МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет64/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Екінші келісімшарт
Хайбардан кетуді өз еріктерімен қалап, ұсынған 
яхудилер пайғамбарымызға келіп: 
– Уа, Мұхаммед! – деді. «Бізді осында қалдыр, егін 
істерімен айналысайық, алған өніміміздің жартысын 
саған берейік!»
Дәл бір қарсы шығып жүргендер бұлар емес секілді. 
Меккеліктермен жақын байланыс құрып, айналадағы 
тайпаларды да жолдан тайдырып, Мәдинаға қарай 
жорыққа шығу жоспарын құрған бұл адамдар игере 
алмаған күштерінің алдында әлсіз қалып, енді түк 


187
Даулы Хайбар мәселесі
болмағандай Аллаһ расулынан рақымшылық тілеп тұр 
еді.
Мәселенің екі жағы бар: алдымен мұны олардың 
талап етуі маңызды болатын және бұл қойылған 
талаптардың барлығын қабылдауға дайын сәт. Соңғы 
үкім пайғамбарымызға тән болатын, қазір бұған рұқсат 
берсе де қалаған кезінде бұл келісім-шартты бұзу 
құқығына ие болатын. Сондай-ақ, Хайбар Мәдинаға 
алыс еді. Бұл жердің күтімі оңай нәрсе емес болатын. 
Оның үстіне хайбарлықтар өз жерлерін жақсы білетін, 
қай жерге не ексе, қанша өнім алатынын өздері жақсы 
білетін.
Мәселенің тағы бір маңызды жағы осы арқылы 
хайбарлықтардың әрдайым бақылауда ұстауға 
болатындығы еді. Олар егін, жиын-терім мәселелері 
арқылы сахабалармен кездесіп сөйлеседі, бәлкім 
осылайша Исламның әсемдіктерімен де танысу 
мүмкіндігіне қол жеткізуі мүмкін. Олай болса, 
олардың ұсыныстарына оң көзбен қараудың зияны 
жоқ, пайғамбарымыз оларға тағы да құшағын ашып: 
– Аллаһ рұқсат еткен мерзімге дейін сендерді 
Хайбар жеріне қалдырамыз, – деп ұсыныстарын 
қабылдады және ол жерді оларға тапсырды. Мұның 
қайтарымы ретінде олар алған өнімдерінің жартысын 
жыл сайын Аллаһ расулына өткізетін болды. 
Бұл міндетті атқару үшін Абдуллаһ ибн Рауаха сай-
ланды, ол жыл сайын келіп хайбарлықтардың өнімдерін 
санап, екіге бөліп, жартысын алып, Мәдинаға қайтты
66

66
Осы арада Ибн Уәйна ибн Хысн мен Бәни Фазаралар олжадан үлес 
алу үшін қайтадан келіп, пайғамбарымызды көндіруге тырысты. 
Көндіре алмайтындықтарын түсінгеннен кейін енді қоқан-лоққы 
жасай бастады. Алайда, одан да нәтиже шықпады, өйткені, расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
оларға кездесетін орындарын да көрсетті, 
қорқытқандарына құлақ та аспады. Қолдары бос қайтып бара жатқанда 


188
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет