МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет59/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Хайбарда іштей ыдырау басталған еді, енді әр 
хайбарлықтың аузында ғатафандықтардың кері 
шегінуі мен сатқындықтары сөз болды. Олардың ар-
тынан ауыздарына келгенді айтты. Ал, мына жақта 
Аллаһ расулы мен сахабалар қамалдың алдында болып 
жатқан жағдайды бақылап тұрды. Әр түрлі жағдайды 
ойлап, түнде кезекпен қарауыл қойды. 
Хазірет Омардың кезекшілігі болған түн. Бірде 
қамалдардың бірінен бір қараның өздеріне қарай келе 
жатқанын және: 
– Егер маған кепілдік берсеңдер, қастарыңа барай-
ын, – дегенін көреді. 
– Сен кімсің? – деп сұрады. 
– Яхудилердің бірімін, – деді ол. Оны 
қабылдайтындарын білдірген соң ол келіп, атының 
Симак екенін айтты. Өзін Аллаһ расулына алып 
баруды өтініп сұрады. Бәлкім, айтатын нәрсесі бар 
шығар деп оны пайғамбарымызға алып барды. Бұл 
кезде расулаллаһ намаз оқып жатқан болатын, намазын 
бітіріп, Симакқа қарап: 
– Сен кімсің? Онда не хабар бар? – деп сұрады. Ол: 
– Уа, Әбу Қасым! Саған қамалдарда болған құпия 
және маңызды мәліметтерді берсем, отбасым мен 
өзімді аман қалдырасың ба? – деп сұрады. 
– Иә, – деп жауап берді Аллаһ расулы 
(саллаллаһу алейһи 
уәссәлләм)
. Бұл мәліметтерді бермесе де Расулаллаһтың 
негізгі ісі өзінен көмек сұрап келген адамға құшақ 
ашу болатын. Сосын Симак кімнің қайдан, қай жерге 
барғаны, қамалдағылардың неден қорқатыны, дәббаба 
деген қару-жарақтарын қайда сақтағандары
63
, жердің 
63
Дәббаба – қамалдардың қабырғаларын тесіп, ішке кіру үшін қабырғаның 
түбіне жақындатып қойылған үлкен құралдың аты. Жоғарыдан 
келетін оқ найза мен ыстық оқтарға қарсы үсті жабық бұл құралдың 


169
Даулы Хайбар мәселесі
астына жасырған паналары, берік қамалдарын қалай 
алуға болатыны туралы бірқатар мәліметтер берді. 
Жалғыз қалауы бала-шағасымен аман қалу еді. Сөзді 
қайта-қайта соған әкеліп, пайғамбарымыздың берген 
уәдесінде тұруын қалады. Аллаһ расулы өзіне осын-
шама маңызды мәліметтер берген Симакты мәңгілік 
өмірге де қол жеткізуі үшін Исламға шақырды. Бірақ, 
ол әлі бұған дайын емес болатын: 
– Маған бірнеше күн мұрсат бер, – деп рұқсат 
сұрады. Расулаллаһ оған мұрсат берді
64
. Содан бір күні 
Аллаһ расулы 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
сахабаларына қарап: 
Ертең туды бір кісіге беремін, ол Аллаһты, 
Аллаһ та оны сүйеді, – деп, Хайбардың бір күннен 
кейін алынатынын меңзеді. Сөздеріндегі сенімділік 
барлық сахабалардың назарын аударды. Хайбарды 
алатын қолбасшы Аллаһты сүйетін және Аллаһ та оны 
сүйетін маңызды кісі болатын. Аллаһтың разылығынан 
басқа қалауы жоқ сахабалар үшін бұл әркімнің қол 
жеткізгісі келетін асқақ дәреже болатын. Бәрі де ертесі 
күні тудың өзіне берілуін қалап, соны күтті. Бір күннен 
кейін жүзеге асатын жеңіске байланысты көңілдері 
орнығып, таңды тағы да әрең атырды. 
Таң атып, намаз оқылғаннан кейін сахабаларына 
қарап, үгіт-насихат айтқаннан кейін пайғамбарымыз 
туды әкелуді бұйырды. Сахабалар болса алдында сап 
түзеп тұрып тудың кімге берілетінін тағатсыздана 
күтті. Сол кезде Аллаһ расулы 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)

ішіне орналастырылған әскерлер қолдарындағы құралдармен қамал 
қабырғаларындағы тастарды сөгіп, басқа жолдастарымен бірге ішке 
кіру үшін осы жерден тесіктер ашатын. 
64
Ватих және Сүлалим қамалдары да алынғаннан кейін Хайбар 
қамалдары туралы мәлімет беріп, істі жеңілдеткен бұл кісіге әйелі 
Нуфайла беріліп, ол мұсылман болып, Хайбарды тастап шығады. Одан 
кейін одан еш хабар болмайды. Уақиди, Мағази, 1\648


