МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет56/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

алғашқы қақтығыс
Сол күні әдеттегідей хайбарлықтар бау-
бақшаларына бару үшін үйлерінен шыққан болатын. 
Бірден алдарынан өздерін күтіп тұрған қалың әскерді 
көргенде аң-таң болып: 
– Мұхаммед пен әскерін қараңдар! – деп кері қаша 
бастады. Қашып бара жатып, өздеріне жау санаған 
мұсылман әскерін жазғыру және жақтастарына дем 
беру үшін: 
– Мұхаммед сонда бізбен соғыспақ па? Ақылға 
қонбайтын нәрсе! – деуден тартынбай, ештеңеге 
қарамастан өздерінің басым түсетінін ойлады. Істің 
осылай шиеленісе түсуі бір жағынан олардың екіге 
бөлінуіне себеп болып, бір бөлігі қамалдың ішінде 
қалып, қорғануды таңдаса, екінші бөлігі алаңға 
шығып, бетпе-бет соғысуды қалады. Биік әрі берік 
қамалдарына сенді, өйткені олардың іші азық-түлікке 
57
Аллаһ расулының мұны үш рет қайталағандығы туралы айтылды. 
Қараңыз: Мүслим, Сахих, 2\1044 (1365); 3\1426 (1365), Ахмет ибн 
Ханбәл, Мүснәд, 3\101 (12011); Нәсаи, Сүнәнул-Кубра, 3\335 (5576)


162
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
толы болатын, ағын сулары, қайнар бұлақтары да бар 
болатын. 
Әсіресе, Сәллам ибн Мишкем сияқты аузы жабыл-
майтындары: 
– Бұл жерде мұсылмандармен соғысуда ешқандай 
осалдық танытпаңдар. Онымен соғысып жүріп өлу 
жалғыз қалғаннан артық, – деді. 
Бағалы заттары мен бала-шағаларын Катибе 
қамалына орналастырып, қалған заттары мен 
азықтарын Наим деген қамалдарына тасыды. Қару 
ұстай алатындардың бәрі Натат қамалына жиналып, 
қасық қанымыз қалғанша соғысамыз деп бір-біріне 
серт берді.
Алғашқы әрекет те солардан болды, күннің 
алғашқы шапағымен Аллаһ расулы мен сахабалары-
ның тұрған жеріне Натат қамалынан оқ жауа баста-
ды, кешке дейін елу шақты сахаба жараланды. Атқан 
оқтары бір жағынан мүміндерге қару болды. Жерге 
түсе сала сахабалар оларды жинап алып, қайтадан 
Натат қамалына қарай ататын. 
Енді бірнеше күнге созылған қоршау басталды, 
мұсылман қолы кешке жаңа орынға көшіп, бұл мекен 
Хайбар қамалдарының
58
біртіндеп алынатын шаққа 
дейін соғыс майданына айналды. 
Ал, бергі жақта меккеліктер пайғамбарымыздың 
Хайбарға жорыққа шыққанын естіп, кім жеңетініне 
алаңдады. Хуайтыб ибн Абдилузза, Сафуан ибн Умәйя, 
Аббас ибн Мирдас және Нәуфал ибн Мұғауия секілді 
58
Хайбар берік қамалдардан құралған үлкен бекініс болатын, Натат, 
Шык және Катиба деген үш негізгі бекініске бөлінетін Хайбарда 
сол күні Наим, Саб ибн Муаз, Зүбәйір (Куле), Убәй (Сүмран), Низар 
(Бери), Камус, Ватих және Сүлалим деген әр түрлі қамалдар бар бола-
тын, олардың барлығы да биік жерлерде және өте мықты құрылымға 
ие болатын. Қараңыз: Хамеви, Мұғжамүл-Булдан, 2\409


163
Даулы Хайбар мәселесі
кісілер Меккеде жүз түйеге дейін бәс тігіп, Хайбарда 
кім жеңетіні туралы пікір таластырды
59



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет