Ұйымдастырушылық. Мұғалімнің оқушыларды топтастыра алуы, оларды іске араластыру міндеттерін бөліп беру, жұмысты жоспарлау, атқарылған істің қорытындысын шығару және біліктіліктерінен байқалады.
Дидактикалық. Оқу материалдарын көрнекілік, құрал – жабдықтарды іріктеу және дайындау.
Рецептивтік. Тәрбиеленушінің рухани әлеміне ене алу, оларды эмоциональдық көңіл – күйін объективті бағалау, психика ерекшеліктерін анықтау біліктерінде көрінеді.
Коммуникативтік. Оқушылармен, олардың ата – аналарымен, әріптестерімен, оқу орнының жетекшілерімен педагогикалық мақсатқа сай қарым – қатынастар.
Зерттеушілік. Педагогикалық ситуациялар мен процестерді танып білу және объективті бағалау білігінен көрініс береді.
Ғылыми танымдық. Мұғалімнің педагогика – психология әдістеме салаларындағы жаңа ғылыми білімдерді меңгеруге қабілеттілігіне саяды.
Гуманизм – мұғалім үшін міндетті сапа,яғни жетіліп келе жатқан адамға жер бетіндегі жоғарғы құндылық ретінде қарым – қатынасты, нақты істер мен қылықтарында көрсетеді.
Мұғалім жұмысының нәтижелі болуы, оның сабақтан шығармашылық әсер алуына байланысты. Жақсы жоспарланған, тыңғылықты дайындалған, жан-жақты ойластырылған сабақ мұғалімнің сол сабақты өткізу алдындағы көңіл-күй жасаңдығына байланысты өтеді.
Мұғалім үшін сабақтың мақсат мен тікелей байланыс, оны жақсы көңіл-күймен қабылдап, өзін сабаққа дайындау, сабақ алдында өзі жеке отырып, болатын сабақты көз алдын елестетсе өзіне белгілі бағыт алып, сабақты қиналмай өтер еді. Жаңа қоғам мұғалімі үшін өзінің шығармашылық жұмысына ұқыптылықпен қарау - нәтижелі сабақтың жағдайын жасау болып табылады.
«Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың еш нәрсені ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., мейлінше шешен, өнер - білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарын да, жат адамдарын да әділ ..., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізгілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болу керек» - деп Әл-Фараби айтпақшы, келешекте біздің егеменді еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүру үшін, қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай, мектеп қабырғасынан-ақ жан-жақты білімді-тәрбиелі етіп шығару жолындағы басты тұлға – ұстаз.
Көреген
Инабатты
Аңғарғыш
Байсалды
Алғыр
Шешен
Сыпайы
Өнер – білімге құштар
Төзімді
Қанағатшыл
Кешірімді
Асқақ