МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет118/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

жиранадан қозғалу
Мекке азат етілген күннен осы уақытқа дейін 
сексен күннен астам уақыт өтті. Он үш күндік Мекке 
сапарын да есепке алсақ, Аллаһ елшісінің Мәдинадан 
кеткеніне үш айдан астам уақыт өтті. Он үш күннен 
бері Жиранада еді. Зилқағда айының бітуіне он үш күн 
бар. Бір cәрсенбі күні кешкісін Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) 
сайдың астыңғы жағындағы мешітте 


347
Хауазиндықтардан жеткен хабарлар
ихрамға кіріп, Меккеге қарай жолға шықты. Қағбаға 
келіп тауап жасамақ. 
Қағбамен кездесіп, жаяу тауабын тамамдады. Ар-
тынан Сафа мен Маруа арасындағы сағиды да орын-
дап, шашын алдырып, ұмра міндетін бітірер-бірімес 
қайтадан сол түні Жиранаға бет алды. Меккеде тағы да 
азат еткен күні мұсылман болған жас жігіт Аттаб ибн 
Әсид басшы болып, Муаз ибн Жабал жұртқа Исламды 
тәлім ету үшін міндеттелді. Жиранадан ертесі бейсенбі 
күні аттанып, Мәдинаның жолына түспек. Жирана сай-
ынан қозғалған пайғамбарлар төресі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Сереф пен Марриз-захран жолымен алға қозғалып, 
Зилқағда айының бітуіне үш күн қала Мәдинаға 
жетпек. Меккені азат ету мақсатымен Мәдинадан 
шыққан күнмен жаңадан Мәдинаға келген мерзім 
шамамен үш айдай уақытты қамтыды
124
. Осы мезгіл 
ішінде Мекке азат етілді. Хауазиндықтарға қарсы 
шабуыл жасалып, Хүнейін жеңісі нәсіп болды. Тайыф-
ты қоршап, Тайыфтықтар өздері келіп берілгенге дейін 
оларға жол ашық қалдырылып, кері қайтты. Бәрінен де 
маңыздысы, әр мүмкіндікте Пайғамбарымызға шабуыл 
жасап, Мәдинаны басып алуды ойлаған Меккеліктерден 
бастап, мыңдаған адам келіп, Исламды қабылдады. 
Аллаһ елшісімен бірге сапарға қатысқандар да мол ол-
жамен кері қайтты. 
Ұзақ мерзімнен кейін қайтадан Мәдинаға келген 
Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
әдетінше тіке мешітке 
барып, әуелі Раббына шүкіршілігін білдіріп, құлшылық 
жасады. 
124
Бұл мезгілдің екі ай, он алты күн болғандығы айтылса да, 
Пайғамбарымыздың Мәдинадан Рамазан айының он үшінші күні 
жолға шыққаны, Зилқағда айының соңғы үш күні кері қайтқаны 
ескерілгенде, бұл мезгілдің шамамен сексен төрт күнді құрағаны 
анықталады. 


348
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет