МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет120/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

шуақты әлеМдегі КеңпейілдіК
Көпжақты іс жүрген Мәдина бейбіт, тыныш 
әрі қауіпсіз орталыққа айналды. Бұрынғы хаос 
пен тәртіпсіздік жайлаған кезең артта қалып, жаңа 
мәдениеттің нышандары біліне бастады. Әлбетте, 
бұл тек уақыттың белгілі бір кезеңін қамтыған 
өткінші бақытты шақ болмауы тиіс еді. Сол үшін 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
халыққа дінді 
кеңінен үйрету, бейбітшілікті қамтамасыз ету, Ислам-
ды кең жаю, дін насихаты үшін жіберген хаттарды 
жеткізу, мұсылмандықты қабылдамаса да Мәдинаның 
беделін мойындаған адамдармен кесілімге келу, жұртқа 
залал келтіріп, тынышын кетіргендердің үнін өшіріп, 
күштерін ыдырату, Исламның билігін мойындаған 
өзге дін өкілдерінен жизия, ал мұсылмандардан 
зекет жинау секілді істерге сахабаларынан кейбірін 
міндеттеп, маңайға жібере бастады. Бұл міндеттер 
берілгендердің саны әлбетте істелетін істің жайына 
қарай өзгеріп, жалғыз өзі жолға шыққандармен қатар 
маңайына жүздеген адамды ертіп кеткендер де болды. 
Осындай кең тұрғыда енді Хижазда тек Исламның 
билік құрған жағдай барлығы тарапынан мойында-
лып, әр-әркімдегі күмәнді ойлар кетті. Осы себепті 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Мәдинаға қайтқан 
кезден бастап, әртүрлі уақыттарда Үәйна ибн Хиснды 
Бәни Тәмимге, Язид ибн Хүсайынды Әслам мен 
Ғифарға, Аббад ибн Бишрды Сүләйм мен Мүзәйнаға, 
Рафи ибн Мекисты Жүхайнаға, Амр ибн Асты Бәни 
Фазараға, Даххақ ибн Суфиянды Бәни Килабқа, Бәшир 


351
Шуақты әлемдегі кеңпейілдік
ибн Суфиянды Бәни Қағыбқа, Ибн Лүтайбияны Бәни 
Зүбиянға, Мұхажир ибн Әби Үмәйяны Санаға, Зияд 
ибн Ләбидты Хадрамаутқа, Ади ибн Хатамды Таи мен 
Әсадқа, Малик ибн Нүәйраны Бәни Ханзалаға, Зибри-
кан ибн Бәдір мен Қайс ибн Асымды Бәни Сағыдтың 
түрлі аймақтарына жіберіп, осы негізде кең жағрапияда 
Исламның билігін орнатты. 
Мәселенің екінші бір жағы Құрайыштың 
Пайғамбарымыз бен мұсылмандарға қарсы жүргізген 
соғысы жеңіліспен аяқталғандықтан, сол күнге дейін 
«оны өз қауымымен оңаша қалдырайық. Жеңілсе, 
мәселе онсыз да бітеді. Ал жеңіп кетсе, сол кезде 
көреміз» дегендердің естерін жиятын уақыты еді. 
Олар ойлана-ойлана, ақыр соңында Аллаһ елшісіне 
келіп бағынды. Бұдан былай Мәдина тек өзінен сыртқа 
кеткендерге ғана емес, өзіне қарай келетін топ-топ 
адамдарға да куә болды. 
Кешеге дейін соғыстардан қалжыраған Мәдина 
тоғыз жылдық мерзімде бұрынғы хаос күндерін артқа 
тастап, әлемге қауіпсіздік пен сенім ұялатқан орталыққа 
айналды. Міне, жарыққа ұмтылған көбелектер секілді 
сәулеге мұқтаж жандар өздері қадірін енді түсінген 
осы жанды көру, жанына сахаба болып еру үшін топ-
тобымен Мәдинаға келуге әлемнің төрт бұрышынан 
ағылып жатты. 
Ендігі уақыт Исламның әсемдіктерін пердесіз, 
жақыннан көру мезгілі еді. Келіп, бұрынғы 
жағдайларынан арылмақ. Кейбірі сол күнге дейін 
өздері байқамаған әсемдіктерге көңілі толқыса, 
кейбірі бұрын байқаса да әлі жете меңгермегендіктен, 
Ислам жайлы көбірек білу үшін келе жатты. Әлбетте, 
бұлардың арасында Исламды жақыннан көріп тануға 
шешім қабылдағысы келген еріктілер болғанындай


352
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
өздері тұрғысынан істің барысын жақтырмаса да 
Пайғамбарымыздың оң қабағында жүргісі келген 
дүниеуилер де болды. Бірақ бұлардың барлығы да 
ғаламның мақтанышы Пайғамбарымыздың жанына 
жақындағаннан-ақ іштей өзгеріп, сол нұрдан нәсібін 
алып қайтып жатты. 
Әрине, бұл барыс-келістердің әрбірінің өзіне 
тән әңгімесі жоқ емес. Сол күнге дейін кездеспеген 
оқиғаларға тап болып, бұндай жағдайлармен бетпе-
бет келгенде, қандай іс-әрекет жасау керектігін 
Пайғамбарлар төресіне айтып, алған жауабына қарай 
адымдарын белгіледі. Осы негізде дін туралы көп нәрсе 
ұғып жатты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет