Байланысты: 2.Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі (Баяндама)
. Шығармашылық-нәтижелі оқыту негізі Әбужусипов Әділ-№164 орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Қызылорда облысы .Жаңақорған ауданы. Құттықожа ауылы
Оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік-дағдыларды меңгертумен бірге та-биғат, қоршаған дүние туралы түсінік-терін кеңейте отырып, оларды шығар-машылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің талабы.
Жалпы білім беру үрдісінде:
- жаңа педагогикалық технологияларды ендіре отырып оқыту үрдісін де-мократияландыру және ізгілендіру, субъект қатынасын қалыптастыру, са-бақтағы оқушының шығармашылық рөлін арттырып, еркіндігін қамтамасыз ету, сол арқылы оқушылардың даралық интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, бейімділіктерін ашу және дамыту.
Шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде:
- мәселені қарастырудағы қырағылық көрегендікті;
- ақылдың икемдігі, ойдың орамдылығын;
- әрекетті бағалай білуді қарастырады.
Адам әрекеті:
- шығармашылықтардағы қарама-қайшылықтардың болуы;
- әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы;
- шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайлардың болуы;
- шығармашылық тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы;
- нәтиженің жаңалығы;
Бұдан шығармашылық қайшылықтарды шешуге бағытталған, ол үшін жекелік қасиеттердің болуын талап ететін, нәтижеде әлеуметтік не жеке адам үшін мәні бар, соны жаңалыққа әкелетін адам әрекеті деген тұжырым жасалады.
Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылу деп айтуға толық негіз бар. Шығармашылыққа, жаңа, тың нәрсе жасау тән десек, ертеден белгілі нәрсені қайталауды немесе көшіруді шығарма-шылық деп айтуға болмайды, бірақ бүрыннан белгілі, таныс нәрселердің өзінен қандай да бір ерекшелік табу, оны жаңаша түрде жасау, ерекше қасиеттерін табу шығармашылыққа тән құбылыс деуге болады. Шығармашылық әрекетке оқушының проблеманы көре білуі, өз іс-әрекетінің бағдарламасын жасай білуі және ойды іске асыру үшін жаңа идеялар алуы жатады.Оқыту сабақтарының шығармашылық сипаты оқушының танымдық белсенділігін оятып, шығармашылық қабілеттерінің дамуына, тәртіптілік пен жолдастыққа," адамгершілік қасиет-теріне әсер етеді. Ұжымдық сабақтар-да өзінің сыныптасының кемшілігін көруге, оған достық қолын созуға, өзгелердің ісінен сабақ алуға, саналылыққа, таным-дық, әлеуметтік ұстанымының қалыпта-суына өз ортасының пікірінің әсері зор. Мундай сабақтарда оқушылардың ұжымдық ой-пікірлері қалыптасып, сы-ныптағылардың пікірі бойынша ортақ тұжырым жасауға үйренеді: ортақ іске өз үлесін қосады, жолдасының жауабы-на пікір айтып, бағалауға үйренеді; оқушының өзіндік жұмысы талқылана-ды: шығарма, реферат, баяндама, ба-қылау жұмысы т.б.; сайыстар үйымдас-тырылып, оқушылардың жарысу сер-пінін туғызады; ортақ мақсаттарының болуы есебінен ұжымдық шешім шыға-ды, болжамдар жасайды, эксперименттер жүргізіледі.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту проблемасын ұқыпты қадағалау, оқу процесінің тиімді болуында қандай көрініс табады? Жалпы үлгерім, яғни олардың шығармашылық қабілетін дамытуға және логикасын да-мытуға бағытталған тапсырмалар тек білім мен ұқыптылығына ғана әсер етіп қана қоймай, оқушылардың ойлау қабілетін дамытады. Баланың ойлау қабілетін дамыту мәселесі мектеп тәжі-рибесінде үлкен орын алады. Оқушы қабілетіне қарай ең басты мәселені ай-ыра білсе, демек, ол күрделі шығармашылық мәндегі тапсырмаларды орындай алады.
Оқушының шығармашылық қабілеті практикалық әрекеттері, ізденімпаздығы арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар - жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас қалыптасады.
Мұғалім бұл жағдайда білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін уйымдастыратын ұжымдық шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шы-ғармашылығын дамытады.
Сонымен қатар , шығармашылыққа үйрету интеллектуалдық аспектісі ғана емес, оның психологиялық, мінез-құлық ерекшеліктерін көздейді. Оған жігер-лілік, жаңа жағдайларға бейімделуге икемділік, қажырлылық пен табанды-лық, тәуелсіздік пен адамгершілік сезімі, ынтымақтастық, қажырлы еңбекке қабілеті, белгісіз жағдайдағы өзіне сенімділік, ақиқатты іздеудегі және қарым-қатынастағы адалдық жатады. Әр аудиторияда әр оқушыға байланысты мұғалім өзінің мақсатқа жету жолдарын іздейді. Оның басты шарты аталған қасиеттерді көрсетуге
тырысады.Оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыруда сы-ныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар үйымдастыруда шығармашылық, пәндік апталықтар мен ғылыми-шығармашы-лық апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңы-зы зор. Барлық жүмыстарда оқушылар-дың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы мен белсенділігін, шы-ғармашылық бағыттылығына негіздел-ген жұмыс түрлерін пайдалану - олар-дың танымдық қажеттіліктерін қанағат-тандыра алады. Сондай-ақ, мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркем өнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін үштап, дербес оң нә-тижеге жетуге ықпал етеді.
Оқу процесінде шығармашылық түсінігін жеке бастың қасиеті емес, оқушының оқу процесіндегі іс-әрекет құралы және табыстың белгісі деп білу керек. Оқу процесіндегі негізгі мәселе
- оқушылардың белсенді іс-әрекеті және ол шығармашылықтың дамуына негіз болады. Оқушылардың іс-әрекеті не-ғұрлым үйлесімді, кемелденген, тиімді оқыту әдістермен ұйымдастырылса, онда олардың белсенділігі де соғұрлым жоғары болып, шығармашылықтың дамуы қарқынды түрде көрінеді.