Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



Pdf көрінісі
бет19/68
Дата15.09.2022
өлшемі3,63 Mb.
#39197
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   68
2.2.1. Заңнамалық базаны іске 
асыруға байланысты кедергілер мен 
проблемалар
Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі 
бар балалардың қорғалуын қамтамасыз 
ететін жалпыға бірдей заңнамалық базаға 
қарамастан, мүгедектігі бар балаларды қоғамға 
араластыру бұрынғысынша қиын мәселе бо-
лып қалып отыр. Бұл айтарлықтай деңгейде 
«ескірген көзқараспен» байланысты, яғни 
негізінен, оларға оңалту және әлеуметтік қорғау 
желісін қамтамасыз ету үшін қажет болатын 
мейлінше аз ресурстар бөлінеді. Соған сәйкес, 
мүгедектігі бар адамдар мен балалар халықтың 
әлеуметтік қауқарсыз топтары болып саналады, 
олар талап етілетін қоғамдық игілік деңгейін 
алуға тиіс (көбінесе – барынша шектеулі) және 
қоғамның толық құқылы мүшелері ретінде 
қарастырылмайды (БҰҰДБ, 2009 ж.). 
Қоғамдық өмірден аластату мәселесі 
жуық арада осы мәселеге қатысты Үкімет 
қабылдаған шараларға қарамастан, 
мүгедектігі бар адамдарға қатысты неғұрлым 
шетін мәселелердің бірі болып қала береді. 
Қазақстан - «Білім туралы» Заңға (2007 ж.)
инклюзивті білім беруді қосқан Орталық 
Азиядағы бірден-бір мемлекет. (ЮНИСЕФ, 2013 
ж.). Осы Заң қабылдаған білім беру моделі 
мектеп жасындағы бүкіл балаларға олардың 
қабілеттеріне, мүдделеріне, мүмкіндіктері мен 
мұқтаждықтарына қарамастан, бірдей қолдау 
көрсетуді білдіреді. Бұған қоса, Үкімет неғұрлым 
ықпалдасқан әлеуметтік қызметтер жүйесі 
бағытымен қозғалуға тырысады. Ықпалдасқан 
жүйе әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және 
білім беру саласындағы басқару шараларын 
әлеуметтік қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін 
зерттеу арқылы біріктіреді (Ковалевский, 
2012 ж.). Алайда кейбір жағдайларда мұндай 
өзгерістер мүгедектігі бар балаларға қызмет 
көрсетуден бас тартудың көзі болды. Мысалы, 
Ковалевтің жуық арада жасаған баяндамасын-
да (2012 ж.) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер ту-
ралы» ҚР Заңын қабылдау білім беру, денсаулық 
сақтау және әлеуметтік қорғау арқылы әлеуметтік 
қызмет көрсетілетін халықтың тобын қайта 
бөлуді қамтығаны атап өтіледі. Мұндай балалар-
мен әлеуметтік жұмыс жүргізу тұжырымдамасы 
секторлар арасында қайта қаралған болса да, 
балаларға (соматикалық аурулармен ауыратын 
балаларды қоса алғанда) арнаулы әлеуметтік 
қызмет көрсетуге жауапкершілік білім беру және 
денсаулық сақтау секторлары арасында қайта 
бөлінді (Ковалевский, 2012 ж.). Баяндамада 
мұның кейбір жағдайларда мүгедектердің 
белгілі бір топтарын осындай қызметтерді алудан 
шығарып тастауға әкелуі мүмкін екені айтыла-
ды. Мұндай топтар әлеуметтік қызметтерді алуға 
көрсеткіштері бар соматикалық бұзылыстар 
салдарынан белгілі бір деңгейде мүгедек бала-
ларды, үшінші топтағы мүгедектігі бар балалар-
ды және бірқатар басқа санаттарды қоса алар 
еді. Олар бәрінен бұрын білім беру, денсаулық 
сақтау және әлеуметтік қорғау салаларында 
әлеуметтік көмек көрсетуге арналған стандарт-
тарды іске асыру тәсілдерін түсінуде немесе 
анықтықтың болмауынан жүйеден шығарылуы 
мүмкін еді. 
Қызметтерді үйлестіру және ұсыну мәселесін 
қатысушылар сондай-ақ фокус-топтарда және 
респонденттер терең сұхбаттарда талқылады. 
3-тарауда сапалық зерттеу нәтижелері ба-
рынша егжей-тегжейлі қарастырылатынына 
қарамастан, көптеген респонденттердің бұл жер-
де заңнамаларды іске асыруда кемшіліктері көп 
жетілмеген үдерістердің бар екенін хабарлағанын 
еске салуға болады. Мүгедектігі бар балалардың 
құқықтарын нақты қарастыратын заңнамаларды 
қабылдау алға қарай басқан маңызды және 
жаңашыл қадамды білдірсе де, оны үйлестіру 
бұрынғысынша алаңдаушылық туғызады. 
Кейбір респонденттер мысалы, заңнамаларды 
іске асыру барлық өңірлерде біркелкі 
жүзеге асырылмағанын, қаладағы аудан-
дарда ақпараттық ресурстарға қолжетімділік 
неғұрлым жоғары болғандықтан, ауыл мен 
қала аудандарында анық айырмашылықтардың 
болғанын хабарлады. Басқа респонденттер 
заңнама қорғау үшін негізгі қызмет көрсетуші 
қызметкерлердің мүмкіндіктері мен біліктіліктері 
жетіспейтін құқықтарға кепілдік беретінін атап 
көрсетті. Мысалы, заңнама мүгедектігі бар 
балалардың басқа балалармен бірдей білім 
алуға қолжетімділігіне кепілдік береді, алай-
да инклюзивті сыныптардың проблемалары 
мен арнаулы мұқтаждықтарын қанағаттандыра 
алатын даярлықтан өткен мұғалімдер мен 
педагогикалық білімі бар көмекші қызметкерлер 
жетіспеушілігі бар. Мамандандырылған оқу 
бағдарламалары мен мүгедектігі бар балалар-
мен жұмыс істейтін мұғалімдердің біліктілігінің 
жоқ екенін назарға ала отырып, мұндай әлеуетті 
өсіруге мүмкіндіктер жоқ. Бұл заңнаманың жал-
пыны тегіс қамтуы үшін айтарлықтай олқылық 
болып табылады. Мұнда келтірілген мысалдар 
респонденттер атап көрсеткен заңнамалар 
ережелерін іске асырудағы практикалық 
қиындықтардың тек аз ғана бөлігін көрсетеді; іске 
асыруда қабылданатын мәселелерге жасалған 
тереңдетілген талдау 3-тарауда келтіріледі.
31




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет