МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет125/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   155
Мәдинаға қозғалыс
Ендігі кезек мұсылман әскерлердің жолға шығуына 
келді. Расулаллаһ әр тайпаға ту, байрақтарын дайында-
уды бұйырып, оларды соғысқа ынталандырды. 
– Аяқкиім киіп шыққан адам аттылы секілді, – деп 
сахабаларын аяқ киім киюге ынталандырды. Өйткені 
мініс көлігі жоқтардың осы алыс сапарға шыдауы үшін 
аяқ киім керек еді. 
Өзінен бұрын қозғалған әскерге намаз оқытуды 
хазірет Әбу Бәкірге (р.а.) табыстап, үлкен туды да соған 
ұстатты. 
Күнтізбе Режеп айының бейсенбі күнін көрсетті. 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
өз орнына хазірет 
Алиды тастап
136
, отыз мың кісілік әскерге жолға 
шығуға бұйрық берді. Алайда мұнафықтар хазірет 
Алидың Мәдинада қалғанын өсекке таңды. Сәті келген 
сайын бүлік тудырып отыратын олар: – Пайғамбар оны 
қорашсынып тастап кетті, – десті. 
Мақсаттарына жетті, өйткені бұл сөздері құлағына 
жеткенде хазірет Али намыстанды. Сол себепті хазірет 
136
Сол күні Мәдинада міндеттелген кісілердің қатарында Мұхаммед 
ибн Мәсләма, Сиба ибн Ұрфута мен Абдуллаһ ибн Умму Мактум 
секілді кісілердің де болғандығы айтылады. Уақиди, Мағази, 1/996; 
Абдурраззақ, Мұсаннаф, 2/395 (3828); Ибн Сағыд, Табақат, 4/205; Ибн 
Кәсир, Сира, 4/12. 


366
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Али Журфаны бетке ала шаба жөнелді. Арттарынан 
қуып жетіп, Аллаһ елшісіне жағдайды айтқысы келді. 
Өзі секілді ерге қан майданда жүру жарасатынын, 
бала-шағамен ауылда қалғысы келмейтінін жеткізді. 
Хазірет Алидың уәжін естігенде Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 

– Өтірік айтуда, – деді. – Мен сені жұрттағыларға, 
отбасыма және өз отбасыңа бас-көз болсын деп 
қалдырдым. Әрі сен менің жанымда хазірет Мұсаның 
жанындағы хазірет Харұн секілді болғың келмей ме, 
уа, Али? Менен кейін пайғамбар келмесі белгілі. 
Сірә, Пайғамбарымыз оны өздеріне орталық құрып, 
жүзіне қарап шылп етпей өтірік айтқан, соғыстан 
қашқан мұнафықтардан келуі мүмкін қауіпке сергек 
қарау үшін өте-мөте Мәдинада қалдырса керек. Хазірет 
Али бұдан кейін дереу Мәдинаға қайтты. 
Жолда кері қайтқан тағы бір топ адам бар еді. Олар 
Ұхыдта айлакерлік жасаған Ибн Сәлүл мен достары бо-
латын. Ұхыдтағы айласына басқан Абдуллаһ ибн Үбәй 
ибн Сәлүл: 
– Мұхаммед жоқшылық, аптап ыстық, осыншама 
алыс жол болғандықтан, өзі жеңе алмайтын адамдар-
мен соғысуға кетіп барады. Бәни Асфармен соғысуды 
ол ойын көретін секілді. Уаллаһи, мен оны сахабала-
рымен қосып тау басында тұтқындалып, аяқ-қолдары 
байланған кейіпте көрудемін. 
Бұл тазалану тәсілі еді. Ардақты расул 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) 
өздерімен бірге екіжүзділердің де еріп 
жүруін осы үшін бұйырды. Сол күні дәлел ретінде 
Пайғамбарымыздың алдында Алқама ибн Фағуа жүріп 
отырды. 
Уадил құра деген жерден өтіп бара жатқанда, қарсы 
алдарынан бір бау шықты. Сахабалар осы баудың 


367
Шуақты әлемдегі кеңпейілдік
қанша өнім беретінін мөлшерлей бастады. Олардың 
сөзіне Аллаһ расулы да қосылып: 
– Қане, шамалап көріңдер, – деді. Әркім әр нәрсе 
айтты. Елшілер сұлтаны он уәсақ
137
ретінде мөлшерлеп, 
бақша иесіне:
– Бұл бақшаның қанша өнім беретінін жақсылап 
қадағала, қайтарда осында тағы соғамыз, сонда 
сұраймын, – деп бұйырды
138

Уәдул құрада болған кезінде сол жердегі отырықшы 
иудейлерден Аридұлдары Пайғамбарымызға ас әкеліп 
сый көрсетеді. Пайғамбарымыз қырық уәсақ ақы 
ұстатып, асты сахабаларымен бірге ішті. 
Халижадан өтіп, Зилмаруа деген жерге жеткенде, 
қатты шаршаған сахабалар: – Уа, расулаллаһ, бұл жер 
суы бар, көлеңкесі бар, нағыз қонатын жер екен, – деді. 
Алайда Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 

– Бұл біреулердің егіс алқабы. Бұл жерде 
қонғанымыз жөн емес, – деп, түйесінің тізгінін бос қоя 
берді. Өйткені түйенің де Аллаһтың әмірімен жүретінін 
білетін. Шынымен де түйе келіп, үлкен бір ағаштың 
астына тоқтады. Бәрі сонда тоқтады. Сахабаларына 
осында намаз оқытып, біршама уақыт тынықты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет