МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет63/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Тығылған қазына
Сондай-ақ, бұл жерде Хуай ибн Ахтабтың әйгілі 
қазынасының бар екені белгілі еді, алайда қолға түскен 
олжалардың ішінде алтын, күміс секілді нәрселер 


183
Даулы Хайбар мәселесі
кездеспеді. Алайда, Бәни Надир яхудилері өз жерлерін 
тастап, Хайбарға қарай бара жатқанда Әбу Рафи Сәллам 
ибн Әбил Хуқайқ ішінде алтын және басқа да құнды 
заттардан жасалған әр түрлі әшекей заттар сақталған 
түйенің сабасын көрсетіп: 
– Бұл біздің дүниені көтеріп түсіру үшін 
дайындаған заттарымыз, – деп, солар арқылы бір күні 
қайтадан бұрынғы табыстарына қол жеткізетіндіктеріне 
үміттенетінін айтқан. Өйткені, бұл қазына тек Әбу 
Рафиге тән емес, аталары Әбул Хуқайқ әулетінен осы 
кезге дейінгі төгілген еңбектің нәтижесі болатын. 
Алғашқы кездері қойдың терісіне сыятын бұл заттар 
көбейе келіп, әуелі сиыр, одан кейін түйенің терісіне де 
сыймайтын жағдайға жеткен.
Той болған кездері Мекке халқы осы қазынадан 
алып, кепілге бір ай мерзімге қалағанынша осы жерден 
заттар алып, ісі біткен соң оларды қайта апарып тап-
сыратын. Бір жолы осы заттардың бір бөлігі жоғалып, 
оны жоғалтқан адам оның құнын он мың алтын етіп 
төлеуге мәжбүр болғаны бар. Қысқасы, ол жұртқа 
белгілі қазына еді.
Енді хайбарлықтар осыған байланысты келісім-
шарттың мәтінінде ауыр жаза орын алғанын және 
оларды қабылдағандарына қарамастан бұл қазынаны 
шығарғылары келмеді. Осыған орай, сол кезгі Әбул 
Хуқайқ тегінің өкілі Кинана ибн Раби және бауыры мен 
көкесінің баласы пайғамбарымыздың алдына апарыла-
ды. Аллаһ расулы оларға: 
– Әй, Әбул Хуқайқ ұлдары, – деді. «Мен сендердің 
Аллаһ пен расулына деген дұшпандықтарыңды 
білемін. Бірақ бұл дұшпандықтарың сендердің 
адамдарыңа қамқор болуыма кедергі болған жоқ, олжа 
заттардан бір нәрсені менен жасырмау шартымен сен-


184
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
дерге де қамқор боламын. Сендер де білесіңдер, менен 
бір нәрсе жасыратын болсаңдар, біз үшін сендердің 
қандарыңды төгу рұқсат (адал) болады, Аллаһ пен 
расулының қамқорлығынан мақұрым қаласыңдар!
Қане, енді айтыңдар, сендерді Мәдинадан кетірген 
кезімізде меккеліктерге аманатқа беріп келген әшекей 
заттарың мен нақты ақшаларың сақталған саба қайда?»
Мәселе алтын мен күмістерге қол жеткізу емес, 
ештеңеге қарамастан адамдардың екіжүзділігін 
анықтап, одан кейінгі қарсылықтарына кедергі болу, 
жаңадан күш жинатпау еді. Алайда, олар өтірікке де 
әккі еді: 
– Әй, Әбул Қасым! Біз оларды соғыста жұмсап 
тастадық, уаллаһи, олардан ештеңе де қалған жоқ! Бізді 
Мәдинадан қуған кезіңнен бастап солармен күн көрдік, 
соғыс пен азық-түлік қажеттілігіне олардың барлығы 
жаратылды, түк те қалған жоқ!
Көпе-көрнеу өтірік айтып тұр еді, Аллаһ расулы 
бұл өтіріктерінің өздеріне қиын соғатынын ескертіп, 
сол себептен де: 
– Айтқан сөздеріңе абай болыңдар, – деді. «Ол 
кезден бұған дейін көп уақыт өткен жоқ, ал тығылған 
зат өте көп, аз уақыттың ішінде мұншама зат қалай 
жұмсалады? Не дейсіңдер, бұл қазынаны сендерден 
тапсам, онда Аллаһ пен расулының сендерге жасасып 
келе жатқан қамқорлығы тоқтатылсын ба?» 
– Иә, тоқтатылсын! 
Кинана бұларды айтқан кезде араларынан бір 
яхуди оған жақындап келіп, былай деді: 
– Мұхаммедтің сенен сұраған нәрсесі егер сенде 
болса немесе сен ол туралы бір нәрсе білетін болсаң 
оны айт та, өміріңді сақтап қал! Әйтпеген жағдайда 
Мұхаммед оны табады. Өйткені, Аллаһ оны бұдан 


185
Даулы Хайбар мәселесі
басқа да біз білмейтін нәрселерден хабардар еткен! 
Сөзін айтып бітірместен ол адам Кинананың қатал 
жазасына ұшырап, кері шегініп, бір бұрышта тұрып 
қалды. Кинананың алдында басқалар да үндей алмай, 
білгендерін айтуға дәті жетпеді. 
Сол кезде Аллаһ расулының қасына Салаба деген 
ақылы кемістеу бір яхуди әкелінді. Ол Кинананың 
күнде таңертең қоқыс тастайтын жерде жүретінін 
көргенін айтты. Сонда пайғамбарымыз қайтадан 
Кинанаға қарап: 
– Не дейсің? Егер бұл жерден қазынаны тапсақ, 
сені өлтіруге мәжбүр боламыз, – деді. Ол тағы да: 
– Өлтіріңдер, – деп сыр бермеді. 
Осы мезет Расулаллаһ Салабаның көрсеткен жерін 
қазып, шыққан нәрсені өзіне алып келуді бұйырды. 
Салабаның ақылы кемдеу болатын, бірақ айтқаны 
рас еді. Өйткені, көрсеткен жеріне барған сахаба көп 
өтпестен қазынаның бір бөлігін шығарып, Аллаһ расу-
лына алып келді. Алайда, бұл аталмыш қазынаның бәрі 
емес болатын, екіге бөлініп екеуі екі жерге көмілген 
екен. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
тағы да 
Кинанаға қарап сұрақ қойды, бірақ ол үн шығармады. 
Кинананы сөйлету үшін араға Зүбәйір ибн Аууам да 
араласты, бірақ одан да нәтиже шықпады. Кинананың 
малы жанынан да артық еді, малы туралы бір ауыз да 
сөз айтпады. 
Қазынаның қалған бөлігі туралы мәселе ашыл-
мастай болып көрінді. Қазынаның бар екені белгілі, 
бірақ оның қайда екенін ешкім айтпады. Міне, дәл 
осы кезде Аллаһ расулының жанына Жәбірейіл Әмин 
келіп, пайғамбарымызға қазынаның орнын хабарлады. 
Сонда Аллаһ расулы 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
ансарлардан 
бір сахабаны жанына шақырып, Жәбірейілдің айтқан 


186
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
жерін айтып, сол жерді қаздырып, табылған нәрсені 
алып келуді бұйырды. Осы кезде Кинанаға қарап, 
пайғамбарымыз 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)

– Сен енді нағыз өтірікшісің, – дейді. Аллаһ расулы 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
тағы бір қадам аттап, хазірет Әбу 
Бәкір, хазірет Омар, хазірет Али және хазірет Зүбәйір 
сияқты беделді кісілер мен яхудилерден он адамды 
куә етті. Не болатынын білген еді, шешімнің ортақтаса 
отырып қабылданғанын қалады. 
Осы кезде айтылған жерге барып, қазып алған 
түйенің терісін алып келген ансарлардың қолында 
он мың динарлық қазына тұрды. Аузын ашып, жерге 
төккен кезде жерге қаншама алтын, білезік, алқалар, 
сырға, моншақтар, жүзіктер, інжу-маржан секілді 
бағалы тастардан жасалған әшекейлер төгілді.
Барлық нәрсе анықталды, енді адамдар Кинананың 
қашан өлтірілетінін ойлап тұрды. Өйткені, Кинана 
қолдана алмайтын малы үшін бұзған келісім-шарт бой-
ынша көзбе-көз және өз еркімен өлімді таңдаған еді. 
Бұрын шейіт еткен бауырлары Махмудтың құны үшін 
Аллаһ расулы 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
оны және бауыры 
Рәбиді Мұхаммед ибн Мәсламаға тапсырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет