192
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
әкесі Харис, бауыры Мархаб және көкесі Ясардың өшін
алуға жанын салып тұрған әйел болатын.
Өз араларында келіскеніндей дереу бір ешкі сой-
дырып, оған у салып, осы жоспарды жүзеге асыру үшін
Аллаһ расулына жіберді. Тіпті, оның қойдың алдыңғы
қолын жақсы көретінін біліп алып, солай жасап, осы-
лайша оңай жолмен өлтіруге бел буды.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
намазшам
намазын оқып болып отырған болатын. Ыдысқа
қызартып қуырылған улы ешкінің етін салып алып
келген Зейнеп бинт Харис қолындағы ыдысын көрсетіп:
– Уа, Әбул Қасым, мынаны саған әкелдім, –
деді. Мұндай сый сахабаларға да ұнады. Сөйтіп, ет
сахабалардың алдына қойылды.
Оған қолды алғаш
әрине расулаллаһ
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
созды, қуырылған
еттің алдыңғы қолына қол салған Аллаһ расулы оны
аузына апара бергенде, бұл жерде бір шикіліктің барын
сезді. Бәлкім, мұны оған Жәбірейіл сездірген шығар,
дереу қолын тартып:
– Бұған қолдарыңды тигізуші болмаңдар,
қолдарыңдағы етті тастаңдар, – деп бұйырды. Айнала
тым-тырыс бола қалды. Ешкім қапелімде не болғанын
түсінбей қалды. Аллаһ расулы
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
әрекетін түсіндіріп: – Күмән жоқ, бұл ешкінің алдыңғы
қолы маған өзінің уланғанын айтты, – деді.
Үлкен бәлекеттің бетін қайтарған еді, алайда Бишр
ибн Бәра деген сахаба пайғамбарымыз оларға ескерткен
кезде бір кесек етті шайнап жұтып жіберген болатын.
Аллаһ расулының ескертуімен оны қайта құсқысы кел-
генмен у лезде әсер етіп, хазірет Бишрдің денесі көгере
бастады. Удың күштілігі соншалық, хазірет Бишр сол
жерде, бәрінің
көз алдында жан тапсырды
70
.
70
Кейіннен Аллаһ расулының «Бисмилләһ деңдер, содан кейін
193
Даулы Хайбар мәселесі
Содан соң Аллаһ расулы
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
өздеріне осы етті тартқан әйелді шақыртып:
– Бұл ешкінің етін сен уладың ба? – деп сұрады.
Әйел не істерін білмей састы. Еттің уланғанын қалай
білген? Бұны өздерінен біреудің келіп айтуы да мүмкін
емес. Сосын әйел:
– Оны саған кім айтты? – деп сұрады. Расулаллаһ:
– Мына қолымдағы ешкінің алдыңғы аяғы, – деп
жауап берді. Әйелге қойған сұрағына жауап алмаған
болатын, одан жауап күтті.
Басқаша қашудың жолы
жоқ екенін сезген әйел:
– Иә, мен жасадым, – деп жауап берді. Жасаған
адам табылды, бірақ ниеті не болғаны? Сол себепті
Аллаһ расулы
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
одан:
– Мұны не себептен жасадың? – деп сұрады. Әйел
яхудиге тән зейінімен былай деді:
– Қауымымның
басына келген жағдайларды
білесің, оларға жасарыңды жасадың. Мен өзімше «Егер
Мұхаммед патша болса, одан құтылайық, ал шынында
нәби болса ол мұны сезуі керек» деп ойладым.
Пайғамбарымыз жасаған әрекетіне қарамастан
әйелді кешірді, өйткені жеке өз басына қарсы жасалған
күнә істерге байланысты кек сақтамайтын. Тіпті, саха-
балар:
– Оны өлтіреміз бе? – деп сұрағанда, расулаллаһ:
– Жоқ, оған тимейсіңдер де, қинамайсыңдар да,
– деп жауап берді. Алайда, Бишр ибн Бараның шейіт
болуы
бар жағдайды өзгертіп, Аллаһ расулы
(саллаллаһу
алейһи уәссәлләм)
оның құны ретінде әйелді хазірет Бишрдің
ғана жеңдер» дегені және осылайша сол улы еттің ешкімге зарар
келтірмегені немесе сол қуырылған етті Аллаһ расулының өртеткені
туралы да айтылады. Осы кезде оның аяғының бір кесегін алып асаған
иттің өлгендігі туралы мәлімет бар. Қараңыз: Салихи, Субулул-Худа
уәр-Рәшад, 5\134-135
194
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
жақындарына беріп, олар әлгі күнәкар әйелді қысас
ретінде өлтірді
71
.
Достарыңызбен бөлісу: