ІІ. Мұхит Мерәліұлының өмір жолы
2.1 Мұхит Мерәліұлының өмір тарихы
Мұхамбеткерей Мұхит Мерәліұлы 1841 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ақбақай ауында дүниеге келген. Халық композиторы, әнші-ақын, күйші-домбырашы.
Мұхамбеткерей Мұхит Мерәліұлы
Мұхамбеткерей Мұхит Мерәліұлы ауқатты отбасыдан шыққан. Мұхиттың баласы Мұсаның айтуы бойынша әкесі мұхит екі әйел алған екен. Бірінші әйелінің аты – Ермек – Жәңгір төренің қызы. Мекені «Тұщыкөл», «Сарой». Ол кісіден Шоң, Шәріп, Нәу туған. Екінші әйелі Зылиха өмірге он екі перзент әкелген. Олар: Мұса, Ажар, Әйіп, Салық, Әнуар, Қалыбай, Сағидолла, Жамиға, Ғайни, Сұлтанғали, Мағалым, Бағдакен (1944 жылы қайтыс болған). Шоңнан екі бала туған Ғұбайдолла, Лұқпан. Қазіргі таңда Мұхиттың 18 шөбересі, 48 неменесі, 25 шөпшегі бар.
20
Туған ағалары Паңгерей, Шәңгерей, Сақыпкерей, Жанша, Жүсіптер шетінен өнерпаз әнші, күйші әрі скрипка да ойнаған өнерлі адамдар болған. Бірақ, өмірін өнер жолына арнаған тек Мұхит қана болды. Ол ел ішіндегі той-жиындарда, ұлан-асыр жәрмеңкелерде, қан базарларда домбыра тартып, ән салды. Орынбор, Қостанай, Жаманқала, Қазалы, Троицк, Ақтөбе, Арал, Атырау облыстарын аралап, әншінің даңқы шығып: "Әнші Мұхит", "сал Мұхит" атанды. Мұхит Мерәліұлы уақыт, қоғам, өмір туралы "Дүние-ай", "Зәуреш" әндерін толғады.
Достарыңызбен бөлісу: |