МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет142/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Басқа да жайттар
Бір жағында осындай жайттар болып жатқанда
екінші жағынан адамзаттың өмірлік сапары жалғасып, 
біреулер туылып, енді біреулер қайтыс болып жатты. 


413
Шуақты әлемдегі кеңпейілдік
Хабашистаннан бір хабар жетті. Көп жылдардан 
бері мүминдерге қамқорлық жасап, оларға пана болған 
Нәжаши өмірден озды. Өте опалы жан пайғамбарлар 
падишасы бұл хабарды әуелі сахабаларымен бөлісті. 
Артынан оларды сырттай мүмин Нәжаши үшін жаназа 
намазын оқуға шақырды: 
– Бүгін сендердің ізгі бір бауырларың өмірден 
озды. Тұрып, ол кісінің жаназа намазын оқыңдар, – 
деп, Мәдинада тұрып, Хабашистандағы Нәжашидың 
жаназа намазын оқытты. Бұл ізгі бауыр Меккенің 
қыспағынан қажыған мұһажирларды бауырына 
басқан Хабашистан патшасы Асхама еді. Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
екі арадағы осыншама қашықтыққа 
қарамастан өзгеше бір опалылық көрсетіп, сырттай 
оған дұға етті. 
Рабиулаууал айының Сейсенбі күні еді. 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
әл үстінде жатқан 
сәбиі Ибраһимның жағдайын білуге барды. Бұл 
кез Ибраһимның соңғы демі шығайын деп жатқан 
кез еді. Көңілі жабырқап, көзінен жас парлады. 
Жанындағылардың бірі: 
– Уа, расулаллаһ, – деді, – сен де жылайсың ба? 
Бізге өлген кісінің артынан жыламауды тапсырмап па 
едің?
Әлгіге қарап былай деді:
– Көзден жас парлар, жүрек жабырқар. Бірақ 
мен ұлы Раббыма қарсы ештеңе айтпаймын. Мен 
өлген кісінің артынан шашын жұлып, бетін тырнап
жаһилияда болғандай айналаны шулатып, ойбайлап, 
озандап жылауға тыйым салдым. 
Жуылып, кебінделген сәбиді жаназа намазын 
оқығаннан кейін, Бақи мазаратына апарып, Осман ибн 


414
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Мазунның жанына жерледі. Алғаш рет сахабаларынан 
су сұрап, оны ұлы Ибраһимнің қабірінің үстіне септі. 
Сол күні Мәдинада күн тұтылды: 
– Ибраһимнің өлгеніне күн тұтылды, – деген сы-
быстар естілді. Осы сөз құлағына жеткенде, мінберге 
шығып:
– Уа, адамдар! – деді, –Күн мен Ай Аллаһтың 
құдіретін көрсететін екі белгі екені күмәнсіз. Бұлар 
біреудің өлгені я туылғанына қарай тұтылмайды. Күн 
мен Айдың тұтылуына куә болсаңдар, дереу мешітке 
жүгіріп, сол жағдай реттелгенге дейін Аллаһқа дұға 
етіп, намаз оқыңдар!
Соңғы кездері Аллаһ расулының жанына Жәбірейл 
әминнің келуі жиіледі. Осы жылы Рамазан айында 
Құранды екі рет өзара бір-біріне оқып, қай аяттың қай 
сүренің қай тұсына келетіні, сүрелердің ретіне қарай 
орналасуы да анықталды. 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
тағы да осы 
уақыттарда жеке басы оңаша қалғанды көңілі қалап, 
ерікті түрде бір ай бойы әйелдерінен бөлек тұрды. Тіпті 
бұл жағдайда оларға қаласа, ары қарай өзімен тұруға, 
қаламаса бөлек кетулеріне ерік берді. Өйткені кейбірі 
өзінен дүниелік жағдай жасауды талап еткен болатын. 
Олар осы қылықтарымен Расулаллаһтың іс-әрекетін 
нақтылағысы келгендей. Бұл елге жанашырлықтан 
басқаны ойламайтын Расулаллаһты ренжіткен жағдай 
еді. Сол себепті оларға дүние мен ақырет игілігінің 
қайсысын таңдау еркін ұсынды. 
Бар іс-әрекетімен елді бір жөнге салуға тырысып 
жатқаны белгілі. Реті келгенде дауыстап айту арқылы, 
реті келгенде үнсіздікке берілу арқылы адамдарға 
әлденені ұқтырғысы келіп, соңында әрбірінің келіп 
өзіне мойынсұнғанын қалады. 


415
Шуақты әлемдегі кеңпейілдік
Осы уақыттарда Жәбірейіл әмин адам бейнесінде 
келіп, тізесін тізесіне тигізіп, Расулаллаһтан, иман, 
ихсан, исламның не екендігін және қияметтің қашан 
болатынын сұрады. Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
әрбіріне түсініктеме беріп, бірақ қияметтің қашан 
болатынын ешкімнің білмейтінін айтты. Жауапты 
естігеннен кейін «Рас айттың» деген әлгі бөтен кісінің 
жағдайы сахабалардың таңданысын тудырды. Өйткені 
бұл келген кісі әрі сұрақ қойып, әрі алған жауаптың 
дұрыс екенін айтып еді. Әлгі кісі тұрып кеткеннен 
кейін Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
сахабаларына 
қарап: – Бұл келген кісінің кім екенін білдіңдер ме? 
– деді. Өзіне сұраулы жүзбен қараған сахабаларына: – 
Ол Жәбірейіл періште еді, сендерге дінді үйрету үшін 
келді, – деп түсіндірді. 


416


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет