Мұхамбеткерей Мұхит Мерәліұлының өмірі мен шығармашылық жолы Орал,2021 Мазмұны



бет7/9
Дата03.02.2022
өлшемі1,46 Mb.
#24797
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ғылыми жоба. М.Мерәліұлының өмірі мен шығармашылық жолы

2.3 Мұхит Мерәліұлының 175 жылдығы

Ғ.Құрманғалиев атындағы БҚО филармониясының концерт залында халық композиторы, әнші-ақын Мұхит Мерәліұлының 175 жылдығына арналған «Сары дала сағынышы - сал Мұхит» атты республикалық әншілер байқауы өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов додаға қатысушыларды мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі. Белгілі ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ақұштап Бақтыгереева Мұхит мұрасының мәңгілік екендігін атап өтті. «Мұхиттың өзі төре тұқымынан болғанына қарамастан, кедейлік қамытын кисе де, өнер жолына түсті. Кезінде мен де оны жырға қостым. Мыңғырған байлардан түк қалған жоқ. Ал Мұхиттың соңында өлмес әндері қалды. Сондықтан оның әндері халқымен бірге мәңгі жасай береді», деді ақын.



«Сары дала сағынышы – сал Мұхит» Республикалық әншілер байқауы. 2016ж.

23



«Сары дала сағынышы – сал Мұхит» Республикалық әншілер байқауы. 2016ж.

Қазылар алқасы
Әншілер сайысына Астана, Алматы қалаларынан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Шығыс және Батыс Қазақстан облыстарынан барлығы 22 үміткер қатысуда. Оларға Түркістан қаласынан келген ҚР халық әртісі, Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушысы, профессор, әнші-термеші Қажыбек Бекбосын бастаған өнер майталмандары қазылық етуде. Бірінші кезеңде қатысушылар Мұхиттың, Ғарифолла Құрманғалиевтің және халық композиторларының бір-бірден әнін орындап, сынға түсті. Қ.Бекбосын байқаудың екінші кезеңіне жиырма әншінің өткендігін хабарлады. 19 қазан күні республикалық дода қорытындыланып, жеңімпаз-жүлдегерлер гала-концертке қатысады. Айта кетейік, Мұхит Мерәліұлының 175 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар 20 қазан күні туған жері - Қаратөбе ауданында жалғасты.

Еліміздің әр жерінен арнайы келген әнші-термешілер, ҚР халық әртісі, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, түркістандық Қажыбек Бекбосын, «Мәдениет майталманы» белгісінің иегері, ақтөбелік Хайдар Өтеғалиев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, батысқазақстандық Қатимолла Бердіғалиев және басқа да Мұхит әндерін орындаушылар алдымен Саралжын ауылдық округінде Ақбақай қорымындағы Мұхиттің бейітіне тағзым етті. Мұнда ақ шаңқан кесене бұдан он жыл бұрын Ақтаудың ақ тасынан тұрғызылған болатын. Сонымен қатар ауылдық округ орталығы Қарақамыс ауылындағы Мұхит ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Бұдан кейін, басты мәдени-көпшілік шаралар кең даланың төсінде өтіп, оған қатысушыларды Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаров құттықтады.

«Биыл Мұхит бабамыздың 175 жылдығы ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Ұлттық болмысымызды сақтап, салт-дәстүрімізді насихаттап, ақындарды ардақтап, батырларымызды ұлықтаудан жалықпайтын халқымыздың мәртебесі қашанда биік. Қазіргі таңда ұрпақтарының қолы жеткен азаттықты аңсап өткен ұлы бабаларымыз аз болмаған. Соның бірі өнер саласында өшпес із қалдырған жезтаңдай әнші, халық композиторы, кең байтақ даламыздың бұлбұлы Мұхит Мерәліұлы екендігі анық. Оның өлмес мұрасын насихаттау арқылы біз мәңгілік елге бағыт ұстап, нық қадаммен алға аса беретін боламыз», деді аудан басшысы. Салтанатты шарада сондай-ақ БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайынов, ҚР халық әртісі Қажыбек Бекбосын, сал Мұхиттың ұрпағы Әсия Мұхитова сөз алып, жұртшылықты мерекемен құттықтады.

24



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет