МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет49/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
– Айт, «Ей, әһли кітап! Сендер мен біз бірігетін 
ортақ және әділ сөзді қабылдайық: Аллаһтан басқаға 
құлшылық етпейік... Оған еш нәрсені серік етіп 
қоспайық. Ешкім ешкімді ие тұтпасын. Егер бұны 
қабылдамаса, оларға «Біздің Аллаһтың бұйрықтарына 
бағынған мүміндер екендігімізге куәгер болыңдар» 
деңдер
43
».
Хатты түгел тыңдаған грек патшасы Гераклий 
былай деді: 
– Уаллаһи, мен Дәуітұлы Сүлейменнен кейін 
«Бисмилләһир-рахманир-рахим» 
деп 
бастала-
тын мұндай хатты бұрын көрген емеспін. Сосын 
қасындағыларды сыртқа шығарып, христиан дінінің 
ең білгір адамдарын алдырып, пікірін сұрады. Дінбасы 
Ускуф: 
– Өзінен басқа тәңір болмаған құдіретті күшке 
ант етемін, күмәнсіз, ол Мұса мен Исаның бізге 
келетінін хабарлаған, өзіміз келетінін күтіп жүрген 
пайғамбар, – деді. Өте маңызды жол айрығына келіп 
тұрғандай еді Гераклий, сосын Ускуфтан сұрады:
– Жә, енді сен маған не істе дейсің? Не істесем 
болады?
– Оған бағынғаның жөн, – деді көзіне жас алған 
дінбасы. Алайда, Гераклийдің басқа уайымы бар еді:
– Сені түсініп тұрмын, – деді әуелі. Бірақ, оған 
бағынуға қауқарым жетпейді, өйткені, олай жасайтын 
болсам биліктен айрыламын, әрі мені гректер өлтіреді! 
Осы кезде оның есіне жұлдыздарға қарағанда көрген 
нәрсесі түсіп, хазірет Дыхияны шақырып сүндеттеліп-
сүндеттелмегенін сұрады. Нәтиже өзі күткендей еді. 
Аллаһ расулы 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
сүндетті бұйыратын 
және сахабалары сүндеттелген болып шықты. 
43
«Әли Имран» сүресі, 3\64


143
Елшілер және Исламды тарату кезеңі
Гераклий үшін уақыт тарыла түскендей, алды-
мен Аллаһ расулының хатын алып, маңдайына басты, 
сосын алып сүйе бастады, сосын оны жібек матаға 
орап, сақтап қойды. 
Артынша бір хат жазып, Римнің пікірін алғысы 
келді. Сол жерде Дағатыр деген тең құрбы досы бар 
болатын, соның ойын білгісі келді. Алайда, бұл хатқа 
жауап келгенше біраз уақыт өтіп кетті. Бұл жауап 
келгенге дейін мәселені айқындайтын басқа дәлел 
қажетсініп қасындағылардан сұрады: «Пайғамбар 
екенін жар салған бұл адамның қауымынан біреулер 
бар ма бұл маңда?»
Бір кезде Ғазза маңынан құрайыштықтардың бір 
керуені табылды. Сол күні бұл керуеннің ішінде Әбу 
Суфиян бар болатын. Әбу Суфиян келгенде патша 
оған сұрақ қоя бастады. Алған жауаптарынан хазірет 
Мұхаммедтің 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
пайғамбарлығы мен 
бұрынғы пайғамбарлардың міндеттері мен істерін са-
лыстыра келе, оның күтілген нәби екенін айтудан тар-
тынбады. Сосын айналасындағы грек ұлықтарының 
өз сарайына жиналуын бұйырды. Барлығы келгеннен 
кейін сарайдың есіктерін жаптырды. Биіктеу жерге 
шығып отырып, өзінің айтқандарына басқалардың 
қалай қарайтынын білгісі келді. Ол сөзін:
– Ей, грек қауымы! Қолыма Ахметтің хаты келді, 
уаллаһи, ол Исаның сүйіншілеген әрі бәріміз күткен 
пайғамбар! Кітаптарымызда ерекшеліктері жазылған
келетін күнін күтіп жүрген нәбиіміз. Ендеше, келіңдер, 
сендер де Мұхаммедке иман келтіріп, бағыныңдар, ар-
тында сап құрыңдар, дүние мен ақыреттерің сендер 
үшін саламатты болсын!
Гераклийдің бұл айтқаны грек зиялыларының 
ызасын тудырып, сарайдың іші у-шу болып даурығып, 
барлығы Гераклийге наразылық білдіре бастады. Пат-


144
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
шаларына жиренішпен қарап, кейбіреулер демде теріс 
айналып сыртқа шығып кетпек болады. Есікке барған 
кезде шыға алмай, одан сайын ашуланды. 
Бұларды жоғары жақтан бақылап тұрған 
Гераклийдің иман мәселесіндегі қаупі арта түсіп, 
іштей қорқа бастады. Бұлармен байланысын үзген 
жағдайда билігі мен өміріне қауіп төнетінін аңғарды. 
Сондықтан да:
– Бері келіңдер! – деп арттарынан айқайлады. 
Жендеттеріне қашқандарды алып келуді бұйырды. 
Онсыз да сыртқа шыға алмай тұрғандар патшаның бұл 
қылығына таңданып, кері қайтып, не айтады екен деп 
құлақ асты. – Ей, грек қауымы! Жаңағы сөзді сендердің 
діндеріңе қаншалықты берік екендеріңді білу үшін 
сынап айтқан едім. Байқауымша, мені қуантатындай 
әрекет жасадыңдар!
Бұл сөз грек зиялыларын қуантып, бұл жолы да 
үлкен ілтипатпен, тағзым етіп, оның алдында сәжде 
жасай бастады. Істің шиеленіскенін, патшаның тайқи 
бастағанын байқаған Ускуф біле тұра адамдардың 
мұны қабылдағысы келмегеніне шыдай алмай:
– Мен куәлік етемін, Мұхаммед – Аллаһтың 
расулы, – деп айқайлады. Бір сәтте барлығы назарын 
соған аударып, аса бір жиренішпен қарады. Сол жерде 
жабыла кетіп, Ускуртты ұрып өлтірді
44
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет