МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет148/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   155
Күн батып барады 
Бір жағынан белсенділік жалғасқанмен, Аллаһ 
расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
сахабаларымен қоштасуды 
әлдеқашан бастап, жүзін Ұлы досқа бұрып еді. Бір 
жылдан бері осы қоштасудың белгілерін беріп келді. 
Хазірет Муазды Йеменге жібергенде айтқандары мен 
Қоштасу қажылығында сахабаларына айтқандары да 
осы қоштасудың белгілері еді. 
Алғашқы жылдардан өзгешелігі сол, осы жылдың 
Рамазан айында жиырма күн иғтикаф жасады. Шын-
туайтында, әуелгі жылдары он күн иғтикаф жасайтын. 
Бұған қоса, Жәбірейіл әмин келіп, осы жылы екі рет 
бірге отырып Құранды хатым еткен болатын. 
Сахабаларын бауырына аманаттаған Ұхыдты зиярат 
етті. Осы кезде маңайындағылармен қоштасқанындай 
олармен де сөйлесіп, сәлемдесіп, әрбірімен жеке-же-
ке қоштасты. Олармен қоштасқаннан кейін мінберге 
шығып, сахабаларына былай деді: 
– Күмәнсіз мен сендермен қауышқым келеді. Сен-
дерге куә менмін. Аллаһқа ант етейін, дәл қазір мен 
хауызымды көріп тұрмын. Жер беті қазыналарының 
кілттері маған табысталғанын көріп тұрғандаймын. 
Уаллаһи, мен сендер ширкке ұрына ма деп емес, 
ширк төңірегінде бір-бірімен қырқыса ұрына ма деп 
алаңдаулымын
170
.
170
Бұхари, Сахих, 1/451 (1279), 3/1317 (3401); Мүслим, Сахих, 4/1795 
(2296)


431
Уақыт жақындады 
Сапар айының соңғы дүйсенбісі еді. Сахабаларының 
бірі жайлы соңғы міндетін орындау үшін тағы 
да жаннатул-бақиға келді. Өзінен бұрын осында 
аманаттаған сахабаларын да ұмытпапты. Олардың 
да жанына соғып, әрбірімен жеке қоштасқандай күй 
кешті. Бәрімен қоштасқаннан кейін жанындағы басы 
азат құл Әбу Муайхыбқа былай деді:
– Әй, Әба Муайхыб! Дәл қазір маған дүние 
тіршілігінің қазыналарына жеткізетін кілттер мен 
осында мәңгілік болу мүмкіндігі, артынан жұмақ уәде 
етілді. Раббыма қауышу үшін жұмақ пен осылар ара-
сында таңдау жасау маған берілді. 
Бұндай таңдау берілгеніне қуанғанын білдіріп Әбу 
Муайхыб: 
– Әке-шешем жолыңда құрбан болсын, уа, 
расулаллаһ! Әуелі дүние тіршілігінің қазыналарына 
жеткізетін кілттерді, осында мәңгілік қалуды, артынан 
жұмақты таңда! – деді. 
Алайда Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
өз таңдауын 
әлдеқашан жасап қойған болатын:
– Уаллаһи, әй, Әба Муайхыб, мен Раббыма 
қауышуды әрі жәннатты таңдадым!
Қайтарда басы қайта қатты ауыра бастады. Дене 
қызуы да барынша көтерілді. Дене қызуы қатты 
көтерілгені сонша, басына таңған сәлденің сырты-
нан білініп тұрды. Дереу сауығатын ауру еместігі 
байқалды. Осындай жағдайда он бір күн бойы намаз-
дарын сахабаларымен бірге оқыды. 
Түрегеп тұруға да көбіне әлі келмей, екі жағынан 
демеу арқылы намазға шығып жүрді. Сондықтан да 
Фадл ибн Аббас пен хазірет Али екеуі қолтықтап 
пайғамбарлар падишасын хазірет Айша анамыздың 
үйіне апарды. Соңғы күндерін осында өткізуді қалады. 


432
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Сәрсенбі күні ауруы асқынып, дене қызуы да тым 
көтеріліп кеткендіктен, талып қалды. Сонда да сахаба-
ларынан жырақтап қалғысы келмей, сәл өз-өзіне кел-
генде:
– Әр түрлі құдықтан алынған судан үстіме жеті 
рет құйыңдар, мен жұртпен бақұлдасайын, – деді. 
Айтылғандар істеліп, біршама уақыт өткеннен 
кейін: 
– Жә, жетер, жеткілікті, – деді де әрең орнынан 
тұрып, мешітке қарай қадам басты. Мешітте: 
– Әй, адамдар! Маған жақындаңдар! – деді. Саха-
баларын жанына шақырғанына қарағанда маңызды бір 
айтпақ ойы бары белгілі еді. Әуелі басқа үмбеттердің 
қателіктерін айтып өтті. Артынан: 
– Менің мазарымды ешқашан құлшылық орнына 
айналдырушы болмаңдар! – деді. 
Өн-бойынан жақында өмірмен қош айтысатындай 
көңіл күй байқалып тұрды. Сол себепті елдің бәрімен 
бақұлдасуды жөн санап:
Араларыңнан кімді ренжітсем, міне, арқам, келіп, 
таяғымен ұрып, өшін алсын. Кімге ауыр сөз айтып 
көңілін ренжіткен болсам, келіп, айтып, менен ақысын 
алсын, – деді. Алайда ешкімнен дауыс шықпады. 
Алайда Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
бұл сөзін түскі 
намаздан кейін де қайталады. Осы жолы бір кісі орнына 
тұрып өзіне үш дирхам қарыз екенін айтты. Осыны 
естігенде туысына қарап:
– Айтқан ақшасын бер, әй, Фадл, – деп бұйырды. 
Артынан Ансарлар жайлы былай деді:
– Сендерге Ансарлардың қадірін білуді өсиет 
етемін. Өйткені олар менің көзімнің нұры. Ансарлар өз 
міндетін толық атқарды. Ол істерінің қайтарымын да 
алады. Енді адамдар көбейіп, Ансарлар аз болып қалды, 


433


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет