138
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Аллаһ расулының хатын алып оқыған Нәжаши
алдымен хатты алып сүйеді, сосын бетіне сүйкеп,
расулаллаһқа деген құрметін білдіру үшін
тақтан
түсіп, мұсылман болғанын жариялайды. Шәһәдат
келтіргеннен кейін былай дейді:
– Егер Мұхаммедтің қасына баруға мүмкіндігім
болса, міндетті түрде барар едім. Өйткені, Аллаһ куә,
ол кітап әхлі болған яхудилер мен христиандар күтіп
жүрген үмми пайғамбар! Мұса «Қашырға мінеді» деп
Исаның келетінінен хабар бергені секілді күмәнсіз
Иса да «Түйеге мінеді» деп Мұхаммедтің келетінін
білдірген. Әрине, бұл сүйінші хабардан гөрі оны көзбен
көрген қандай жақсы! Бірақ, амал не, хабаштықтардан
көмекшілерім аз, мен олардың санының артқанын және
Исламға мойын бұрғанын күтемін.
Осыларды айтқан Нәжаши Аллаһ расулының
хатын пілдің сүйегінен
жасалған бір құтының ішіне
салып, оған деген құрметін баршаға көрсетіп:
– Бұл хаттар осында тұрған кезде хабаштықтарда
қайыр мен береке болады, – дейді.
Сонымен қатар, Нәжаши сол күні Хабашстан
мұхажырларының арасында болған және күйеуі
Убәйдуллаһ ибн Жахштың
өлімінен кейін жалғыз
қалған Әбу Суфиянның қызы Үммү Хабиба мен
пайғамбарымыз үшін бір неке рәсімін өткізеді.
Бұл кездері Хабашстанда болған Амр ибн Астың
әрекеттері тағы да нәтижесіз қалып, патшадан көрген
қатаң қарсылық нәтижесінде сол күні ол да тәубасына
келді.
Достарыңызбен бөлісу: