Мұғалімнің сөйлеу мәнерлілігі және дикциясы Дайындаған:Құлгелдиева. А. А


Мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар



бет3/8
Дата02.12.2023
өлшемі60,32 Kb.
#132086
1   2   3   4   5   6   7   8
Мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар.
Жас шамасына қарай әр сыныптағы балалар өз мұғалімтарымен шаруашылық-тұрмыстық және еңбек іс-әрекетінде қатынас жасайды. Мұғалім балалардың ойындарын ұйымдастырады, программада көрсетілген барлық сабақтарда балалармен сөйлеседі, кітап оқу кезінде балаларды көркем шығармалардың авторларының сөздерімен таныстырады. Демек, балалар тәрбиеленетін мекемелерде тілді дамыту потенциялының мүмкіндігі түгелімен мұғалімнің сөзінің сапасына байланысты. 
Мұғалім үшін үлгі сөйлеу тілін меңгеру – бұл кәсіби даярлығының көрсеткіші. Сондықтан өзінің сөйлеу тілін жетілдіру – болашақ әрбір мұғалімнің адамгершілік және қоғамдық парызы. Ол кейін балаларға берілетін тілдік дағдыларды жетік меңгеруге тиіс. 
Сөйлеу мәдениеті деп оның дұрыстығын, яғни әдеби тіл үшін қалыптасқан дәстүр бойынша орфоэпия, грамматика, лексика, стилистика, дұрыс жазу ережелері нормасына сәйкес келуін айтады. 
Сөйлеу мәдениетінің жоқтығы, мәселен: 
Адамның сөздегі дыбыстарды дұрыс айтпауынан, яғни сөздер қалай жазылса, солай айтуынан; 
Сөз үйлесімін дұрыс құрмауынан; 
Сөздерді дұрыс мағынасында қолданбауынан
Сөзді, грамматикалық формаларды, интонацияны орнымен қолданбауынан көрінеді: ресми тілде қарапайым сөзді, сырласу кезінде әдеби сөзді кірістіреді, балалармен сөйлескенде айқайлап немесе ашуланып, шыңғырып сөйлесуі, кемсітетін немесе деректі ырғақты қолдануы мүмкін, жиналыста шығып сөйлегенде баяу, жылдам, түсініксіз сөйлеуі мүмкін және т.б. 
Сөйлеу мәдениетіне ие болу – бұл тілдің барлық элементінің (сөздің, түбірдің, қосымшаның, жұрнақтың, жалғаудың, сөйлемнің әр түрлі типтерінің, ырғақтың) мағынасын түсіну ғана емес, сонымен бірге әдеби тілде оны қалай қолданатынын есте сақтау деген сөз. 
Әрбір адамның сөйлеу мәдениеті оның тілінің сезінуіне немесе тілдің сезгіштігінің қаншалықты дамығандығына байланысты.
Жоғары тіл мәдениеті деп стильді түсініп, игеруді атайды. Сондықтан болашақ мұғалімтар әдеби тілдің стилі туралы ең болмаса жалпы түсінікті, яғни адамдардың қай жерде, кіммен, не туралы сөйлескеніне байланысты өз сөзін қалай реттеп отыратындығын білгені жөн. 
Адам тұрмыста жақын, таныс адамдарымен араласады, сонда оның тілі ауызекі стиль сипатында болады, қоғамдық өмірде ол басқаша сөйлеседі, мұнда ол кітаби стильді, оның әр түрлі тармақтарын – ғылыми, публицистикалық, поэтикалық, іскер сөз стилін пайдаланады. 
Балалар үшін тіл стилі жөніндегі түсінік ең алдымен айтушының белгілі бір мінез-құлқын талап ететін тілдік этика жөніндегі түсінікпен салыстырылады (жеке адамның сыпайылығы, кісі сыйлағыштығы, қарапайымдылығы, ескергіштігі, мейірімділігі, өзіндік беделі сияқты қасиеттері оның сөйлеу тілінен де байқалады); сонымен қатар баланың стилистикалық түсінігін жетілдіру оның эстетикалық тәрбиесінің негізгі құралы болып табылады. Демек, сөйлеу стиліне үйрету белгілі бір тәрбелік міндеттерді қамтиды. 
Мұғалім стильді интуиция арқылы сезініп қана қоймай, сонымен бірге оның көмегімен белгілі стиль қалыптасатын тіл құралын саналы түрде талдай білген, яғни ол лингвистикалық саласынан да қажетті білімді меңгеуге тиіс. Бұл балаларды стильді түсінуге тәрбиелеуде қажетті дидактикалық материалдарды оның іріктеп алына да септігін тигізеді. Сөйлеудің әр түрлі стилистикалық бөлінуі тілдің синонимиясымен қамтамасыз етіледі, лексикалық (баспана – үй – пәтер – тұратын жер – тұрақ – бұрыш – ұя – бас сұғатын жер - үңгірін), грамматикалық (даланың жүру – егістікпен жүру – егістік арқылы жүру; келуші – келе жатқан; сұлу – асқан сұлу); фонологиялық, яғни әңгімелесіп отырған кісіге қатынасын білдіріп түрлі интонациямен айтуға: сыйластық көңілді білдіруге, немесе, керісінше, кемсітіп, көңілін қалдыруға (мәселен, “Отырыңыз!”) болады. (Интонацияның осы қаситеін білдіретін ежелгі орыс мақалын еске алайықшы: “Сол сөзді басқа ырғақпен айтса ғой!”). 
Мұғалім өзінің сөйлеу мәдениетін жетілдіру жолында жұмыс істей отырып, ең алдымен оның компоненттері – лексикасы, грамматикасы, фонетикасы синонимдік жағынан бай болуына назар аударуы керек. Ол – тілде мұндай лексикалық қосымшалардың не үшін көп болатындығын, олардың қандай мағыналық және эмоциялық белгілермен ерекшеленетіндігін, өз сөзінде қай кезде қолдану орынды екендігін анықтап алуға тиіс. Ол өз бойында сөздікті үнемі пайдалану қажеттілігін дамыту керек. Сөйлеу мәдениетін көтеруге талпынған мұғалім морфологияның аффико-синонимдердің мәнерлі болуын есте ұстағаны жөн, сондай-ақ өзінің сөзінде синоним-флекстердің, синоним жалғаулардың, синоним-союздердің жай және күрделі сөйлемдер құрылысына синонимдерінің барлық байлығын қолдануы керек. 
Болашақ мұғалімнің сөйлеу мәдениетін жетілдірудің маңыздылығы мынада: балалар тікелей араласу барысында сөздің дыбыстың мәдениетін тура жолмен қабылдайды, өйткені балалар сөзді дұрыс айтуға ересек адамдардың, ең алдымен тәрбиешінің, сөзіне еліктеу арқылы үйренеді. 
Әр мұғалім ана тілінің жоғары сөйлеу мәдениетін игеруге тиіс, яғни көркем әдебиетті мәнерлеп оқу және әңгімелеп беру дағдысы болуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет