МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет62/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Хайбардан түскен олжа
Шынында да Хайбар өте көп азық-түлік, сусын, 
сүрленген ет, әр түрлі жемістер, қой, түйе, мата мен 
киім, қару және әскери жабдықтарға толы болатын. 
Олардың бәрі алынып, Хайбардағы түскен барлық олжа 
енді мұсылмандардың арасында үлестірілуі тиіс еді. 
Қолға түскен заттардың ішінде Тәураттың нұсқалары 
да бар болатын, олар кітаптарын өздеріне қайтаруды 
сұрады. Аллаһ расулы 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
сахабалары-
на бұйырып, Тәурат нұсқаларын иелеріне қайтартты. 
Ол заттардың арасында ішімдіктер де бар болатын. 
Аллаһ расулы 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
ішімдіктердің бәрін 
құртуды бұйырды. Сол күні Хайбардың көшелерінен 
ішімдік селдей ақты. Осы арада Абдуллаһ ибн Хаммар 
шыдай алмай, осы ішімдіктен ішіп қояды. Бұл оның 
алғашқы ісі емес болатын. Аллаһ расулы 
(саллаллаһу алейһи 
уәссәлләм)
нәпсіне ие бола алмай, ашық түрде харамға 
барған бұл сахабаны жазаға тартты. Әуелі өзі аяқ киімін 


179
Даулы Хайбар мәселесі
алып, оны ұрды, сосын сахабалар хазірет Абдуллаһты 
ұра бастады. 
Осы кезде хазірет Омардың: 
– Бұл қарғыс атқыр ішімдік ішуді де, ішімдік 
ішкеннен кейін таяқ жеуді де әдетке айналдырды, – 
деген даусы естілді. Аллаһ расулы 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
бұл сөзді естігенде: 
– Әй, Омар! Олай айтпа, күмәнсіз ол Аллаһ пен ра-
сулын жақсы көреді, – деді.
Барлық мәселеге асқан ұқыптылықпен қарайтын 
сахабалар ішіне ішімдік құйылған және халал емес 
тағамдар салынған темір ыдыстар туралы не істеу 
керектігін сұрай бастады. Аллаһ расулы 
(саллаллаһу алейһи 
уәссәлләм)

– Оларды әуелі жуып барып, тамақтарыңды 
пісіріңдер, – деді. Сахабалар Расулаллаһпен бірге 
жүріп, басқан әр қадамдарында жаңа нәрселер 
үйренетін еді. 
Фаруа ибн Амрды олжа үлестіру қызметкері етіп 
тағайындаған пайғамбарымыз 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)

– Әлі үлестірілмеген олжадан сабақты ине 
алсаңдар да дереу кері қайтарыңдар. Өйткені ол 
қиянат, қиямет күні ол өздеріңді күйдіретін от, – 
деп жариялатып, бөлістірілмей тұрғанда олжадан 
ешкімнің алмауын қатаң ескертті. Тек малдары мен 
сахабалардың өздері жейтіндей мөлшерге ғана рұқсат 
берілді. Мәселенің маңыздылығы соншалық, осы олжа 
заттарға тағайындалған хазірет Фаруа бірде күннен 
қорғану мақсатында басына тартатын бір ақ мата алған 
кезінде пайғамбарымыз: 
– Тозақтың отынан бір бөлшегін басыңа 
байладың, – деп ескерткен соң істеген ісіне өкініп, оны 
да қайтарған. Олжа сұраған біреуге Пайғамбарымыз: 


180
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
– Олжа бөлістірілмей тұрғанда маған одан ине, 
жіп алып беруге де рұқсат жоқ. Одан өзім де ештеңе 
ала алмаймын, біреуге де ештеңе бере алмаймын, – деп 
жауап берді. Тіпті сол күні түйесін байлау үшін өзінен 
жіп сұраған кісіге тек заттар бөлістірілгеннен кейін 
ғана беретінін айтты. Тіпті, сол күні шейіт болған бір 
кісі туралы хабар айтылып: 
– Пәленше де шейіт болды, – делінгенде, Аллаһ 
расулы: 
– Жоқ! Олай айтпаңдар, – деп ескертті оларға. 
«Өйткені, мен оны олжа заттарының арасынан алған 
жүзігін тозақтың отының ішінен көрдім!»
Мәселе өте маңызды болатын. Аллаһ расулы 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
хазірет Омарға: 
– Әй, Хаттабұлы! Бар да, халыққа «Жұмаққа 
мүміндерден басқа ешкім кіре алмайды» деп айт, – деп 
нұсқау берді. Сосын былай деді: – Бір қауымның ара-
сында олжа заттарға қиянат жасалатын болса, олардың 
жүректеріне қорқыныш салынатыны ақиқат!
Кезек әлгі кісінің жаназа намазын оқуға келгенде, 
сол кісінің тайпасына қарап: 
– Адамдарыңның жаназасын өздерің оқыңдар, 
– деді. Өте ауыр жағдай болатын, демек, қоғамға тән 
бір құндылықтың жеке адамдар тарапынан алынып, 
қолданылуы нәтижеде Аллаһ пен расулаллаһтың 
азабына душар ететін жағдай еді. Жолдастарының 
шейіттігіне де алаңдай бастады. Өйткені, Аллаһ 
расулы: – Адамдарың Аллаһ жолында аманатқа қиянат 
жасады, – деген еді. Осыған орай тайпаның адамда-
ры шейіт болған адамның заттарын іздей бастады, 
тапқандары екі дирхамның салмағына да жетпейтін 
моншақтар болатын. 


181
Даулы Хайбар мәселесі
Бұл бәрін де ойға салды. Осы бір зат үшін 
ештеңе болмас деп сондай моншақтардан алған 
басқа адамдар да бар болатын. Солардың бәрін 
біртіндеп пайғамбарымызға апарып тапсыра бастады. 
Сахабалардың бұл әрекеті Аллаһ расулын риза еткені 
көрініп тұрды, оларға қарап тағы да сұрады: 
– Барлықтарың алған нәрселеріңнің бәрін 
қайтарғандарыңа Аллаһтың атымен ант ете аласыңдар 
ма? 
– Иә, – деп, алған заттарының барлығын 
әкелгендіктеріне 
ант 
бере 
бастады. 
Сонда 
пайғамбарымыз шейіт болған адам үшін тақтай алды-
рып, оны бір жапқышқа орап, жаназа намазын оқытты.
Екінші жағынан сахабалар арасында таратылған 
олжадан өзіне үлес түскеніне ренжігендер де кездесті. 
Аллаһ жолында төккен терлеріне байланысты үлес 
алғандарын дұрыс деп санамай, мұны ұят іс деп 
қабылдады. Хайбар басталмай тұрғанда Әбу Дайях 
деген бір кісі пайғамбарымызға келіп, кәлима-и 
тәуһидті айтып: 
– Сенің жаныңа хижрет жасаймын, – деп бұдан 
былай Расулаллаһпен бірге болғысы келетінін 
білдірді. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
мұны 
қабылдап, оған көңіл бөлулері үшін сахабаларына тап-
сырды. Хайбарға келгендердің ішінде Әбу Дайях та 
бар еді. 
Алғашқы қамалдар алынып, қолға түскен 
олжалардың біразы үлестірілгеннен кейін оған да үлес 
тиді. Ол: 
– Бұлар не? – деп сұрады. 
– Расулаллаһтың сен үшін олжадан бөлген үлесі, – 
деп жауап берді. Өзіне берілген бұл заттарға ренжіген 
сахаба пайғамбарымызға барып: 


182
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
– Уа, расулаллаһ! Мынау не? – деп сұрады. 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)

– Бұл – бөлістірілген олжалардан саған түскен 
үлесің, – деп жауап берді. Сонда Әбу Дайях сұқ 
саусағымен мойнын көрсетіп: 
– Мен саған осы үшін иман келтірген жоқпын, 
тамағымнан оқ тиіп, жұмаққа кірейін деп келдім, сол 
үшін иман келтіріп, саған ердім, – деді. 
Ол көкейіндегі ойын айтқан еді, оның осындай 
әрекетіне Аллаһ расулы 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)

– Егер сенің сөзің рас болса, Аллаһ та сені растай-
ды, – деп жауап берді. 
Байқалғаны, бұл кісінің дүние-мүлікпен ісі жоқ 
болатын, қылышын асынып, қоршаудың арасына 
қосылды. Ақырында тамағынан оқ тиіп, шейіт болған 
бір кісіні Аллаһ расулының алдына әкелген кезде: 
– Бұл әлгі кісі ме? – деп сұрады. Сахабаны шейіт 
еткен оқ Әбу Дайяхтың өзі айтқандай тура тамағынан 
тиген екен. Жағдайға куә болғандар: 
– Иә, – деді. Сонда пайғамбарымыз 
(саллаллаһу алейһи 
уәссәлләм)

– Әбу Дайях рас айтыпты. Аллаһ та оның 
айтқандарын растады, – деді. Сосын оны өзінің ша-
панына орап, жаназа намазын оқу үшін көпшіліктің 
алдына қойып, намазын өзі оқытты. Намаздан кейін 
былай дұға етті: «Аллаһ тағалам! Бұл сенің құлың әрі 
сенің бір құлыңның баласы. Сенің жолыңда мұхажыр 
ретінде шықты және шейіт болып жан тапсырды! Оның 
куәсі менмін!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет