Мұғалімнің сөйлеу мәнерлілігі және дикциясы Дайындаған:Құлгелдиева. А. А


Жоғары оқу орнындағы болашақ мұғалім-мамандарды сөйлеу мәдениетіне баулу



бет4/8
Дата02.12.2023
өлшемі60,32 Kb.
#132086
1   2   3   4   5   6   7   8
Жоғары оқу орнындағы болашақ мұғалім-мамандарды сөйлеу мәдениетіне баулу
Сөйлеу мәдениетін игеру-болашақ мұғалім мамандардың кәсіби құзіреттілігі. Бұл жерде тілдік қатынас өзара пікір алысу, түсінісу, сөйлесу деген ұғымдардан гөрі тереңірек тілдік қатынас үстіндегі әдеп нормаларының ауызша және жазбаша формаларын меңгеру, дұрыс қатынас жасауға қол жеткізетін тілдік құралдарды тиімді пайдалана білу мағынасын қамтиды. Осындай құзіреттілікті меңгерту - болашақ мұғалім-мамандардың кәсіби шеберлігінің сипаттамасы. Әрине, шеберлік, әсіресе сөз өнерін шешендік деңгейде игеру бірден қалыптаспайтын ұзақ жаттығуды қажет ететін үрдіс.
«Шеберлік дегеніміздің өзі- тар шеңберде алғанда, адам бейнесі, табиғат көрінісі, қимыл, іс-әрекет сияқты әдебиеттік түрлі образдарды жасау үшін сөзді талғаммен, ұқыптылықпен қолдана білу. Мұндай образдарды жасау үстінде сұрыпталатын сөздерге әрқашан да жаңа мағына, қосымша реңдер берілетіні белгілі. Сөздердің ондай қосымша мағынасы мен реңдері образды ойды эстетикалық жағынан байытып отырса ғана құнды болмақ. Образды ой дегеніміз - суреттелетін зат, құбылыстың формасын сөз арқылы шебер бейнелей білу»
Сөйлеу мәдениетінің теориялық негіздері қазақ тіл ғылымында А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов еңбектерінен бастау алып, тілші-ғалымдар І.Кеңесбаев, М.Балақаев, С.Аманжолов, Р.Сыздықова, Н.Уәлиев т.б. зерттеулерінде әр қырынан сипатталған.
Н.Уәлиев сөз мәдениетінің ғылыми пән ретінде қарастыратын негізгі обьектісі –тілдік норма, ол- сөз мәдениетінің құрылымдық-жүйелік аспектісі, екінші аспектісі - коммуникативтік сапасы екендігін айтады.
Сөйлеу мәдениетінің сапасы тұрғысынан берілетін баға сөз актісінің аяқталған нәтижесіне қатысты болуға тиіс. Мұндай талап тілдік фактіні тек сөздің құрылымының құрамында қарау жеткіліксіз екенін көрсетеді. Мұның өзі сөздің коммуникативтік сапасын бағалауда басқа да теориялық ізденістерді қажет ететінін байқатады. Өйткені айтылған (жазылған) сөз- аса күрделі коммуникативтік құрылым. Сөз айтылғанға (жазылғанға) дейін де, яғни вербалданғанға дейін адресант-автордың айтсам, жазсам деген діттемі, нені айтсам (жазсам), қалай айтсам (жазсам), кімге айтсам(жазсам) деген мақсаты, қызығушылығы болады. Алдымен, әсіресе ратиалды коммуникацияда, сөйлеушінің санасында болашақ сөздің нобайы жасалады. Егер сөз бетпе-бет, жүзбе-жүз болса, сөйлеуші алдымен адресатын барлап алады: жас ерекшелігі, әлеуметтік мәртебесі, таныс, бейтаныс екендігі т.б.
Болашақ мұғалім-маманның сөйлеу мәдениетінің коммуникативтік сапасы жоғары, я болмаса төмен сөздің тілдік құрылымының өзіне тән белгілері мен сипаты болады. Бұл белгілер мен сипат «жақсы», я болмаса «жаман» деп бағалайтын сөздің бәріне ортақ, бәріне қатысты болып келеді. Сондықтан «жақсы сөйледі», «сөзі жатық екен», «тілге(сөзге) бай екен» деп мұғалімнің сөйлеу мәнеріне баға беріліп жатады. Әрине, баға беру субьективті болғанмен, сөз құрылымындағы «жақсы» я болмаса «жаманның» тілдік көрсеткіштері обьективті болуы ықтимал.
Біз мұғалімнің сөйлеу мәдениеті дегенімізде осы тілдік норманың коммуникативтік аспектісі туралы қарастырамыз. Сөз мәдениеті ғылымында анықталған сөйлеу сапаларына тоқталып кетсек, олар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет