МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет24/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

иһрам және оған берілген үкімдер
Сол арада екі бас намаз оқылды. Негізгі ниет 
Қағбаны тәу ету. Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
де 
иһрамға кірді. Негізгі ниетті сахабаларға білдіру үшін 
түйесіне мініп, былай деді:
– Ләббәйкә Аллаһумма ләббәйк! Ләббәйкә ла 
шарикә ләкә ләббәйк! Иннәл хамда уән-ниғмәтә ләк! 
Уәл мүлк лә шәриикә ләк! – деп, тәлбиә сөзін бастады. 
Үмму Сәләма анамыз да иһрам үшін ниет етті. 
Сахабалар мұндай рәсімдерді бірінші рет көрді. 
Иһрамға да бірінші рет куә болды. Сахабалар әрбір іс-
қимылға аса ден қойып, байыппен қайталап отырды. 
Сөйтіп, көбі бірте-бірте иһрамға кірді. Бұл жерде 
кірмегендер Жұһфаға келгенде кіріп, құлшылық етпек. 
Барлығы Жұһфаға келгенше ешқандай кедергінің 
жоқтығын да білді.
Сапар жалғасын тапты. Бәйда деген жерден 
Бәни Бәкір, Жұһайна және Мұзайна қауымдарының 
маңына келген Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
оларды да ертіп алғысы келді. Бірақ, олар әртүрлі 
сылтауды алға тартып, ұмра сапарына қатыспады. 
Қағбаға қарай жылжып келе жатқан мұсылмандар 
арасында әлекімдер өзара былай деп күңкілдесіп 
келе жатты: «Мұхаммед бізді қару-жарақ пен қажетті 
құрал-жабдықтар тұрғысынан сақадай-сай, күшті бір 
қауыммен соғысуға әкеле жатыр. Мұсылмандардың 
бүгінгі халі бір соқтыққанда-ақ омақаса құлайтын 
түйеге ұқсайды. Мұсылмандардың бұл жорықтан аман 
оралмасы анық. Қарасаңдаршы, оларда жібі түзу қару-
жарақ та жоқ, соғысуға деген дайындығы сөз етуге де 
тұрмайды».
Әрбір іс-қимылы мен сөзінде адамдарды тура 
жолға шақыру және туралықты көрсетуге деген 


59
Ұмра сапары және Хұдайбия
құштарлық байқалатын сүйікті пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
жолда кетіп бара жатып, Бәни Нәхд 
тайпасының бірқатар адамдарымен кездесті. Әңгіме 
барысында тақырыпты дереу Аллаһ тағала туралы 
мәселелерге бұрды. Сөйтіп, оларды Аллаһ тағалаға 
иман келтіруге шақырды. Бірақ олар оң жауап бермеді. 
Тағдырдың тосын сыйы қарсы алдарына өзі келіп 
тұрса да, әлгілер оның қадірін тиісінше бағалай 
алмады. Дегенмен, олар Аллаһ елшісіне сүт бергісі 
келген еді. Пайғамбарымыз:
– Мүшріктің сыйлығын қабылдай алмаймын, 
– деп, сүтті ішпеді. Бірақ сахабаларына әлгі сүтті 
ақысын беріп сатып алуды бұйырды. Сахабалар 
бұйрықты екі етпей дереу сүтті сатып алды. Осы күнге 
дейін дүниесінен айырылған өздеріне жолай соққан 
талай тайпалар тарапынан тоналып, қолдарындағы бар 
Бәни Нәхд тайпасы өздері куә болған осынау мәрттік 
пен әділдікке қайран қалды. 
Ардақты сахабалар тіпті, Бәни Нәхдтің аулаған 
үш кесірткесін сатып алып, сол жерде отырып бірге 
жемекші болды. Содан ихрамға кіргендердің ойына 
ихрамда жүргенде аң аулауға тыйым салынғаны түсті. 
Осы себепті өздері ауламаған осы бір жәндікті жеуге 
қатысты үкім сұрады. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм)
:
– Жей беріңдер! – деп бұйырды. Артынан: «Өздерің 
аулаған және сендердің тапсырыстарыңмен ауланған 
аңдардан тыс құрлықтағы жан-жануар сендерге адал. 
Ихрамда жүргенде оларды жей берулеріңе болады» 
деді. 
Сахабалар әрбір қадамын басқан сайын дін 
тұрғысынан жаңа нәрселер үйренумен болды. Әбуә 


60
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
деген жерге келгенде құрбандық малдарды қарауға 
жауапты хазірет Хажия келіп:
– Уа, Аллаһтың елшісі! Түйелердің бірі жүруге 
шамасы келмей, тұралап қалды. Не істейміз? – деп 
сұрады. Пайғамбарымыз:
– Бауызда да, мойнындағы арқанын қанына ба-
тырып ал. Бірақ етінен өзің де, басқа жолдастарың да 
жемесін. Етін бөтен адамдарға беріңдер, – деді. 
Сахабалар арасында Әбу Қатада әлі ихрамға 
кірмегендер арасында болатын. Жиырма кісілік бар-
лаушы жасақпен бірге аттанып, бірталай жерге жеткен 
еді. Тынығып алу үшін бір жерге тоқтады. Аяқкиімінің 
бауын байлаумен әлек болып жатқанда бір мезет қарсы 
алдарынан бір жабайы аң шыға келді. Жанындағы 
серіктері ихрамға кіріп қойғандықтан ештеме істей 
алмады. Бірақ Әбу Қатаданың аулап алуын қалады. 
Етінің халал болуы үшін олар Әбу Қатадаға ымдап 
болсын көрсете алмай іштен тынып қарап тұрды. Әбу 
Қатада қараймын дегенше әлгі алай қашып кетпе-
се екен деп уайымдады. Ақыры Әбу Қатада да аңды 
көрді. Көрген бойда сала дереу садағын асынып, атқа 
қонды. Дегенмен, асығыстық үстінде жебесі мен найза-
сын алуды ұмытып кетіпті. Жолдастарына үн қатып, 
жебе мен найзасын алып беруді өтінді. Бірақ жолдаста-
ры бұдан тартынды. Өйткені, аң аулау барысында оған 
көмектессе, етін өздері жей алмайтынын жақсы білді. 
Сондықтан олар:
– Уаллаһи, бұл істе саған көмектесе алмаймыз, – 
деді. Әбу Қатада бұған қатты ашуланды. Атынан түсіп, 
қару-жарағын алып қайта атқа қонды. 
Көп ұзамай-ақ Әбу Қатада аулап алған аңын артып 
алып серіктеріне оралды. Сапар барысында Аллаһтың 


61
Ұмра сапары және Хұдайбия
тосын тартуы деп барлығы қуанып, мәз-мейрам бо-
лысты. Олар ендігі жерде ихрамға оранып алған 
соң ауланған аңның етінен жеу мәселесінде күдік-
күмәнға түсті. Дегенмен, алайдың етін асып, жақсылап 
қарындарын тойдырып алды. 
Әбу Қатада алайдың қолетін Аллаһ расулына 
сақтап қойды. Келіп жағдайды баяндағанда, Аллаһ 
расулы:
– Араларыңнан біреу аңды бұрын көріп, оны аулау 
керектігі жайлы нұсқау берді ме? – деп сұрады. Саха-
балар:
– Жоқ! – деп жауап қатқаннан кейін Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
– Қалған етінен де жеңдер. Өйткені, ол Аллаһтың 
сендерге тарту еткен адал тартуы, – деді. Содан кейін 
Әбу Қатада қайта бұрылып:
– Әлгі еттен қалып па еді? – деп сұрады. Әбу Қатада 
пайғамбарымызға деп алып қойған аңның қолетін оған 
тарту етті. Ихрамда болғанына қарамастан Аллаһ 
расулы да аңның етінен ауыз тиді. 
Сахабалар Хұдайбияға келгенде сахабалар ара-
сынан Қағб ибн Ужраның басындағы жараға шыбын-
шіркей үймелеп, әбден мазасын алды. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
қасына келіп жағдайын көргенде:
– Басыңа үймелеген мына шыбын-шіркей мазаңды 
кетірді ме? – деп сұрады. 
– Дәл солай, – деген жауапты естігенде:
– Сенің дәл осылай шарасыз қалатыныңды ойла-
мап едім, – деп, шашын алдыруына рұқсат берді. Ар-
тынан былай деп ескерту жасады:


62
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
– Осы себептен сен үш күн ораза ұста. Алты 
пақырдың қарнын тойдыр немесе ыңғайыңа қарай бір 
құрбандық шал
21
.
Міне, осының барлығы ихрамда болған кезде бір 
мүміннің қалай әрекет етуі керек екенін көрсететін 
мысалдар болып табылады және сахабалар да мұндай 
жайттармен алғаш рет бетпе-бет келіп отырған бола-
тын. Олар қадам басқан сайын дінге қатысты жаңа бір 
жайтты үйреніп, Аллаһқа тіптен жақындай түсу үшін 
құдды бір-бірімен жарысқа түскендей еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет