі түрде және діттеп жасайтын проблемалық ситуациялар болып табылады.Оқушылар пайда болып отырған ситуацияда белсенді ақыл-ой ізденісін талап ететін ойлау процесінің барлық немесе негізгі кезеңдерін өздігінен өткен жағдайда ғана танымдық қызметі дербес болып саналады.
Проблемалық оқытудағы оқушының шығармашылық іс- әрекеті:
1.Оқу материалының мазмұнын талдау,саралау.
2.Проблеманы ашу,өнім жасау,шығармашылық еңбекке қол жеткізу.
3.Қорытынды жасау,өзіне-өзі баға беру,саралау.
Проблемалық оқытуға негізделген шығармашылық тапсырмалардың дәстүрлі оқытудағы тапсырмалардан ең басты айырмашылығын жіктесек оқушы мен мұғалім іс-әрекеттері төмендегідей болмақ:
1.Проблема қойылмайды.
2.Мұғалім тарапынан тапсырмалар берілетін жауабы дайын,қарапайым тапсырмалар.
3.Оқушы-объект.Ол-орындаушы. Мұғалім жетекшілігі,басшылығы басым болады.
4.Шығармашылық ізденіс,жаңа өнім жасау міндетті емес.
5.Сыныптағы барлық оқушыларға
арналған тапсырмалар.
1.Алдына пролема қойылады.
2.Дайын жауабы жоқ,проблема шешуді талап ететін, зерттеушілікті, шығармашылықты қажет ететін тапсырмалар.
3.Оқушы-субъект.Ол-дербес ізденуші. Еш нәрсені қайталамайды,дайын дүниені көшірмейді,өзінің ізденісі, зерттеуі арқылы проблеманы шешуге талпынады.Мұғалім-ақылшы,кеңесші, ұйымдастырушы,бағыт беруші.
4.Оқушыларды жан-жақты дамытуға, жеке тұлғаға,оның дарынын,қабілетін арттыруға бағытталған шығармашылық сипаттағы тапсырмалар.
Проблемалық оқытуға негізделген тапсырмалардың қай түрі болмасын, оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін талап етеді,ол тапсырмалардың барлығы олардың қабілетін,дарынын дамытуға бағытталады,ғылыми-зерттеу жұмысына баулуда өнімді,нәтижелі қорытынды береді.
Әдебиет сабақтарында оқушылардың тілін,ойын дамытуға төмендегі кестелерді пайдаланамын:
1-кесте
Тезис
Кіріспе сөз
Негізгі ой мен
кіріспе арасын
дағы байланыс
Негізгі ойды
баянда
Негізгі ойдың
шарықтау шегі
Қорытынды
2-кесте
Аннотация
Шумақ
Тақырыпша
Қысқаша
аннотация
Ақын стилі
Өз пікірің
3-кесте
Шығармадан үзінді
Қай оқиғадан алынды?
Кімнің сөзі және қайдан алынды?
4-кесте
Шығармадағы кейіпкерлер
көңіл күйі
Дәйектеме
Өз көңіл-күйің
Қазақ тілі пәнінде оқушыларды прблемалық сұрақтарға жауап іздетуді төменгі сыныптардан бастап қай тақырыптан білім берілмесін сабақтың бекіту, қорытындылау кезеңдерінде жүйелі түрде ойландыратын, олардың дербес іс-әрекетін белсендіретін,жауабы дайын емес проблемалық бағыттағы сұрақ-тапсырмалыр беру арқылы ғылыми ізденіске жетелеуге болады
6 сыныптағы «Қос сөздер»тақырыбын өткенде қос сөз,оның түрлері туралы түсініктеме беріледі.Ал қорытындылау сабағында төмендегі проблемалық бағыттағы сұрақ-тапсырмалар беріп оқушыны шығармашылық ізденіске жетелеймін. Бала ізденеді,ойланады, жауабын табуға еңбектенеді.
1.Қайталама қос сөздер мен қосарлама қос сөздердің негізгі айырмашылықтарын қалай түсіндірер едіңдер?Ол үшін мына үлгідегі тапсырманы орындаңдар:
Үлгі :
Қайталама қос сөздердің жасалу жолы
Қосарлама қос сөздердің жасалу
жолы
Ұқсастық белгілері
Айырмашылықтары
Ескерту:Жасалу жолдарына түгел тоқталу міндет емес,үш-үш мысал келтіріп, тапсырманы солар арқылы орындаңдар.
2.Төмендегі мәтінді мұқият оқып,қос сөздерді табыңдар,түрлеріне қарай ажыратыңдар да бөлек-бөлек жазыңдар.
3.Енді төмендегі шағын шығарма-суреттемеге назар аударыңдар.Табиғат көрінісін суреттеуде қай қос сөздің орны ерекше деп ойлайсыңдар?Пікірлеріңді дәлелді түрде білдіріңдер.
Қыс суреті
«Тау-тау болып үйілген аппақ-аппақ қарлар ауыл аймаққа ерекше бір көрініс беріп тұр.Күн нұры түскенде олар жалт-жұлт етіп,көзіңді шағылыстырады.Шаналарын сүйрей-мүйрей жеткен Асандар тобы айқай-шумен жаңағы әдемі көріністі әп-сәтте көз алдыңнан ысырып жібергендей болады».
Бұл тапсырмаларды орындауда балалар өзінше бір «жаңалық»ашуға ұмтылады,ізденеді,ойланады,жауабын табу үшін еңбектенеді. Ең бастысы, оқушылардың білімге деген ынтасы артады,еңбек етуге деген ықыласы күшейеді.Олар өткізілгелі отырған сабаққа деген материалдарды іздеу үшін әр түрлі әдебиеттерді,басылымдарды қалай ақтарып кеткендерін өздері де байқамай қалады.Сабаққа күнделікті тыңғылықты даярланып,білімге деген ынта-ықыластары,белсенділіктері мен құлшыныстары арта бастайды. Яғни,оқушы тұлғасының танымдық қабілеттері дамиды, оқуға деген жағымды қызығушылығы қалыптасады,белсенді сөздік қоры,ауызша және жазбаша тілі дамиды.Тұлғаның қиындықтарды жеңе білу,өз қажеттіліктерін қанағаттандыру , интеллектуалдық қуатын жүзеге асыруға ықпал етеді.
Проблемалық оқытудың тиімділігі сол-оқушының өз дербес іс-әрекеті арқылы проблеманы шешуі,сол жолдағы ізденісі,шығармашылық өнімге қол жеткізуі.
Проблемалық оқыту арқылы өнімді,тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін мұғалім тарапынан проблеманы дәл,нақты қоя білудің де маңызы зор. Оқушылар проблема шешуде қиындыққа кезіксе,мұғалім оларды жетелеп,әдіс-тәсілдерін ұсынады. Технология оқушы-субъектінің дербес еңбегін талап еткенмен мұғалімнің басшылығын,ақыл-кеңесін,яғни «режиссердің таяғын»мүлде жоққа шығармайды.
Проблемалық оқытудың тиімділігі де осында.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Г.Ю.Ксензова .Перспективные школьные технологии.М. «Наука»,2001.
2.Б.Иманбекова .Оқытудың негізгі формасы-сабақ.А.2003.
3.Т.Ақшолақов.Көркем шығарманы талдау.А. «Мектеп»,1983.
4.Қ.Бітібаева.Әдебиетпәнін оқытудың тиімді жолдары.А. «Рауан»,1990.
5.Ж.Жеткізген.Қазақ тілін оқытудың тиімді әдістері.А. «Алматыкітап»,2007.