Хабашстанмен қоштасу
Дайындықтар біте сала Нәжаши көптеген
сыйлықтар беріп, еліндегі мұхажырларды кемеге
мінгізіп, Мәдинаға жіберді. Он бес жылдық сағыныш
139
Елшілер және Исламды тарату кезеңі
бітуге жақын еді, құлағы әрдайым Мәдинада болған
сахабалар жылдар бойғы сағынышқа нүкте қойып,
хижреттерін екінші сапармен нығайтты.
Олар қуанған кезде мұңайған Нәжаши болды.
Осыншама жыл өздеріне сіңісіп кеткен достары Хабаш-
станнан кетіп бара жатыр еді. Жалғыз тілегі олардың
аман-есен Мәдинаға жетуі. Сол үшін қолынан келген
көмегін аямады.
Әуелі Амр ибн Үмәйяның қолына екі хат ұстатты,
олардың бірінде Үмму Хабибаның некесін қиғаны,
ал екіншісінде сахабаларды Мәдинаға жолдағанын
жазды. Тіпті, қаласа өзінің де баруға дайын екенін,
Аллаһ расулына деген құрметін білдірді.
Алайда, оларды жалғыз жібергісі келмеді,
қастарына өзінің баласы Ерханы да қосып, жетпіс
адамдық топпен бірге жіберуді қалады. Бұл сапарға
екі кеме дайындады, олардың біріне Аллаһ расулының
аманаттары, екіншісіне өз адамдары мініп, сахабалар-
мен бірге баратын болды
42
.
екінші хаттың Византияға жазылуы
Ол кезде Византия әлемдегі ең ірі екі мемлекеттің
бірі болатын, Аллаһ расулы
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
саха-
баларынан Дыхиятул-Кәлбиді Византия патшасы Ге-
раклийге жіберіп, берген хатты Византия патшасына
тапсыруды бұйырды.
Ол кездері Гераклий Йерусалимде болатын. Егер
парсыларды жеңсе, Хымстан Йерусалимге дейін жаяу
барамын деп уәде беріп, нәтижеге қол жеткізгеннен
кейін сөзінде тұрып Йерусалимге дейін жаяу барған.
42
Тек екінші кеме теңіздің ортасында суға батып, өз баласымен қоса
алпыс адам суға батып өлді. Қараңыз: Табари, Тарих, 2\132; Ибн
Хажар, әл-Исаба, 1\65; Ибн Әсир, Усудул-ғаба, 1\38
140
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Хатты алған хазірет Дыхия тіке Бусраға қарай жол
тартты. Бұл жерде Византияның Бусра әкімі Харисті
тауып, хатты гректердің патшасы Гераклийге жеткізу
керектігін айтты.
Хатты алған Харис пайғамбарымыздың елшісі
хазірет Дыхияның қасына жақын адамдарынан Адый
ибн Хатамды қосып, оны сол кезде Йерусалимде жүрген
Гераклийге жеткізуді тапсырды. Бұл хазірет Дыхия
үшін жаңа сапар еді. Жолға шықпай тұрып біраз кісілер
оған патшаның алдына барған кезде маңдайын жерге
тигізіп, сәжде жасауды, патша рұқсат бермейінше
басын жерден көтермеу керектігін ескертті. Хазірет
Дыхия Аллаһтан басқаға сәжде етпейтінін айтқанда,
патшаның онда қабылдамайтынын, тіпті қуып
шығатынын айтып, қорқытты.
Гераклий жұлдыздарға қарап, болжам жасай-
тын. Сол күндері Йерусалимде ауа райы бұлтты еді.
Ренішінің себебін сұрағандарға Гераклий:
– Бүгін түнде жұлдыздарға қараған кезімде
мен осы елде сүннеттелгендер арасынан бір патша
шығатынын көрдім, – деді де: – Бұл халықтың арасында
сүндеттелгендер кімдер? – деп сұрады. Жаңындағылар:
– Яхудилерден басқа сүндеттелетін ешкім жоқ,
– деп жауап берді. – Олардан қауіптенудің еш қажеті
жоқ, қол астыңдағы қалаларға пәрмен берсең, қанша
яхуди бар болса барлығын қырып салады, сонда бар
қауіптен арыласың.
Міне, осылай уайымдап жүрген кезінде хазірет
Дыхия келіп, пайғамбарымыздың хатын грек патшасы
Гераклийге жеткізді:
– Уа, патша! Мына кісі Шамнан келген араб, саған
өз жерінде болған маңызды бір іс туралы айтуға келіпті.
141
Елшілер және Исламды тарату кезеңі
Гераклий хазірет Дыхияға бір, қолындағы хатқа
бір қарады, хат араб тілінде жазылғандықтан бір
тілмәш тауып, хатты оқыта бастады:
– Рақымды әрі мейірімді Аллаһтың атымен...
Аллаһтың елшісі Мұхаммедтен гректердің ұлығы
Гераклийге... Тілмәш бұл сөздерді айтар-айтпас бетіне
патша жиенінің жұдырығы тиіп жерге ұшып түсті:
– Жазғанына қара, сенің атыңнан бұрын өзінің
атымен бастапты және де сенің билеуші екеніңді
айтпай, тек гректердің ұлығы екеніңді айтумен
шектеліпті. Бүгін бұл хат бұл жерде оқылмайды!
– Уаллаһи, сен ақылсыз немесе жынды адамсың,
– деді Гераклий. Сенің мұндай екеніңді білмеппін.
Хатта не жазылғанын оқымастан жыртпақсың ба?
Ант етемін, егер Мұхаммед өзі айтқандай шынымен
де Аллаһтың елшісі болса, хатында менің атымнан
бұрын өзінің атын жазғаны, мені гректердің ұлығы
деп жазғаны орынды. Өйткені, мен олардың билеушісі
емес, тек иесімін. Оның үстіне менен басқа иелері де
жоқ. Әрі егер Аллаһ қаласа парсылардың патшасы
Кисраға шабуыл жасап, оны өлтіргені секілді оларды
да маған қарсы жіберер еді.
Осыларды айтқаннан кейін Гераклий тілмәшқа
бұйырып, хаттың қалған бөлігін оқытты:
– Амандық пен есендік тура жолда жүргендерге!
Сөздің қысқасы, мен сені Исламның кең дүниесіне
шақырамын, мұсылман бол, тура жолды тап, сонда
Аллаһ саған екі есе сый береді! Егер бұл шақыруымды
қабылдамасаң біліп қой, халқыңның күнәсі тұтастай
сенің мойныңа артылады.
Хатта бір аят та жазылыпты. Бұл аятта Ұлы Жа-
ратушы елшісіне Гераклий сияқты әһли кітаптарға
мынаны айтуды бұйырған:
142
Достарыңызбен бөлісу: |