189
Даулы Хайбар мәселесі
– Уа, расулаллаһ! Бәни Құрайза және Бәни
Надирлердің әйелі және
олардың басшысы Хуай ибн
Ахтабтың қызын Дыхияға бергенің жөн емес, оны тек
сен алуың керек, – деді.
Сахаба дұрыс айтқан еді, мұндай таңдау соны-
мен қатар Хайбарды іштен бағындыру деген сөз және
осыған орай пайғамбарымыз хазірет Дыхияны қасына
шақырып алып, хазірет Сафияның орнына басқа
біреуді алуын сұрады. Сосын хазірет Біләлге оларды
шақырып келуді тапсырды.
Ал, мына жақта Сафия анамыз болып жатқан жайт-
тарды мұқият бақылап жүрген еді,
ішінен бір сезім
дәл бір неке түнінде көрген түсінің орындалатынын
сездіргендей. Өйткені, Кинана ибн Әбил Хуқайқпен
некелескен түні түсінде Мәдина тарапынан бір айдың
келіп, құшағына түскенін көрген болатын. Тіпті, таң
атып, мұны Кинанаға айтқан кезінде ол бұған ренжіп:
– Әлде сенің ниетің Хижаз билеушісі Мұхаммедке
бару ма? – деп ашуланып, бетінен ұрып, бетін көгерткен
еді
69
.
Міне, осындай сезімге бөленіп тұрған сәтінде
қастарына хазірет Біләл келіп, өздерін расулаллаһтың
шақыртқанын білдірді. Пайғамбарлардың немересі
Сафия анамыз әкесінен естіп жүрген ақырзаман
пайғамбарының жеке
бөлмесіне кірудің сәл алдын-
да тұр еді. Бұл кезде сахабалар Аллаһ расулының
сезімталдығына тағы да куә болады, өйткені оның
алдына апарған кезде хазірет Біләл оларды екі
хайбарлықтың өлі денесінің қасынан алып өтті.
69
Пайғамбарымыздың жанына әкелінген күні бетінің көгергені әлі бар
болатын, себебін сұрағанда осы оқиғаны Аллаһ расулына айтады.
Қараңыз: Уақиди, Мағази, 1\674; Ибн Кәсир, Сира, 3\374; Ибн Кайим,
Задул-Мағад, 3\290
190
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Өліктерді көрген кезде Сафия анамыздың көкесінің
қызы байбалам салып, айқайлап, үсті-басына топырақ
шаша бастайды. Мұны Аллаһ расулы да естиді, адам-
дарды орынсыз қайғыртудың
дұрыс еместігін айтып,
келе сала хазірет Біләлге:
– Әй, Біләл! Сенде ешқандай мейірімділік сезімі
жоқ па? Бұл әйелдерді неге өліктердің қасынан
өткізесің? – деді.
Сафия анамыз келген соң Аллаһ расулы
(саллаллаһу
алейһи уәссәлләм)
оған Исламды түсіндірді, қабылдап-
қабылдамауды өз еркіне қалдырды. Егер қабылдаса
онымен некесін қидыратынын, ал
қабылдамаған
жағдайда азаттық беріп, қауымына жіберетінін айтты.
Сафия анамыз:
– Уа, расулаллаһ! Мына жерге келіп, сен мені
Исламға шақырмай тұрғанда-ақ мен онсыз да мұсылман
болуды қалап, сені сырттай растаған болатынмын. Енді
менің яхудилікпен ешқандай қатысым жоқ. Яғни, енді
сен күпірлік пен Исламның бірін таңдауға маған ерік
беріп отырсың, ал мен Аллаһ пен расулын таңдаймын.
Аллаһ пен расулы маған азаттықтан да, қауымымның
арасына қайтуымнан да қайырлы!
Сонда Аллаһ расулы
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
хазірет
Сафия анамызға азаттық беріп, әйелдікке алды. Ол
енді көрген түсінің орындалғанына көңілі жайла-
нып, бұл оның сол кезге дейін көрген қиындықтарын
ұмыттырғандай еді.
Оны Әнас ибн Маликтің анасы
Үмму Сүләйм анамыз дайындады, кеш болып шатырла-
рына кірген кезде сырттан біреудің аяғының дыбысын
естиді. Хайбарда күйеуі мен әкесімен қоса қауымынан
бірқатар адам өлтірілген әйел пайғамбарымызбен
жеке қалған кезде оған бір жамандық жасай ма деп
қауіптенген Әбу Әйюб әл-Әнсари қылышын асынып,
191
Даулы Хайбар мәселесі
барлық жағдайға сақ Аллаһ расулының шатырына
күзетте тұруды қалаған екен. Сыртқа шығып, оның
қылыш асынып тұрғанын көрген Аллаһ расулы
(саллаллаһу
алейһи уәссәлләм)
оған:
–
Бұл не жағдай, әй, Әбу Әйуб? – деп сұрады.
– Уа, расулаллаһ! Мына әйел саған жамандық
жасап жүрмей ме деп қауіптендім. Өйткені, ол әкесі,
күйеуі және қауымы Хайбарда өлтірілген әйел,
оның үстіне күпірліктен енді ғана шықты. Саған бір
жамандық жасап жүрмей ме деп қауіптендім, – деді.
Бұл бағалауға
өте лайықты әрекет еді, Аллаһ
расулы қолын жайып, хазірет Халидке былай дұға етті:
– Раббым! Түннің бір уағында келіп, Әбу Әйюб
мені қалай қорғағысы келсе, Сен де оны солай қорға!
Достарыңызбен бөлісу: