Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі



бет39/48
Дата28.11.2023
өлшемі0,87 Mb.
#130932
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Оқушылардың өнертанымын жетілдірудің өзекті мәселелері. Білім-Образование. – Алматы, 2007. №4, – Б. 12-14.
2. Қазақ сәндік-қолданбалы өнерін эстетикалық-гуманитарлық пәндерде пайдалану. – Алматы: «Әрекет-Print», 2007. – 56 б. (Ұ.М.Әбдіғапбаровамен авторлық бірлестікте).
3. Болашақ мұғалімдерді өнер зерттеушілікке дайындау әдістемесі. Ізденіс/Поиск. –Алматы, 2008. №2, – Б. 39-42.
4. Сәндік-қолданбалы өнерді пайдалану жолдары. Қазақстан мектебі. – Алматы, 2009. №9, –Б.35-37.
5. Сәндік-қолданбалы өнер және эстетикалық мәдениет. Қазақстан мектебі. – Алматы, 2009. №10, – Б.31-33.
6. Сәндік-қолданбалы өнердің эстетикалық тәрбиедегі орны. Бастауыш мектеп. – Алматы, 2009. №10. Б.3-5. (Ұ.М.Әбдіғапбаровамен авторлық бірлестікте.)
12 жылдық білімге көшу – заман талабы
Елтаева Күлайхан-№240 Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебі директордың кәсіби бағдар беру орынбасары, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылы
Еліміздің егемендік алған алғашқы жылдары бар күш жігерімізді экономикалық, әлеуметтік жағдайларды көтеруге салдық. Ендігі мақсат – сол экономикалық, әлеуметтік даму бағытымыздың әлем алдындағы бәсекелестікке төтеп беруі. Елбасының сөзімен айтсақ, «біздің стратегиялық міндетіміз – бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу». Ал өмір сүріп отырған қоғамның әл-ауқатын жақсарту және әлем елдерімен терезесі тең дәрежеде дамыту ондағы білім саясатының арқасында жүзеге асатыны белгілі.
Сапалы білім – ел эконимкасын, саясатын әлем алдында бәсекеге қабілетті болуға апаратын бірден-бір жол. Сондықтан заман талабына сай жаңа мазмұнда білім беруді ұйымдастыру 12 жылдық білім кеңістігіне шығудағы Қазақстанның жаңа ұлттық білім моделін қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастыруында.
12 жылдық білім берудің негізгі мақсаты – еліміздегі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын толықтай өзгерте отырып, заманына сай мектеп құру. Ал ол мектептің жемісі - өзгермелі қоғамға бейім, өз қабілеттерін толық көрсете алатын, өзі үшін де, өзгелер үшін де құнды жеке тұлға болмақ. Мектепті бітірген әрбір тұлғаның мақсаты айқын, міндеті нақты, өзінің қажеттілігін қанағаттандыруды көздейтін білім іздеуге қабілетті болуы тиіс. Сонда ғана ертеңінен үміт күттіретін өскелең ұрпақ өз елінің тәуелсіздік жемісін көрмек.
12 жылдық оқытуға көшу Қазақстандық білім беру реформасының стратегиялық міндеттерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді. Ал оның мәнісі шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық моделді дамытуға, «жалпыға арналған білім» үлгісінен «таңдауы бойынша білім алу» үлгісіне сапалы көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне енуді жылдамдататын тетіктердің бірі осы жаңа бағдарлама бойынша мектеп жағдайындағы оқыту болып табылады. Қазақстандағы білім беру жүйесіне түбегейлі реформалар жасауға себеп болғанда осы жаңа білім беру бағдарламасына көшу идеясы еді. Бұған бір дәлел Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі Тұжырымдамасының өмірге келуі. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Бүгінде 12 жылдық мектеп моделі анықталды, алайда оған көшу білім сапасының артуын өздігінен қамтамасыз етпейді, білім берудің мазмұнын қайта қарау талап етіледі және мұны бүгіннің өзінде жасау керек» деп атап көрсетті. Мұның өзі білім беру жүйесінің алдында үлкен міндеттер тұрғандығын білдіреді.
12 жылдық мектепке көшу жағдайында оның құрылымы оқытудың мақсаты мен міндеттерінің арасындағы байланысты, әрбір жас сатыларында оқушыларды тәрбиелеу мен дамытуды олардың психологиялық, физиологиялық және жас ерекшеліктеріне қарай қамтамасыз етуге тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет