Ақпараттық технологияларды ағылшын тілі сабағында қолдану тиімділігі
Бегімбетова Нұргүл -№247 орта мектептің ағылшын тілі мұғалімі Қызылорда обылысы,Жаңақорған ауданы,Бесарық бекеті
Қазақстан Республикасының «білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттың және жалпы адамзаттың құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.
Шет тілді оқытудағы негізгі мақсат – шет тілді коммуникативті қалыптастыру және дамыту, оны еркін игеру. Шет тілі – қазіргі заманның талабына сай, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет дамуының қайнар көзі. Қазір шет тілін оқыту әдістемесінің деңгейі жоғары. Тілді оқытуда интерактивтік тәсіл, ойындар, екеуаралық пікірталастар, сонымен бірге ақпараттық технология, интернет, компьютер қолданылуда.
Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).
Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.
Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.
ХХІ ғасыр оқыту үдерісіне компьютерлік технологияны пайдаланумен қатар елде болып жатқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да заңды үрдістегі өзгерістер білім жүйесіне сол өзгерістер негізінде дамытуды талап етіп отыр. Атап айтқанда, виртуалды кеңістік, аутентті вируалды интерактивті тілдік орта болып табылатын Интернетке ену аталған компетенцияны дамытудың тиімді құралы ретінде арастырылады.
Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолдаумен көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Шын мәнінде бәрі керісінше, оқытудың ақпараттық технологияларының бағдарламалық құралдары және білім технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына – ақпараттық білім жүйесінен бөлінген жүйешелер түрінде қосылады.
Шетел тіліне оқытуда Интернет беретін мүмкіндіктер мен қызметтерге тоқталып өтейін. Мысалы: оқушылар Интернет талаптарында берілетін құжаттардағы тапсырмалар мен жаттығуларды орындай алады, үйреніп жүрген тілінде электронды пошта арқылы хат алысып, виртуалды қатынас клубтары – конференцияларға қатыса алады. Сонымен бірге белгілі бір уақытта мәтіндік хабарламалар мен алмасуға. радиобағдарламаларды тыңдауға, бейнероликтер көруге, яғни ақпараттың кез келген түрін қолдануына толықтай мүмкіндіктері бар. Ақпаратты қандай да арақашықтыққа тез арада жеткізу, алыстағы ақпарат көздерін пайдалану мүмкіндігі интерактивтік іздеу жүйелері мен өз бетімен іздеу, сондай – ақ алынған материалдарды түрлі тіл тасушыларға ауыстырып салу мен т.б. сол сияқты Интернеттің артықшылық көздері пайдаланылады.
Интернет шетел тілін үйренушіге аутентті мәтіндерді қолдану, тіл тасушыны тыңдау, олармен қарым – қатынас жасау табиғи тілдік ортаны қалыптастырады.
Е.С.Полат «Қандай да болмасын оқыту құралы, ақпараттық – тақырыптық ортаның қандай да қасиеттерге ие болғанына қарамастан дидактикалық мәселелер, білім берудің нақты мақсаттарымен шартталған танымдық қызметтің ерекшеліктері бірінші кезекте болып табылады» – деп көрсетті. Демек, Интернет өзінің барлық мүмкіндіктері және қорларымен қоса, осы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырудың құралы болып табылады.
Шет тілін оқытуда заманына сай көрнекі құралдар, аудио материалдар қолдану, мультимедиялық құралдарды пайдалануға үлкен мән беру керек. Сабақ барысында светотехникалық және дыбысты техникалық құралдарды (бейне магнитофон, теледидар, проектор, мультимедиялық проектор, компьютер) пайдалану студенттердің өз тілінде сөйлейтін адамдардың тілін тыңдап, оны көзбен көре отыра ақпарат алуына көмегі тиеді. Бұл жағдай студенттердің сөйлеу деңгейін жақсартуына көмектеседі. Тыңдау арқылы олар өздерінің сөйлеудегі қателерін жөндей алады. Бұл «аудирование» терминінің өзі де шет тілін тыңдап, оны түсіну деген мағына. Аудио немесе бейне таспаларды тыңдағанда коммуникативті жаттығулар жасалу керек. Алынып отырған тапсырмалардың жеңіл-қиындығын ескере отыра, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, диалог және монолог құрастыру сияқты жаттығулар жасалуы қажет. Бейне фильмді көріп отырып, жаңа сөз немесе сөз тіркестері кездескенде тоқтап, сол сөздерді қайталап және әрбір көріністен кейін сұрақтар қойып отырған жөн.
Сабақтың қорытындысы ретінде тест сұрақтарын беріп, нәтижесін тексеріп, бағалау қажет.
Сонымен бірге, ғаламдық желінің ақпараттық ресурстарын қолдануда оларды оқу үдерісіне енгізіп, дидактикалық түсініктеме беру арқылы дидактикалық мәселелерді шешуге болады.
а/ күрделі материалды тікелей пайдаланып оқу дағдылары мен біліктерін қалыптастыруға;
ә/ желіден алынған материалдарды мәселелік талқылаудың негізінде монологтық және диалогтық айтылым білігін жетілдіруге;
б/ жеке түрде немесе жазбаша серіктеріне жауап жазу, реферат, шығарма және серіктердің бірлескен қызметінің нәтижесінде ойлау дағдысы мен жазу дағдысын жетілдіруге;
в/ актив пен пассив сөз қорын қоғамның саяси-әлеуметтік құрылысын, мәдениет дамуын білдіретін қазіргі шетел тілі лексикасымен толықтыруға;
г/ түрлі халықаралық қатынас жасау жағдайында тілдік үйретудің ерекшеліктерін, оқытылатын тіл елінің мәдениеті мен дәстүрлерінің ерекшеліктері қамтылған мәдени-танымдық біліммен танысуға;
Бұдан біз Интернеттің оқу бағдарламасына қатысты тәжірибелік сабақтың мазмұнына желі материалдарын қосу арқылы ендірілуде қолданылатын келесі мүмкіндіктерді атауға болады.
- оқытушыныңтәжірибелік сабақ өткізу үшін қандай да бір аутентті материалды таңдай алу мүмкіндігі;
- дыбыстық ақпаратты жазып алу мүмкіндігі;
- желіден алынған түрлі мәселелі ақпаратты ауызша талқылау арқылы пікірталас өткізу мүмкіндігі;
- тіл тасушыларының оқытылатын тіл халқының мәдениетінде оның қызмет ету ерекшеліктерін көрсететін идиомалар, мәтелдер, неологизмдер және т.б. тұратын нақты хабарламаларына лингвистикалық талдау жүргізу мүмкіндігі;
- тәжірибелік сабаққа қосу үшін электронды грамматикалық, лексикалық анықтамалардан, сөздіктерден, елтанымдық анықтамалардан алынған материалдарды пайдалану мүмкіндігі;
ХХІ ғасыр – озық технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа компьютерлік технологияларды тиімді пайдаланудың шетел тілін үйретуде маңызы зор.
Ақпараттық ортаны құруға негізделген білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру мен педагогикалық практикаға жаңа ақпараттық құралдарды енгізу білім жүйесін дамытудағы стратегиялық тапсырма болып саналады.
Қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламалар мен Интернет желісінің оқыту тиімділігі өте жоғары. Дегенмен басты мәселе компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етілген білім ордасында оқытушының оларды пайдалану әдістемесін меңгеруі мен өз тәжірибесінде жүзеге асыра алуы.
Ақпараттық технологияны меңгерген педагогта интеллектуалдық, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбеті қалыптасады. Ақпараттық технология құралдарын қолдау адамзаттың әртүрлі сферасында, соның ішінде білім беру саласында көптеген өзекті маңыздылыққа қол жеткізіп отырғаны белгілі.
Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, оқытушының көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады. Ағылшын тілі сабақтарының лексика бөлімін меңгертуде ақпараттық технологиялардың алатын орны зор. Интернет арқылы оқушы грамматикалық, лексикалық, фонетикалық жаттығулар, оқуға және грамматикаға арналған тесттер, IQ-тесттерімен жұмыс істей алады. Бұндай жұмыстарды WWW (World Wide Web)сайтынан аламыз.
Интернеттің бізді мәтіндік, графикалық және дыбыстық ақпаратпен қамтамасыз ете алуы, оның басты және маңызды ерекшелігі аутенттілігінде. Жаңа ақпараттық технологияда компьютер негізгі рөл атқарады. Бүгінде Интернет жүйесі арқылы білім алудың жаңа түрі – қашықтан оқыту пайда болды. Мұнда мультимедиа материалдары, электрондық оқулықтар, интерактивтік бейнеконференциялар арқылы білім алуға мүмкіндік бар. Интернет шет тілін үйренушіге көптеген мүмкіндіктер береді. Олар: ана тілі болып саналатын шет ел адамдарының тілдерін тыңдауға, олармен қарым-қатынасқа түсуге, керекті мәтіндермен жұмыс істеуге қол жеткізеді. Интернет арқылы оқушылар тілдік қарым-қатынасқа түсе алады. Сол сияқты, тілдік қорын дамыта алады. Осыдан жазу іскерлігімен дағдысын жоғары деңгейде қалыптастыра алады. Ақпараттық жүйе ретінде, Интернет өз қолданушыларын жан-жақты ақпараттармен қамтамасыз етеді. Оған: электронды пошта (e-mail), телеконференция (usenet), бейне-конференция, анықтама каталогтары, жүйеде сөйлесу (Chat).
Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қай қайсы болмасын өз мазмұнынан грамматикалық жұмыс жүргізуді тыс қалдырмайды, белгілі бір грамматикалық құрылымның жұмыстарын қамтиды.
Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологияның мүмкіндіктері:
Әр бір адамға білім алудың өзіне тиімді жолын ü таңдауға мүмкіндік беретін білім берудің ашық жүйесін орнықтыруға;
Білім алудың техникасын түбірімен өзгертуге;
Оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру;
Электрондық білім беру пайдалану арқылы даралып ü оқытуға
Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
1. Мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдау ( музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация бейне- клиптер,слайд –шоу).
2. Жүйенің басқару құрылымы – оқытушы өз ойын,көзқарасын,өз кезегіндегі материалдық ұсынылымын,әртүрлі аудиторияға бір ғана оқу мәлеметтерін ұсынуға мүмкіндік алды .
3. Білімді бақылау арқылы нәтиже алу, бағалау.
Ақпараттық технологияны шетел тілі сабақтарында пайдалану нәтижесінде төмендегідей жетістіктерге қол жеткіземіз.
1. Сөзжұмбақ, кестелерді құру үшін дербес компютерді қолдану арқылы грамматикалық және лексикалық оқу материалдарын өңдеу.
2. Ағылшын тіліндегі сөздерді сауатты жазу мен көркемдеп безендіруді үйретеді.
3. Дербес компютерді пайдалану арқылы оқушылардың өзіндік және жұмыс жасауды игеру мен білім алуды кеңейту.
4. Интернет желісін пайдалану арқылы оқушылар электрондық пошта арқылы оқушылар хат-хабарлама алмасу, өзінің ойын еркін жеткізу.
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен-күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.
Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезендерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.
Шет тілін оқытуда интернетті сабақта пайдаланудың негізгі артықшылығы сол жан-жақты ақпараттар алу. Интернетті сабақта пайдаланғанда шет тілінде электронды оқу курстарымен оқушы жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Шет тілін оқытуда бұл ел тану, әр түрлі энциклопедиямен танысуға мүмкіндік береді. Chat (ағылшын сөзі – «әңгіме») электронды поштаға шығу арқылы оқушылардың жүйеде басқа шет ел оқушыларымен сөйлесе алады. Олар сөз қорларын кеңейтіп, өз бетінше сабақ материалдарын таңдауға мүмкіндік алады. Пән мұғалімдері арасында да үнемі үзілмес байланыс болуы керек деймін. Мысалы: қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі мұғалімдері бір тақырыпты бір уақытта бастап, пәндер арасында тым құрығанда атауларын бала үш тілде біліп, байланыстыра отырып тіркес, сөйлем, қысқа біліп, байланыстыра отырып тіркес, сөйлем, қысқа әңгіме құра білсе бір оқу жылы ішінде біршама жетістікке жетер еді демекпін. Әрине, барлығын байланыстыру, жүйелеу оңай жұмыс емес, бірақ белгілі бір жетістікке жету үшін, «тілдердің үш тұғырлылығының» болуы үшін, нәтижесін көруге болатын сияқты. Үш тілді болу - қазіргі заман талабы. Өркениет көшінен қалмай, соған сәйкес қадам жасауға, толыққанды білім алуға қол жеткізуге үлесімізді қосуымыз керек. Экономикадағы табыстар мамандардың біліміне, біліктілігіне байланысты екендігін білеміз. Сондықтан біз тек Қазақстанның ішінде ғана емес, әлем деңгейінде бәсекеге қабілетті жаңа мамандарды дайындай білуіміз керек. Қазіргі заман сабағы мұғалімсіз болмайды. Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім - мектептің жүрегі» деген екен. Онда «мектептің жүрегі» болумен қатар, жаңа егемен еліміздің ұрпағын жаңа білім нәрін сусындатып, саналы тәрбие, сапалы білім беретін білімді, білікті ұстаз болайық.
Әдебиеттер
1.Білім заңы. Алматы, 2007 ж.
А. Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000. Мектептегі Шет тілі журналы.
3.http://45minut.kz/wp-login.php
Достарыңызбен бөлісу: |