МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет58/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

жаудың күшін ыдырату әрекеттері
Бір жағынан Аллаһ расулы 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
хайбарлықтарға сырттан келіп қолдау көрсеткен 
ғатафандықтарды үгіттеп, соғыстан қайтаруды ойлады. 
Бұл үшін сахабаларынан Сад ибн Убаданы бұрын өзара 
келісім жасасқан ғатафандықтардың қолбасшысы 
Уәйна ибн Хыснға жіберді. Қамалға жақындап барған 
хазірет Сад: 
– Уәйна ибн Хыснмен сөйлескім келеді, – деді. 
Бір хабар әкелгені белгілі еді. Алайда, бұл қамалдың 
ішінде жаңа бір келіспеушіліктің тууына себеп болды, 
өйткені, Уәйне есікті ашу ниетін білдірген кезде оған 
қарсы шыққан қолбасшы Мархаб: 
– Қамалдың бұзылған, әлсіз тұстарын көріп 
қояды, оны ішке кіргізбе, одан да өзің бар, – деп, 
Аллаһ расулының елшісін ішке кіргізбеді. Алайда, 
Уәйне керісінше ойлаған еді. Оның ойынша, елші ішке 
кіруі керек, қамалдардың қандай жағдайда екенін, 
қамалдағы әскер санын білуі керек болатын. Соңында 
Мархабтың айтқаны болып, Уәйне ибн Хысн қамалдың 
сыртына шығып, хазірет Садтың тұрған жеріне келді: 
– Мені саған расулаллаһ жіберді, – деп бастады 
сөзін хазірет Сад. Сосын Аллаһ расулының мына ха-
барын жеткізді оған: 
– Ұлы Аллаһ маған Хайбардың жеңісін 
сүйіншіледі, сендер кері қайтыңдар. Егер осылай 
жасасаңдар хайбарлықтарды жеңген кезімізде бұл 
жердің бір жылдық құрма өнімі сендердікі болады.
Уәйнаның бейбіт келісімге келетін ниеті болма-
ды, Хандақ күнінде де дәл осылай қасарысқан бола-
тын. Ешқашан жақтастарын жалғыз қалдырмайтынын 
айтып, хайбарлықтардың күші туралы айтып, 
өздерінің онсыз да жеңіске жетіп, мұндай нығметтерге 


166
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
қол жеткізетінін айтты. Олар ұзақ сөйлесті, алайда 
ешқандай нәтиже шықпады. Үгіттеуден ешқандай 
пайда жоқ екенін түсінген хазірет Сад кетіп бара 
жатқанда оған қарап былай ескертті: 
– Мынаны айтпады деме, бүгін саған ұсынған 
нәрселерімді бір күні бізден тіленіп сұрауға мәжбүр 
боласың, бірақ ол кезде біз саған қылышпен ғана жауап 
береміз!
Бәни Надир және Бәни құрайзалықтармен болған 
жағдайды олардың есіне салды, егер алғашқы 
ұсынысты қабылдағанда бүгінгі таңда бастарына 
келген мына жағдайдан құтылар еді. Бірақ, олар да 
қасарысып, ақыры опық жеді.
Бұл бір ұсыныс болатын, ол қабылданбаған соң 
хазірет Сад Аллаһ расулының құзырына барып, 
Уәйнаның қарсылығын айтып, өз пікірін ортаға салды: 
– Уа, расулаллаһ! Күмәнсіз, Аллаһ өзіңе берген 
уәдесін орындап, мейірімін жеткізді, олай болса сен 
мына шөлдің арабына бір тал құрма да берме! Олар 
онсыз да өздеріне қылыш көтерілгенін көрген кезде 
Хандақтағы секілді кері бұрылып, елдеріне қашады
62
.
Күн батып бара жатыр еді. Аллаһ расулы сахабала-
рына қарап: «Туларыңды алып, ғатафандықтар тұрған 
Наим қамалының іргесіне түнейсіңдер» деп, ұсынысты 
қабылдамаған ғатафандықтар бекінген қамалдарға 
шабуыл жасауды бұйырды. 
Болып жатқан бұл өзгерістерді олар да көріп тұрды, 
қамалдардың сыртында жаңа қозғалыс басталып, бұл 
қозғалыс енді біртіндеп Наим қамалына келген еді. 
62
Сол күні ғатафандықтарға жасалған осындай бір ұсыныстың Бәни 
Фазараларға да жасалғаны, бірақ олардың да бұған оң қарамағаны 
айтылады. Ибн Қайим, Задул-Мағад, 3\291; Салихи, Субулул-Худа 
уәр-Рәшад, 5\137


167
Даулы Хайбар мәселесі
Тіпті, дәл алдарына дейін келіп, туды сол жерге тіккен 
кезде жүректері ұшып, дегбірлері қашып, дөңбекшіп 
түні бойы ұйықтай алмай шықты. Оның үстіне таңға 
жақын таныс емес бір дауыс оларға: 
– Ей, ғатафан жамағаты! – деді. Жан-жақтарына 
қарағанмен ешкімді көрмейді. Барлығы үдеріп: 
– Хайфадағы отбасыларың! Отбасыларың құрыды! 
Көмекке! Көмекке! Арттарыңда түк те қалмады! – деп 
айқайлай бастады.
Ертең бастарына келуі мүмкін қиындықтарға енді 
мал-жан қорқынышы қосылып, дүниелік нығметке 
қол жеткізу үшін келген Хайбарда өмірлеріне қауіп 
төніп, енді бала-шағаларынан да айрылған еді. Қол-
аяқтары кесілгендей күй кешті. Не соғысатындай 
батылдықтары, не бойларын тіктейтіндей күштері 
қалмады, дереу елдеріне кері қайтуға шешім қабылдап, 
қамалдарын тастап шыға бастады. 
Әрине, сол түні үрейге бой алдырғандар тек 
ғатафандықтар емес еді. Олардың кетіп қалғаны 
туралы хабар Катиба қамалында болған Кинана ибн 
Әбил Хукайққа жеткен кезде ол қасындағыларға былай 
деді: 
– Біз мына шөлдің арабтарымен қашан бірігіп 
пайда көріп едік? Қашан оларға барып көмек сұрасақ та 
олар үнемі тайқақтап, берген уәделерінде тұрған емес. 
Уаллаһи, егер олар істің басында бізге көмектесеміз 
деп уәде бермегенде Мұхаммедпен соғысу жолын 
таңдамас едік! Әттең, Сәлламды тыңдап, мына шөлдің 
арабтарын көмекке шақырмағанымызда ғой! Өйткені, 
ол бізге оларды көп сынағанын, әр жолында олардың 
өздерін тастап кеткенін айтты, бізді бұл істен бас 
тартуға шақырды. Ал, біз болсақ оны тыңдамадық!


168


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет