МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет122/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   155
Міндетке деген жауапкершілік 
тұрғысынан маңызды ескерту
Мәдинаға келіп-кетушілерде есеп жоқ. Бұған қоса, 
сол күндер түрлі міндеттермен Мәдинадан сыртқа кет-
кендерге де куә болысты. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) 
зекетті жинауға міндетті ретінде Ибн Лүтайбияны 
Зүбиянұлдарына жіберді. Қайтқан кезінде Ибн Лутай-
бия өзімен әкелген заттарды көрсетіп:
– Мыналар сендерге, ал мыналар маған сыйлық, – 
деді. Бұл істі өзі дұрыс деп қабылдап, өзіне берілгендерді 
өзім қолдануға құқылымын деп білген еді. 
Оның бұл сөзін естігенде Аллаһ расулы 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) 
еш ұнатпады. Парыз құлшылықты орын-
дап, халықты ұйымдастыруға жіберген қызметкері 
жұмысы үшін барған жерде жеке атына сыйлық 
қабылдапты. Жұмыс пен сыйлықты бір-бірімен арала-
стырмау қажет болатын. Өйткені сыйлық алған сайын 
адамның сол кісілерге кіріптар болып қалу қаупі бар 
еді. Лауазымын сыйлап берілгендер сол лауазым үшін 


356
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
қолданылуы керек. Сондықтан елдің басы қосылған 
сәтті күткені анық еді. Сахабаларына намаз оқытты. 
Оларға қарап мақтау айтты. Сөйтті де бәріне әлденені 
айтпаққа оқталды. Сол күнгі насихатын жасады да, 
мәселені Ибн Лүтайбияның сөзіне әкелді: 
– Әлгі қызметкерлерге не болған? – деп бастады 
сөзін. 
– Мен бір кісіні зекет жинауға жіберемін, ол 
келіп «мыналар маған, ал мыналар сендердікі» 
дейді. Айтыңдаршы, ол кісі әкесінің не шешесінің 
үйінде отырса, сол сыйлықтар оған берілер ме еді? 
Мұхаммедтің шыбын жанын уысында ұстаған 
құдіретке ант етейін, сендерден бірің осындай қызметте 
осындай сыйлықтарды алса, қиямет күні алған нәрсесі 
мойнына оратылып, түйе болса боздап, сиыр болса 
мөңіреп, қой болса, маңырап қинайды. 
Бұл жан түршіктірерлік ескерту еді. Пайғамбарлар 
падишасы осыны айтқаннан кейін қолдарын қолтығы 
көрінетіндей дәрежеде жоғары көтеріп: 
– Аллаһ тағалам, мен дінді насихаттап жеткіздім 
бе? – деп жалбарынды. 
тәбүк
Дін насихаты осылай кең жүріп жатқан уақытта 
Шам жақтан жаңа бір хабар келді. Христиан араб-
тар Гераклийге былай деп хат жазыпты: «Әлгі өзін 
пайғамбармын деп жариялаған кісі өліпті. Жолдастары 
аштықтан қырылғалы жатыр. Дүние-мүліктері де жоқ 
болды. Егер оларды өз дініңе кіргізгің келсе, осы сәтті 
қапы жіберме». Христиандар екі араға от салды. Осы 
кезде Лахм, Жүзам, Амиле мен Ғассан секілді тайпа-
лар да көтеріліп, Византия егер мұсылмандарға қарсы 
шабуыл жасаса, оларға қолдау білдіруге уәде берді. 


357
Шуақты әлемдегі кеңпейілдік
Екінші жағынан мұсылман елшіні өлтіріп, Мұтада 
қарсы алдынан шыққан Шұрахбил ибн Амр Мәдинаға 
шабуыл жасау үшін мүмкіндік іздеді. Тағы да жалпы-
лама сценарий ұйымдастырылғаны белгілі. Өйткені 
бергі жақта иудейлер Пайғамбарымызға келіп:
– Уа, Әбал-Қасым! – деді. – Егер айтқаның рас 
болса, Шам жаққа бар, өйткені пайғамбарлардың өлкесі 
сол
126

Уақытты мөлшерлеу тұрғысынан қарағанда, 
бұлардың барлығы да өте мағыналы еді. Өздеріне 
қарсы тұрарлық күш таппағандар, сол күнгі ең мықты 
мемлекеттердің бірі Византияны түрткілеп, алы-
стан қарап мақсаттарына жетудің жоспарын жасаған. 
Өздері еңсере алмаған бұл жаңа жағдайларға соңғы 
мүмкіндіктерін сарқа пайдаланғысы келді. 
Бұл кезде Шам жағынан Мәдинаға келген 
бірқатар саудагерлер Византияның алдыңғы шептегі 
әскерлерінің Бәлкаға дейін жеткенін хабар берді. 
Ауыр хабар еді. Өйткені бұл Исламның шуақты 
әлеміне жүгіре жеткен адамдар үшін жаңа кезеңді 
білдіретін. Бірақ бұндай үлкен қауіпке көз жұмып қарау 
да мүмкін емес. Он мыңдаған адамның Мәдинаға бару 
үшін дайындық жасаған бір орында әрине қарап тұруға 
болмайды. Бұл кезде Жәбірейіл әминнің жеткізген ха-
барлары мүшріктермен араны анағұрлым айқындай 
түсуді қажет етті. Имансыздармен соғыстан бас тарт-
пау қажеттігін түсіндіруде еді
127
.
Бір жағынан бұл онсыз да күткен жағдай бола-
тын, өйткені Византия сол күнгі әлемге тәртіп орна-
126
«Исра» сүресінің 17/76 аятының осы іс-шараларды айту үшін түскені 
айтылуда. Табари, әл-Жамиул-баян, 15/132; Уахиди, Әсбабу нузулил 
Құран, 1/197; Сүхайли, Раудул-ұнф, 4/293. 
127
«Тәуба», 9/28, 29, 123. 


358


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет