МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет145/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Жамралар және қоштасу
Іле Меккеге бет алды. Қағбаға барып, «ифада» 
тауабын жасап, түскі намазын оқымақ болды. Арты-


424
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
нан Абдулмұтталибұлдарының жанына барды. Өзіне 
ұсынылған зәмзәм суынан ішті.
Сол күні қайтадан Минаға келді. Сол түнді осында 
өткізбек. Ертесі күн еңкейгенге дейін осында күтті. 
Күн еңкейе бастағанда әуелі бірінші, артынан екінші, 
соңында үшінші жамраның жанына барып шайтанға 
тас лақтырды. Сонда тұрып сахабаларына дауыстап, 
айтпақ ойларын тағы да шегеледі. 
Ташриқ күндері шайтанға тас лақтыру ісін 
аяқтағаннан кейін қайтадан Қағбаға келіп, түннің 
кешкі уақыттарында Қоштасу тауабын жасады. Міне, 
қоштасу уақыты да жетті. Сахабаларына дайындалуға 
бұйрық берді. 
Зилхижжа айының он сегізі. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
қайтадан Мәдинаға қарай бара 
жатып Жұхфағанға жақын жердегі бір құдықтың 
басында тұрып, тағы да сахабаларына өсиеттерін 
айтты. Оларға былай деді: 
– Әй, адамдар, абай болыңдар! Күмәнсіз, мен де 
адаммын, Раббымның елшісі келсе, ұзаққа бармаспын. 
Сендерге екі нәрсе қалдырып барамын. Олардың 
әуелгісі ішінде тура жол мен нұр бар Аллаһтың кітабы, 
соны мықтап ұстаныңдар. Екіншісі, менің әхлі бейтім. 
Әхлі бәйтіме мұқият қараңдар, әхлі бәйтіме мұқият 
қараңдар!
Осы кезде күйеубаласы хазірет Алидың қолынан 
ұстап түрегелтіп:
– Мен кімнің жанашыр жақыны болсам, жақсы 
біліңдер, бұл да соның жанашыр жақыны, – деді. Іле 
қолын жайып: 
– Аллаһ тағалам! Алиды жанашыр жақын көргенді 
сен де өзіңе жақын қабыл ет. Одан жүзін бұрып 


425
Уақыт жақындады 
дұшпандық еткенге сен де дұшпан екеніңді жарияла, – 
деп дұға етті. 
Қайта жолға шықты. Мәдинаға жеткенде үш рет 
тәкбір айтып, былай деді:
– Аллаһтан басқа құдай жоқ, Аллаһ жалғыз, мүлік 
те, мақтау да Аллаһтыкі, Аллаһтың барлық нәрсеге 
құдіреті жетеді. 
Раббымызға қайтушыларданбыз. Тәубе етіп 
Аллаһқа бет бұрып, тек Аллаһқа ғана құлшылық 
етеміз. 
Аллаһ уәдесін орындады. Құлына көмек берді. 
Ахзаб әскерін де жалғыз өзі быт-шыт етіп, жеңіліске 
ұшыратты. 
Осы дұғаның артынан Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) 
күндіздің бір уақытында қайтадан Мәдинаға 
келді. Әуелі Нәбәуи мешітіне келіп, осында екі бас 
намаз оқытқаннан кейін құтты шаңырағына бет алды. 
Қажылыққа 
дейінгі 
құжынаған 
көпшілік 
Мәдинадан кейін қайта жанданды. Исламның әсемдігі 
күн өткен сайын кең аймаққа тарай берді. Осы 
мақсатта Жәрир ибн Абдуллаһ Йеменге жіберілді. 
Хымияр патшаларынан Зүлкала ибн Накур мен Зу Амр 
мұсылмандыққа өтті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет