Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі


жылдық жалпы орта білім беру үш сатыдан тұрады



бет40/48
Дата28.11.2023
өлшемі0,87 Mb.
#130932
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48
Байланысты:
2.Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі (Баяндама)

12 жылдық жалпы орта білім беру үш сатыдан тұрады
1-саты – жалпы бастауыш білім беру (1-4 сыныптар – бастауыш мектеп)
2-саты – негізгі орта білім беру (5-10 сыныптар – негізгі мектеп)
3-саты – жалпы орта білім беру (11-12 сыныптар – жоғарғы мектеп)
Біздің болашақ түлектеріміз еңбек ететін жеке тұлғаны дамытуға бағытталған 12 жылдық мектеп оқушыға ғылым негіздерін үйретіп қана қоймай, әр оқушының бейімділігін анықтап, тұлғалық ерекшеліктерін зерттеуді басты мақсат етіп қояды. Мұғалімнің педагогикалық кәсіби даярлығы жеткілікті болып, алған біліміне сай жаңа технологияларды сабақта шебер қолдана алатын болса, алдына қойылған мақсаты айқын, дүниетанымы кең, соған орай алдында отырған шәкіртіне ақпараттар әлемінен қажетті білімді таңдай алуға үйрете білсе ғана тиімді нәтижеге қол жеткізе алады. Ағылып түсіп жатқан ақпараттар ағынынан қазіргі мектеп партасында отырған оқушылар өз бетімен өздеріне қажетті мәліметтердің жиынтығын алып, күнделікте өмірде алып, күнделікті өмірде пайдалана алады деу – жаңсақ пікір. Күнделікті оқу үрдісінде келешек ұрпаққа қажетті білімді ой елегінен өткізіп, сараптап, саралап тек мұғалім бере алады.
12 жылдық білім беруге көшу еліміздің білім саясатындағы келелі мәселелерді шешудегі нақты қадам болып табылады. Ортақ мақсат пен ұлттық мұратқа жеткізетін игіліктерге еліміздің әр азаматы құзырлылығына сай өз үлесін қосатын болса, онда ұлттық рухымыздың биіктеуіне, рухани санамыздың жаңаруына, нәтижесінде тың идеялардың тууына ықпал ететін парасатты орта қалыптастыратын боламыз.
Ол өркениетті елдердің озық тәжірибесін үлгі ете отырып, ұлттық құндылықтарға негізделген жаңа мектептен бастау алатыны сөзсіз.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.«Мектеп» 2010,№4
2.«12 жылдық білім беру» 2008, №6
3.«12 жылдық білім» - №3, 2010 жыл
4.«Бағдарлы мектеп» - №6, 2011 жыл
6.«Мектеп» журналы - №1, 2009 жыл
Бастауыш сынып мұғалімі бейнесі
Елтаева Роза-№167мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңарық ауылы
Бастауыш мектеп мұғалімі ерекше тұлға. Өйткені ол – балалар мен үлкендер әлемінің арасындағы сарапшы. Сондай – ақ ол баланың психологиялық құпияларын жетік біле отырып, білім береді, оны адам болуға үйретеді. Бастауыш мектеп мұғалімінің еңбегін өзінің мәнділігі бойынша ешқандай өзге еңбекпен салыстыруға болмайды, өйткені ол еңбектің нәтижесі – адам. Ең білгір, ең жауапты, ең негізгі болып табылатын сол мұғалімге отбасы мен қоғам ең қымбатты, өз елінің азаматтарының тағдырын, қоғам мен мемлекеттің тағдыры үшін жауап беретіндермен сипатталады. Бүгінгі мұғалім еңбегінің жемісі қоғамымыз да сондай болмақ.
Қазір «ХХІ ғасырдың мектебі мен мұғалімі қандай болуы керек?» деген негізгі сұраққа жауап ізделуде. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, өз ісіне қатып қалған қасаңдылық пен жаттандылықтан аулақ, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог –педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Бұрын өз пәнімді жақсы білсем, аздаған педагогикалық әдіс – тәсілдерді меңгерсем, баланы өз еркіме бағындырсам, өте күшті педагог болдым деген тоқмейілсу орын алса, енді бұл көз қарасты мүлде өзгертуге тура келеді. Өйткені қазір заман өзгерді, қоғам өзгерді. Бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылықтары да, табынатын идеялары да бұрынғыдан мүлдем басқаша. Өйткені олар ешнәрседен қорықпайтын, өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, романтик, көп нәрсеге сене бермейтін адамдар.