170
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
– Али қайда? – деп сұрады. 
– Уа, расулаллаһ! Алидің көзі ауырып жатыр. 
– Оны осында шақырыңдар, – деді. Сәлама ибн 
Әкуа тұрып, хазірет Алиді шақырып келуге кетті. Көп 
өтпестен хазірет Сәлама хазірет Алидың қолынан ұстап 
ертіп келді. Қанша күннен бері көзі ауырып жүрген 
хазірет Алидің келе жатқанын алыстан байқаған саха-
балар: 
– Әне, Али келе жатыр, – деді. Пайғамбарымыз: 
– Біз енді соның себепкерлігімен жеңіске жетеміз, 
– деп күйеу баласы хазірет Алиді көрсетті. Сосын оған: 
– Жақынырақ кел, – деп дауыстады. Хазірет Али: 
– Уа, расулаллаһ! Жүретін жолымды да көре алар 
емеспін, – деді. Сол кезде Аллаһ расулы 
(саллаллаһу алейһи 
уәссәлләм)
хазірет Алидің көзіне үрлеп, дұға оқиды. Сосын 
түкірігін алып, оның көзіне жақты. Шипа беруін тілеп, 
Аллаһқа жалбарынды. Тағы бір мұғжиза орын алды. 
Өйткені, хазірет Алидің көзі демде шайдай ашылып, 
аурудан еш белгі қалмады. 
Сосын Аллаһ расулы 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
Хайдар 
Кәррарға (хазірет Али) қылышын асындырып, үстіне 
сауытын кигізді, қолына ақ туды беріп: 
Мына туды ал да, алға ұмтыл! Аллаһ саған жеңіс 
сыйлағанға дейін соғыс, кері шегінуші болма, – деді. 
– Жарайды, олармен не мақсатта соғысамын? – деп 
сұрады хазірет Али. Расулаллаһ 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)

– Аллаһтан басқа құдай жоқ екеніне және 
Мұхаммедтің Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік 
келтіргенге дейін. Мұны қабылдайтын болса мал-
жандарын сенен құтқарады, олардың есептері 
Аллаһқа тән. Олардың жеріне дендеп еніп, біраз күт, 
әуелі Исламға шақыр және Аллаһ пен расулаллаһтың 
алдындағы міндеттерін түсіндір. Аллаһқа ант етемін, 


171
Даулы Хайбар мәселесі
сенің себепкерлігіңмен бір кісінің болса да мұсылман 
болуы сен үшін өріс толы қызыл түкті түйелерден 
артық!
Бұл не деген кішіпейілділік десеңші! Қанша 
күннен бері өздеріне оқ жаудырған, тас атқан, жиі-
жиі тұтқиылдан шабуылдар жасаған адамдарға бара 
жатқанда да басты ұстанымдардан айнымай, олардың 
да Аллаһқа құл болуына жол ашатын ұсыныстар жа-
сауда. Сосын хазірет Али мен жолдастарына мейірім 
төгуін тілеп, Аллаһқа жалбарына бастады. 
Расулаллаһтың туын алған хазірет Али жеңіл 
көркем жүрісімен Хайбар қамалдарының түбіне дейін 
барды, сахабалар да онымен бірге жүрді. Содан соң 
туды қамалдың алдына тікті. 
Бұл жағдайларды іштегілер де бақылап тұрды, 
оның келіп туды қамалдың дәл алдына тігуі іштегілерді 
алаңдатып, әбігерге түсіре бастады: 
– Сен кімсің? – деп дауыстады. 
– Мен Әбу Тәліптің баласы Алимін, – деп жауап 
берді хазірет Али. Бұл есім олар үшін жат емес бо-
латын, қолдарындағы кітапта қамалдарын соның 
бағындыратыны туралы мәліметтер бар еді. Сол 
себепті оның атын естіген кезде қатты абдырап қалды. 
Алидің атын естігендердің бірі: 
– Ей, яхуди жамағаты! – деп айқай салды. «Мұсаға 
түсірілгенге ант етемін, шаруаларың бітті, бүгін сендер 
құрисыңдар!»
Қамалдан алғаш болып Мархабтың бауыры Харис 
шықты. Ол Алиді жекпе-жекке шақырды. Алайда, оның 
қарсы алдында тұрған Хайдар каррар еді. Бір кезде 
шайқасқа шақырған әлгі Харистың жансыз денесі 
жерге сұлқ құлады. Харистен кейін Усәйр, Усәйрден 
кейін Ясир келді. Олардың бәрі де Харистің кебін киді. 


172
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Усәйрді Мұхаммед ибн Мәслама, Ясирді Зүбәйір ибн 
Аууам жайратып салды. 
Бұл жолы қамалдан үстіне қос қабат сауыт киіп 
Амир шықты. Ол да қарсыластарын жекпе-жекке 
шақырды. Оның ажалы Зүлфиқардан болды. Ендігі 
кезек Мархабта болатын. Бауыры Харистың өлімі оның 
шыдамын тауысып, атылып алға шықты. Үстінде қос 
қабат сауыт, басында бірінің үстінен бірін киген қос 
дулыға, екі қолында екі қылышы бар еді. Әуелі: 
– Хайбар халқы жақсы біледі, мен соғыс қызып 
жатқан шақта бес қаруын сайланып соғыстың қандай 
болатынын көрсете алатын Мархабпын!
Ауызша соғыс қылыштардан бұрын басталып 
кеткен еді. Хайбар қамалдарының алдында жекпе-жек-
ке шыққандар тілге келісті. Дұшпанға түсінетін тілмен 
айту да керек шығар. Сондықтан да хазірет Али: 
– Мен де анам маған арыстан деп ат қойған адам-
мын, мен ормандағы айбатты арыстан секілдімін. 
Сендердің де шаруаларыңды бітіретін адаммын, – деп 
дауыстады. 
«Арыстан» деген сөзді естігенде Мархабтың өңі 
өзгеріп сала берді, өйткені, сол түні түсінде өзін бір 
арыстанның талап жатқанын көріп, шошып оянған 
болатын. Бәлкім, Аллаһ Мархабқа түсін есіне түсіруі 
үшін хазірет Алиді осылай сөйлеткен шығар!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет