Ата-аналар клубы Мектептегі, отбасындағы, сыныптағы кездесетін қайшылықты жағдаяттарды шешуге арналады. Рингке не ата-ана мен баланы, не педагогтарды, не оқушы мен мұғалімді шығаруға болады.
Психологиялық тренинг Ата-аналармен жұмыс жүргізудің белсенді түрі. Тренингке кемі 2 отбасы қатыса алады. Нәтижесінде әрбір отбасы өзіне пікірі мазмұндас 12-15 адамнан тұратын топ құра алады.
Тақырыптық кеңес Ата-аналарды психологиялық, педагогикалық білім және тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, кеңес беру, ой қозғау, ой қорыту
Мектептің бала тәрбиелеудегі саясатын отбасының дұрыс түсінуі, ата-аналармен педагогикалық ынтымақтастықта түрлі формадағы жұмыстар жүргізе отырып, баланың тұлға ретінде дамуына жағдай жасау
Қазақстандық ұлтжанды, төзімді, рухани құнды, рух-жігері шыңдалған белсенді тұлға қалыптасады.
(Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында 2006-2011 жылдарға арналған кешенді тәрбие бағдарламасынан)