Өзекті мәселенің бірі: оқыту жұмысындағы ұлттық педагогиканың орны. Бұл өте күрделі мәселе. Сондықтан мұғалім өзінің әрбір ісінде әйтеуір ұлттық педагогиканы пайдалану осы екен деп орынды-орынсыз пйдаланбай, оқыту мен тәрбиеде оның орнын білу керек. Яғни, ұлттық тәрбиені білім негіздерімен ұштастыра, сабақтастыра отырып, баланың жеке қабілеті мен дарынын ояту, жетілдіру, шығармашылыққа, ісмерлікке баулу, халқымыздың ізгі қасиеттерін бойына сіңіру, имандылық, мінез – құлқын қалыптастыруда жүзеге асыру көзделу тиіс. Ең басты мақсат – оқушыларды сабаққа ынталандыру. Оқушылар сабаққа қызықты дегенше, іс оңайға басты дей беріңіз. Шәкірттерді пәнге, қала берді өтілетін тақырыпқа қалай қызықтыруға болады? Әрине, сабақты қызықты етіп өткізу айтуға ғана жеңіл. Оқушыларды еліктірерлік, еріксіз баурап аларлық сабақ өткізу қай уақытта да оңай шаруа емес. Бұл мұғалімнің белсенділігін, еңбекқорлығын, қабілеттілігінің қажет десеңіз дарындылығын қажет етеді. Әр мұғалім әр сабақты құштарлықпен, шабытпен өткізгенде ғана нәтиже беретін сөзсіз. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызығы қабылдауға дайын оқушының болуы. Біздің алдағы мақсатты ісіміздің бірі және негізгісі осы.
Бүгінгі күн талабының мектеп реформасында 12 жылдық білім беруге көшу мәселесінің ерекшелігі сол – 12 жылдық білім беру орталығы ғалымдарының зерттеулері бойынша жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер «Баланы оқытуға қалай үйрету керек?», «Ойлауға қалай үйрету керек?», «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?» деген сұраққа жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуде мектеп алдына негізгі екі бағытты басшылыққа алады. Олар: 1 – бағыт: оқушының қабілет еске ала отырып жеке даралық бағытта оқыту, 2 – бағыт: оқушының потенциялдық мүмкіндіктерін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту.
Жаңа үлгідегі мектеп мұғалімі қандай болу керек деген сұраққа оның кәсіби шеберлігі жөнінде жалпы орта мектептің мұғалімдеріне қойылатын талаптарды басшылыққа ала отырып, негізігі талаптарды толықтырып жаңа реформалық үлгідегі талаптарды ұсынамыз. Бұл үшін мұғалімге педагогикалық мәселелер бойынша пәннің теориясы мен әдістемесі, педагогика саласы бойынша оның әдіснамалық негізін, ғылымның, танымның теориясы, әдістерін меңгеру оның кәсіптік сапаларының қалыптасуымен зерттеушілік қызметінің қалыптасуына өз септігін тигізеді. Сонымен, білім реформасы инновациялық – дидактикалық іс-әрекетті, инновациялық әдістерді және технологияларды, педагогикалық іс-әрекет субъектісінің дамуымен өздігінен дамуына бағыт беретін талаптарды түзеді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қазіргі мектептерге зерттеушілік – шығармашылық талаптарын толық меңгерген, қызығушылықпен баланың жеке тұлға болып дамуына өз үлесін қоса алатын, баланы өздігінен өмірге жетелейтін ақыл-кеңес беретін мұғалім қажет.
Оқу процесінде көптеген күтпеген жағдайлар болады.
Атап айтсақ: оқушылардың сабаққа үлгермеушілігі, ата-аналармен қатынас деңгейінің жеткілікті болмауы құрдастарымен келіспеушілік жақтары және т.б. Бұл мәселелердің шешімін мұғалім әрбір баланы жеке зерттей отырып, мәселенің себебін зеректікпен анықтай алады. Егер ол мәселелер шешілмеген жағдайда бұл психологиялық соққыға тек қана мұғалім немесе мектеп, ата-ана ғана емес, қоршаған орта, құрдастары да әсер етуі мүмкін. Сондықтан асығыс шешім қабылдаудан бұрын мәселенің мән жайын – толық зерттеп біліп алу тағы да мұғалім үшін жауапты нәрсе.
Сондықтан ұлы Абай атамыздың:
«Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға» - деп айтқанындай, мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінуіміз керек және өмір бойы ізденушілікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жете аламыз.
Мұғалім әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көз қарасы, психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Сондықтан әрбір ұстаз үшін оқу – тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. Осы ретте кейбір мәселелерді жаңаша көз қараспен қарастыруды жөн деп есептей отырып, мынадай эталонды атап өткенді жөн көрдік:

  • Сабаққа педагогикалық – психологиялық талдау жасау;

  • Дамыта оқыту жүйесінің мәні мен міндеттері;

  • Сабақты ұйымдастырудың педагогикалық – психологиялық негіздері;

  • Мұғалім жұмысының шығармашылық сипаты.

Көбіне педагогикалық қабілеттер сөз сөйлеу мәдениетін, ән айту, сурет салу, балаларды ұйымдастыру және нақты әрекеттерді орындай білумен сипатталады.
Мәселен, В.А. Сластенин қабілеттерінің мынадай негізгі топтарын бөліп көрсеткен:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет