177
Даулы Хайбар мәселесі
Осы арада расулаллаһтың бұйрығымен оқ ататын
сақпан да қолданыла бастады. Хайбарлықтардың өздері
жасаған бұл құрал енді олардың өздеріне тас жаудыр-
ды. Осы арада пайғамбарымызға да бір оқ тиіп, киіміне
қадалды. Расулаллаһ осы мезет жерден бір уыс құм
алып, хайбарлықтарға қарай шашты. Соның әсерімен
хайбарлықтар жер сілкінгендей жерге құлай бастады.
Ватих және Сүлалим қамалдары да қоршауға
алынып, хайбарлықтар
толығымен алынған соң енді
құритындарын түсініп, берілуге шешім қабылдады.
Кинана ибн Хуқайқ Шаммах деген бір адамын
жіберіп, пайғамбарымызбен сөйлескісі келетінін
білдірді. Пайғамбарымыз оның бұл ұсынысын
қабылдады. Содан
Кинана қасына бір адамды алып,
пайғамбарымызға барды. Түрлері жабығулы болатын.
Жандарын сақтап қалғылары келіп, сондықтан да
пайғамбарымызбен бір келісім жасауды ұсынды.
Осыншама қиындықтармен қамалдарын бағын-
дырған Аллаһ расулы
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
бұл ұсынысты
да
қабылдап, олармен келісім-шарт жасасты. Бұл
келісім-шарт бойынша:
Қамалдарда
соғысқан
яхудилердің
қаны
төгілмейді.
Яхудилердің
бала-шағалары
өздеріне
қалдырылады, Хайбардан және Хайбар жерінен бала-
ларымен бірге кетулеріне рұқсат беріледі.
Кетерлерінде бір мініске жүк болатындай
мөлшерде ғана жүк әкете алады, барлық мүліктері,
әскери құрал-саймандары (үстеріндегіні қоспағанда)
қамалдағы маталары мұсылмандарға қалдырылады.
Расулаллаһқа қалдырылуы керек еш нәрсе жасы-
рылмайды, жасырмақ болғандар қорғалмайды.
178
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Әсіресе, жетекшілері
болған Кинана ибн Әбул
Хуқайқ бұл баптарға бағынатыны туралы ант берді.
Олардың мінезін жақсы білетін Аллаһ расулы
(саллаллаһу
алейһи уәссәлләм)
:
– Егер сендер олжаларды маған тапсырмай, жасы-
рып қалатын болсаңдар, онда Аллаһ пен расулының
қорғауынан мақұрым қаласыңдар, –
деп тағы да
ескертті. Мұны нәтижесін білсе де оларды құтқару
үшін ескерту деп те атауға болатын.
Сонымен қатар, сол күні басты-басты мәселелер
бойынша жаңа үкімдер берілді, осыған орай енді
есектің
еті желінбейді, бөлістірілмей тұрғанда олжа
заттарға қол тигізілмейді, жыртқыш ұрғашы аңның еті
харам болады және тұтқынға түскен әйелдерге тиюге
болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: