МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет25/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Сенім үдесінен шыққан сапар
Сапар жалғасуда. Мың төрт жүз кісілік жамағат 
Меккеге қарай бет алды. Алайда осынау сапар ба-
рысында ешбіріне титтей де зиян келмеді. Жолай 
соққан елді-мекендердегі адамдарды мазалайтындай 
ешбір әрекетке жол берілмеді. Жолда кезіккен бау-
бақшаларда қандай да бір талан-тараж орын алмады. 
Сахабалар құдды көктен түскен періштелер сынды 
әсер қалдырды. Адамзат Хижазда алғашқы рет хақ пен 
әділдікті берік ұстанған жаңаша бір дүниетанымды 
көріп таң-тамаша күй кешті. 
Жолдағы ешкімнің дүние-мүлкіне көз салма-
ды. Оларды алыстан бақылағандар осы бір адами 
қасиеттерге тәнті болып, өздері келіп, Аллаһ расулы-
на сый-сыяпат, тарту-таралғы жасағылары келді. Имаа 
ибн Рахда ұлымен бірге келіп, екі жүз қой, сүт тиелген 
21
Хазірет Қағб: «Кімде-кім сырқаттанып немесе мазасын кетіретін 
қандай да бір жағдайға тап болса, ораза, садақа немесе құрбандық 
шалу арқылы пида беру қажет болады» («Бақара» сүресі, 2/196) деген 
мағынадағы аяттың өзіне қатысты түскенін айтқан. Қараңыз: Бұхари, 
Сахих, 4/1535 (3955); Мүслим, Сахих, 2/861 (1201); Тирмизи, әл-
Жамиус-сахих, 5/212 (2973); Табари, әл-Жамиул-баян, 2/232.


63
Ұмра сапары және Хұдайбия
екі түйе сыйлады. Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
алды-
мен: 
– Аллаһ сізге берекет нәсіп етсін! – деп олар үшін 
дұға етіп, артынан келген сыйды сахабаларына тара-
тып берді. 
Бұл жер бетінде жақсы қабылданып, ілтипатқа 
бөленудің бір бастамасы еді. Мұндай жағдай осымен 
шектеліп қалмады. Жолай кездескен әрбір тайпа 
сахабалардың бойындағы адами қасиеттерге қайран 
қалып, шын көңілден қолдағы нанын, ең бағалы 
өнімдерін алдарына тосып, осынау періштелер сынды 
ізгі адамдарға ілтипат көрсетіп жатты. Тіпті, Аллаһ 
расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
осы сапар барысында өзіне 
тарту етілген хош иісі бар және іші сүтке толы бір 
өсімдікті жеп соны қатты ұнатып, дәл осы өсімдіктен 
дәм татып көруі үшін оны Үмму Сәләма анамызға да 
жіберткізді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет