Мұғалімнің сөйлеу мәнерлілігі және дикциясы Дайындаған:Құлгелдиева. А. А



бет6/8
Дата02.12.2023
өлшемі60,32 Kb.
#132086
1   2   3   4   5   6   7   8
4. Сөздің мәнерлігі
Мәнерлілік сөздің эмоционалдық және экспрессивтік қасиеттеріне, екінші сөзбен айтқанда, сөздің стилистикалық бояуына тікелей байланысты.
Сөздің мәнерлігі дегеніміз – сөйлеушінің немесе жазушының тыңдарманын немесе оқырманын қызықтыра білуі, сөзін ұғындыра алу қабілеті. Ойлаудың, сөйлеушінің сана қызметінің дербестігі; не туралы айтылып тұрғанына және ол сөздің кімге бағытталып, арналып тұрғанына назар аудару; сөздің мәнерлілік құралдарын жақсы білу; тілдегі функциональдық стильдерді бір-бірінен айқын ажырата білу; тілдік дағдыларды қолдануда тәжірибе жасап отыру, жаттығу ісі, мәнерлілікті сақтау үшін психологиялық қажетті жағдайларды жасау; сөйлеушінің не жазушының өзінің мәнерлілікті қамтамасыз ететін құралдарды игере білуі де, осы шарттардың барлығы бір жерден шығып, біріккенде ғана, сөздің мәнерлігінің күш-қуаты, қолданылуының қолайлығына көз жеткізуге болады.
5. Сөздің байлығы
Сөздің байлығы дегеніміз - әркімнің өз ана тілінің бар мүмкіндіктерін еркін пайдалана білуі.
Сөздің байлығы туралы сөз болғанда екі жайды ескеру қажет болады: біріншіден, қай-қайсымыздың да ана тіліміздің байлығын игеріп, пайдалана білуіміздің маңыздылығы; екіншіден, сол байлықты игере отырып, өз тарапыңнан ана тілінің баюына үлес қосудың қажеттілігі туралы мәселе.
Біріншісі қиын да болса, сол тілді білетін, ана тілім деп есептейтін барша азаматтың борышы мен парызы. Ал, екіншісін екінің бірінен талап ету мүмкін емес,өйткені ол–дарындар мен таланттардың ғана қолынан келетін іс.
Тілдің байлығын жақсы игермей тұрып, оның даму барысына назар аудармай, тіл мәдениеті үшін күресу немесе тіл мәдениетін сақтау өте қиын. Кең көлемде алу керек болса, тіл байлығы ұғымы ілгеріде айтылған тіл мәдениеті сапаларының барлығына да тікелей қатысты. Адамның тіл арқылы қарым-қатынас жасау барысында сөз байлығы неғұрлым мол болса, ол соғұрлым ойын еркін, қиналмай және әсерлі жеткізе алады, тыңдарманын да оқырманын да тарта біледі. Жай ғана оқытып, тыңдатып қоймайды, сөзін еріксіз тыңдауға, жазғанын бас алмай оқуға әдеттендіріп, «бұғаулап» тастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет