219
Хайбардан кейінгі жағдайлар
лар айшық жол жүріп
шаршап-шалдығып, арып-
ашып келген адамдарға мүлдем ұқсамайды. Бүгінге
дейін естігендері не өтірік болып шықты, не Аллаһ
елшісі мен сахабаларды тың күйде ұстап тұрған бір
күш бар болғаны. Өз-өздеріне: –
Безгек ауруы әбден
діңкелетті деген адамдарың осы ма? – деп, «Бұлар
пәлен-түгендерден де күшті-ау. Қарасаңдаршы, тауап
жасағанда жай жүріп қана қоймай, киіктей ырғып тұр
ғой» деп таңғалыстарын жасыра алмады.
Аллаһ
елшісі араға адам салып, Қағбаның ішіне
кіргісі келетінін білдірді. Бірақ мүшріктер жағы
келісімде оның жоқтығын айтып, қарсылық білдірді.
Соңында Пайғамбарымыз
тауап намазын оқып,
Сафа мен Мәруаға қарай бет түзеді. Бұл жерде де жеті
рет жүргеннен кейін, Мәруада тұрып ерсілі-қарсылы
құрбандарын шалды. Ихрамнан шығатын уақыт келді.
Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
сахабаларынан Хыраш
ибн Үмәйяны шақырып, мүбәрак шашын алдырды,
осымен қаза ұмра орындалды.
Ұмра ісі бітерде
Пайғамбарлар падишасы екі
жүздей сахабасына бұйырып, Яжуждегі сахабалардың
орнына тауап етуге жұмсады. Осымен ұмра ниетімен
сапарға шыққандар тегіс ұмра қажылығын өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: