МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет73/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   155
қаза ұмрасы
Жетінші жылдың Зилқағда айы еді. Жәбірейіл 
періште келіп «Құрметті ай, құрметті айға татиды 
әрі құрметтер екі жақты»
85
деген мағынадағы аятты 
жеткізді. Өткен жылы орындалмаған ұмраны енді 
орындау уақыты келгенін білдірді
86
. Пайғамбарлар 
падишасы да бір жыл бұрын айтқанындай сахабала-
рына ұмра үшін дайындалуды бұйырды. Осы уақыт 
аралығында шейіт болғандар немесе өз ажалынан 
өлгендерден тыс Хұдайбияда болғандардан тыс 
ешкімнің қалып қоймауы керектігін жариялады. 
Осы аралықта ұмраға жағдайы келмеген кісілер 
де баруға ынта танытты. Олардың не киетін киімі, 
не барып қайтқанға дейін жанұясы талғажау етерлік 
нәрселері де жоқ еді. 
– Уа, расулаллаһ, – десті, – Аллаһқа ант етейік, 
қолымызда жол азығымыз жоқ, қол ұшын беріп бізге 
көмектесетін де ешкіміміз жоқ. 
Шынайы көңілмен барғылары келетінін білдірді, 
бірақ түк мүмкіндіктері жоқ болатын. Араларын-
да әсіресе Мәдинаның тысынан осында хижрет етіп 
келгендері де бар еді. Ендеше, бұл кісілерге қол ұшын 
84
Осы күзет кезінде Аббад ибн Бишрге бірінен кейін бірі келіп оқ тиеді, 
алайда ол намазда өзі оқып тұрған «Кәһф» сүресінің ләззатын бөлмеу 
үшін жанындағы хазірет Аммарға хабар бермеген. Уақиди, Мағази, 
1/396; Салихи, Субулул-худа уәр-Рәшад, 5/180. 
85
«Бақара» сүресі, 2/194. 
86
Бұл ұмра «Қаза ұмра» деп те аталған, алдыңғы ұмраның орнына 
жүргендіктен «Қысас» не түсінуге себеп болғандықтан «Сулх» ұмрасы 
деп те аталған. Салихи, Субулул-худа уәр-Рәшад, 5/196. 


212
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
беріп, бірге сапарға шығу үшін қажетті көмек жасалуы 
тиіс. Осы себепті ғалам мақтанышы Пайғамбарымыз 
сахабаларын қайырымдылық жасауға шақырды. 
Аллаһ үшін берген жандар үшін Аллаһтың да мол етіп 
беретіні күмәнсіз еді. Бұл өтпелі тіршіліктегі дүниені 
ақыреттегі мәңгілік қазынаға айналдыруға мүмкіндік 
тудырып тұрды. 
– Садақа беріңіздер, бұдан шет қалмаңыздар. 
Әйтпесе құрисыңдар, – деп жатты. Алайда бұл қиын 
жағдай тек санаулы адамның емес, сахабалардың 
көпшілігінің басында бар еді. 
– Уа, Расулаллаһ, қолымызда еш нәрсе жоқ, нені 
садақа етпекпіз?
Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
«Бір құрманың 
жартысы болса да садақа етіп беріңдер» деп 
бұйырды. Жәбірейіл-әмин жеткізген «Аллаһ жолын-
да қайырымдылық жасаңдар, өз-өздеріңді қауіпке 
итермелемеңдер»
87
деген мағынадағы аят та осыны 
меңзеуде еді. Демек, негізгі қауіп адамның майдан-
нан майданға жүгіруі емес, мұң-мұқтажды көргенде 
соларға қол ұшын бермей өзін қауіпке итермелеуі еді. 
Мәселе енді түсінікті болды. Беру үшін сахабалардың 
міндетті түрде бай болу керек емес, таба алғандарынша 
қолдарындағыны ортаға тастап, қасиетті Қағбаға сапар 
шеккісі келетіндерге көмек беруге тырысты. 
Мәдинадан Қағбаға әйелдер мен бала-шағадан өзге 
екі мың кісілік қауым сапарын бастады. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Мәдинада өз орнына Әбу Рахым әл-
Ғифариды қалдырды
88

87
«Бақара» сүресі, 2/195. 
88
Бұл сахабаның Үәйф ибн Әдбат немесе Әбу Зәрр әл-Ғифари екендігі 
туралы риуаяттар да бар. Ибн Хишам, Сира, 5/17; Балазури, Әнсабул-
әшраф, 1/155. 


213
Хайбардан кейінгі жағдайлар
Бір жыл бұрынғы дұға мен кері қайтқанда түскен 
аяттарда айтылған сүйінші хабар жүзеге аспақ. Қауіпсіз 
түрде Қағбаға барып, бүкіл әлемге көп ғасырдан бері 
алғаш рет бұл қасиетті мекенде ғибадаттың қалай 
атқарылатынын дәріптемек. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) 
Нәбәуи мешіті есігінде ихрамға кіріп, тәлбия 
айта бастады. Мәдина: «Ләббәйл Аллахумма ләббәйк, 
ләббәйк лә шәрикә ләббәйк. Иннәл хамда уән ниғмата 
ләкәл-мулка лә шәрикә ләк» сөзімен жаңғырды. 
Өздерімен бірге құрбандыққа шалуға түйелер 
айдап келе жатыр еді. Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
өз құрбанын өзі дайындап, мойнына нышан етіп белгі 
салған болатын. Құрбан малдарына қарау үшін Нажия 
ибн Жүндәбті тағайындады, өзімен бірге ерткен бес 
кісімен бірге оларды жол-жөнекей жайып отырып Мек-
кеге жеткізу табысталды. 
Сапар кезіндегі негізгі мақсат Аллаһқа құлшылық 
атқару болса да, Аллаһ елшісі сақтық шарала-
рын бәрібір жасап, өздерімен бірге қаруларын да 
ала жүргенді жөн санады. Тіпті сахаба араларында 
Мұхаммед ибн Мәсләма басшылығымен жүз кісілік бір 
топты таңдап, бұларды атты жасақ ретінде бұрынырақ 
жөнелтті. Қылыш, қалқан, дулыға мен найза секілді 
қаруларға қарауды Бәшир ибн Сағыдқа тапсырды. Әрі 
оларды Мұхаммед ибн Мәсләмалармен бірге жіберді. 
Бұлардың бәрін сахабалар да бақылағанмен, ешбірі не 
себепті екенін әуелгіде біле алмай: «Уа, расулаллаһ! 
Біздер Меккеге кірерде өзімізбен тек жолаушы 
қылышын алып, әрі оларды қынында ұстауды талап 
етіп отырғанын білеміз. Сіз осынша қаруды не себепті 
алдырып жатырсыз?» деп сұрады. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
бұл сұраққа: «Біз оларды алып 
Харам мешітіне кірмейміз, бірақ қару-жарақты өзімізге 


214
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
жақындау ұстағанымыз жөн. Алда-жалда меккеліктер 
шабуыл жасай қалса, қапыда қалмайық» деп түсіндірді. 
Бұдан байқалғаны, құрайыштықтардың уәдесінде 
тұру-тұрмауына деген әлі де сенімсіздігі еді. Мүмкін 
сахабаларына әрдайым сақ жүруді ұқтырғысы келген 
болар. 
Зүлхұлайфадан 
кетіп, 
бұрынырақ 
кеткен 
Мұхаммед ибн Мәсләма мен жолдастары Мәрруз-
захран деген жерге келгенде, құрайыштық бір топ адам-
мен кездесті. Алаңдап, олардан бұл қимылдарының 
себебін сұрады. Мұхаммед ибн Мәсләма мен жолдаста-
ры оларға Расулаллаһтың да арт жақта келе жатқанын 
хабарлап айтты. Әсіресе Бәшир ибн Сағыдтың 
қарауында қару-жарақтары да бар екенін естігенде, 
жүректері ауызға тығылды. Өң-түстері қашқаны 
байқалды. Жүгіре басып Меккеге келіп, басшыларға 
жағдайды жеткізді. Құрайыш асып-састы да қалды: 
«Бұл қалай, біз арадағы келісімге қайшы ештеңе 
жасаған жоқ едік қой?! Келісімде айтылғандарды 
орындауға әзірміз. Ендеше, Мұхаммед пен жолдастары 
қолдарына қару алып келе жатқаны несі?!» 
Жағдайды жақырынақ білу үшін Миқраз ибн 
Хафстың басшылығында бір топты дереу Яжуж деп 
аталатын жерге аттандырды. Бұл кезде ғаламның 
мақтанышы расул да сол жерге жеткен болатын. Олар 
келе сала: 
– Уа, Мұхаммед, уаллаһи деші, біз сенің кішкене 
кезіңде де, өскеннен кейін де ешкімге басқыншылық 
жасағаныңды көрген емеспіз. Қару алып Харамға 
беттеп бара жатқан түрің мынау. Арадағы келісімде 
сендер жолаушы қылышын ғана алып, онда да қынына 
салған түрде келулерің керектігі көрсетілмеп пе еді? – 
деді. 


215
Хайбардан кейінгі жағдайлар
Аллаһ елшісі олардың қорқынышын сейілтіп 
былай деді: 
– Мен Харам мешітіне бұл қарумен кірмеймін. 
Расында да Миқраз бен жолдастарының үрейі 
сейілді. Пайғамбарымызға бұрылып: – Иә, саған жа-
расатыны өзі де осы. Өйткені сен жақсылығыңмен, 
опалылығыңмен танылған жансың, – деді. Бұған 
қосып тағы былай деді: – Мұхаммедтің келісімді 
бұзбайтындығына, Қағбаға қарумен бармайтынына 
күмәнмен қараудың қажеті жоқ. 
Дәл осы уақыттарда құрайыштықтар сахабалардың 
қатты шаршап-шалдыққанын, қалжырағанын сөз етіп, 
ол сөз сахабалардың да құлағына жетіп еді. Мәдинадағы 
безгек ауруы оларды діңкелеткен болса керек деп саха-
баларды қорлап сөйлеп жатты. Бұны естіген сахабалар 
Расулаллаһтың алдына барып былай деді: 
– Мына түйелерімізді сойып, етін жеп, сорпасын 
ішіп, ертең олармен бетпе-бет келгенде тың болып 
тұрсақ деп едік. 
Бірақ бұны Аллаһ елшісі мақұлдамады. Әуелі 
«Жоқ, бұлай етуші болмаңдар» деді. Сөйтті де арты-
нан: «Сендер қолдарыңда бар азықтарыңның барлығын 
маған әкеліңдер» деп дұға ететінін білдіріп, елді 
қуантты. 
Әркім қолында барын әкеліп жатты. Ортаға мата 
жайып, сол матаның үстіне әкелінген азықтар бір 
үйінді болып үйілді. Сандары екі мыңнан асатын бұл 
кісілер келіп, осы жерден тоя тамақтанып кетіп жатса 
да, бір үйінді азықтан еш түгесілмеді. Бұл да жаңа бір 
сый еді. Түйелерді сою қажет болмай, барлығы тоя 
тамақтанып, дорбаларына да салып алысты. 


216
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет