МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет147/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

үсама әскері
Сафар айының аяқталуына төрт күн қалғанда
дүйсенбі күні Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
саха-
баларына сапарға дайындалуды бұйырды. Өйткені 
Римдіктерден қауіп бары аракідік естіліп жатты. 
Римдіктердің иман еткендерге жасаған адам төзгісіз 
айуандықтары да жетті. Шыдамды шегінен асырған 
жағдай Римдіктерге жақын аймақтағы Маан әкімі 
Фаруа ибн Амр душар болған жағдай болды. Өз 
аумағында Исламға тән белгілерді ұнатпаған Византия 
Пайғамбарымыздың әкімін батылы жетіп өлтірген еді. 
Қосынның тігілетін жері Журуф. Ардақты 
сахабаларға тағы да жиһадқа шығуға бұйрық берілді. 
Жаңа бір межені бағындыруға бара жатқандықтан шы-
дамсыздана бастады. Ертесі күні Аллаһ расулы 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) 
жанына басы азат құлы Зәйд ибн Харисаның 
он сегіз жасар ұлы Үсаманы шақырып оған:
– Сені дайын мына әскерге қолбасшы еттім. 
Жылдам әрекетке көш. Әкеңді шейіт еткендерге қарай 
жол баста, – деп, қай бағытқа қарай жүретінін, ол 
жақтарда нелерге көңіл бөлу керектігін әрі қалай қадам 
басуы керектігін түсіндірді. Тіпті әскерімен кетіп бара 
жатқанда, жылдам жол алу керектігін, хабарласуды 


428
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
басқарып отырар болса, жеңіске жетуі мүмкін екеніне 
назар аудартты.
Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
жас Үсамаға 
әскердің туын өз қолымен ұстатты. Хазірет Үсама туды 
алып тұрып оны хижреттің ту ұстаушысы Бүрайда ибн 
Хүсайбқа берді. Сөйтті де Журуфқа барып, мұсылман 
әскерін дайындай бастауы тиіс болды. Сол себепті 
Журуфқа асықты. 
пайғамбарымыздың сырқаты 
Сәрсенбі күні еді. Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
хазірет Үсәмаға туды ұстатқан күннің ертеңіне ауырды. 
Дене қызуы көтеріліп, басы қатты солқылдады. Өзі 
осыншалықты ауырса да әскерді соғысқа дайындатты. 
Қайта ештеңеге қарамастан осы әскердің діттегеніне 
жетуін қалап, сахабаларын да соған ынталандырды. 
Хазірет Үсәма қолбасшылық жасайтын бұл 
әскердің арасында хазірет Әбу Бәкір, хазірет Омар
хазірет Осман мен хазірет Али секілді ең айтулы са-
хабалар да бар еді. Демек, Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) 
сахабаларын жасартып, дін дағуасын жастардың 
алып жүруін қалаған. Бұған қоса, бұл бұрыңғы кейбір 
түсініктерге де балта шауып еді. Өйткені хазірет 
Үсәма азат бір құлдың баласы еді. Арабтар құлдың 
өздеріне қолбасшы болуын ешқашан қаламайтын. 
Міне, ардақты пайғамбарымыз надандыққа тән осын-
дай «пұттардың» әрбірін жеке-жеке қоғамның ішінен 
аластатты. Алайда бұны әу дегенде баршаның түсіне 
қоюы қиын еді. Хазірет Үсәманың жасының кішілігін 
әрі бет алып бара жатқан мемлекеттің сол дәуірдегі екі 
ең үлкен алып империяның бірі екенін айтып, кейбір 
кісілер қарсылық танытты. Әсіресе, Айяш ибн Әби 
Рабия секілді кісілер: 


429
Уақыт жақындады 
– Алғашқы мұһажилар бір шетте тұрғанда, мына 
жас соларға қолбасшы болмақ па? – деп, бұл істі 
тосырқап тұрғандарын білдірді. 
Сенбі күні еді. Жағдайды естігенде, басына сәлдесін 
ораған қалпы мінберге шығып, сахабаларына:
– Уа, адамдар! – деп дауыстады, – Уаллаһи, сендер 
Үсаманың қолбасшылығына қарсылық білдіргендей, 
оның әкесіне, әкесінің қолбасшылығына да қарсылық 
білдірген едіңдер. Құдай ақы, ол осы істі атқаруға ең 
лайықты жан. Мынау да анық жайт, оның әкесі мен 
үшін адамдардың ең ұнамдысы еді, ол кісіден кейін 
маған ең ұнамды жан Үсәма!
Бұл кезде хазірет Үсәмамен бірге соғысқа аттанғалы 
тұрған сахабалардың алдыңғы қатарлылары Аллаһ 
расулымен қоштасып жатты. Бір жағы бұл оның саха-
баларымен қоштасқаны мағынасына да келетін. Осы 
кезде Расулаллаһтың сырқаты барған сайын ауырлай 
берді. Алайда Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
:
– Үсәманың әскерін кері қайтарушы болмаңдар! – 
деп сахабаларына табыстады. Осы себепті сахабалар 
Журуфқа бет алып, Жексенбінің түнін сонда өткерді. 
Жексенбі күні қайтадан Аллаһ расулының жанына 
келген хазірет Үсәма көңілі босап, өз-өзін ұстай алмады. 
Өйткені Расулаллаһтың 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
дене қызуы 
қатты көтеріліп, ауруын басу үшін аузына дәрі та-
мызылып жатыр еді. Қоштасуға келіп еді. Алайда бір 
көңілі Расулаллаһты әлгіндей жағдайда тастап кетуге 
қимады. Иіліп Расулаллаһты 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
сүйді. 
Пайғамбарымыз сөйлей алмады. Қолдарын біршама 
уақыт жайып, содан кейін Үсәманың бетіне тигізді. 
Жас қолбасшыға дұға еткені белгілі еді. 
Хазірет Үсәма сол күні Журуфқа кері қайтты. 
Алайда жүрегі жұлынып Аллаһ расулының жанында 


430
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
қалып кеткендей. Сол үшін ертесі күні тағы да келді. 
Бұл дүйсенбі еді. Расулаллаһтың кешегі сырқатының 
беті қайтқан тәрізді. Хазірет Үсәма Аллаһ расулының 
бұйрығын орындау үшін әскеріне кері қайтты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет