Мг -111. 1қ топ жетекшісі: Себепова А.Ғ. «Конституция-біздің болашағымыз!»



Дата06.01.2022
өлшемі447,62 Kb.
#14194
Байланысты:
тәрбие сағаты

МГ -111.1қ топ жетекшісі:Себепова А.Ғ.

«Конституция-біздің болашағымыз!»

Тәрбие сағат мақсаты: Еліміздің Ата заңы жөнінде түсінікті тереңдету. Тәрбие сағат міндеттері: Білімділік: Студенттерге Конститутция ұғымы,тараулары, қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра білім беру. Дамытушылық: Түрлі суреттер мен мәліметтер арқылы студенттің «Ата заң» туралы түсінігін қалыптастырып, олардың көзқарасын танытуға мүмкіндік жасау. Тәрбиелік: Өзіндік көзқарасы бар ұлтжанды азамат тәрбиелеу, студенттерге патриоттық тәрбие беру.


Ата Заң

Ата Заңым,

Алтын Заңым – ардағым,

Аялаған адамзаттың

арманын.

Жол бастайды

болашаққа жасампаз,

Әрбір бабын,

Тарауларын, тармағын!

30 тамыз мемлекеттік мереке болып саналады

Тұнғыш рет 1924 жылы және одан кейін 1937,1978,1993,1995 жылдары жазбаша түрде қабылданды

1995 жылдың 5 қыркүйегінде күшіне енді

1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдумда қабылданды

Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.


Конституцияның бірнеше баптарын таныстыру


1- бап

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы- адам және адамның өмірі, мен бостандықтары.



7- бап

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл -Қазақ тілі.



30- бап

1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін білім алуына кепілдік беріледі.Орта білім алу міндетті.



36- бап

Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.


Бала құқықтары туралы халықаралық конвенциядан: Мемлекет әрбір баланың ама-есен сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы. Әрбір бала өз отбасында, ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы. Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ. Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы. Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар. Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы. Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы. Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.


Назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет