237
Хайбардан кейінгі жағдайлар
тұр. Мүмкіндіктер жоқ жерде Аллаһ жәрдем беріп, ең
аз шығынмен ең маңыздысы жеңіліске ұшырамастан
оралған еді. Алайда бұны елдің бәрі біле бермеді,
сондықтан сахабалардың кейбірі оларға: – Соғыстан
қашқандар, – деп дауыстай бастады. Көңілдеріне
келетін бұл сөзге олар шыдай алмай: – Уа, расулаллаһ,
біз сонда қашқынбыз ба? – деп сұрады. Бұның соғыстан
қашуға жататын-жатпайтынын тікелей білгілері келді.
– Қайта сендер ес жиып, дұшпанмен айқасуға
дайындалғандарсыңдар, – деп, Мұта сахабаларының
көңілдеріне дем берді Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
. Артынан сахабаларына қарап: –
Олар дін жолында
соғыстан қашқандар емес, қайта күш жиып айқасу
үшін кері шегінгендер, – деп бұйырды.
Бұл сөз мәселені түйіндеді. Сол уақытқа дейін
қысылғандар енді өздерін еркін сезіне бастады.
Өйткені Аллаһ пен елшісінің алдында жаңсақтық
жасамағандарын түсінді.
238
КелісіМнің Бұзылуы және
жеңістің сүйінші ХаБары
Хұдайбия келісіміне екі жылға жуық уақыт өтті.
Бұл уақыттарда Мекке бағытынан ешқандай келеңсіздік
байқалмады. Күнтізбелер
сегізінші жылдың Шағбан
айын көрсетіп тұрды. Таңертең ерте уақытта Аллаһ
елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жанындағы Айша анамызға
«Әй, Айша!» деп дауыстады, – Хұзаға бағытында
маңызды бір оқиға орын алды.
Әй-шәй жоқ бұндай хабарға Айша анамыз
ыңғайсызданып: – Уа, расулаллаһ, – деді, – Қылышпен
қол-аяғы бұталған құрайыштың сізбен арадағы
келісімді бұзуға дәті барар дейсіз бе?
Рас айтып еді. Есі бар адам қарсы келе алатындай
қауқары жоқтығын сезе тұра өз басына пәле тілемесі
анық. Алайда құрайыштықтарда бұны ойлайтындай ес
қалмаған еді, олар қазір басқан қадамдарының ертең
өз бастарына не әкелетінін болжап жатпады. Бір жағы
мәселе тағдырға да қатысты еді. Аллаһ елшісі
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
осыған назар аудара отырып Айша анамыз-
ды: – Аллаһ қалаған бір іс себепті құрайыштар арадағы
келісімді бұзды, – деп жауап қатты.
Анамыздың
таңғалысы күшейіп: – Уа, расулаллаһ! Сонда бұл біз
үшін қайырлы ма? – деп сұрады.
Жала жабу (ифк) оқиғасына байланысты түскен
аятта да көрсетілгендей, алғашқыда жамандық
секілді болып көрінген мәселелер нәтиже тұрғысынан
небір жақсылықтарға жол ашпақ еді. Айша анамыз
Расулаллаһты уайымдатқан бұл жағдайдың соңы
239
Келісімнің бұзылуы және жеңістің сүйінші хабары
жақсылықпен аяқталып-аяқталмайтынын сұрауда еді.
Жауап кешікпеді: – Иә,
қайырлы болады
95
.
Арадан үш күн өтті. Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
сахабаларына таң намазын оқытқаннан кейін
Хұзалықтардан Амр ибн Салим жанына ерткен қырық
атты кісімен Аллаһ елшісіне келді. Нәбәуи мешітінде
өлең оқып, өздері тап болған қиындықты баяндап,
Расулаллаһтан көмек сұрап жатты.
Құрайыш Бәни Бәкір, Бәни Нұфаса мен Уәтирмен
ауыз жаласып, Хұдайбия келісіміне сеніп тыныш
жатқан Хұзалықтарға түн қараңғылығын жамылып
келіп шабуылдапты.
Көбі бала-шаға, әйелдер мен
қариялар бар тұп-тура жиырма үш кісіні өлтіріпті.
Бұл шабуылда Құрайыштың жуандарынан Сафуан
ибн Үмәйя, Икрима ибн Әбу Жаһил, Хуайтып ибн
Абдилузза, Шәйба ибн Осман мен Миқраз ибн Хафс
секілділердің де аттары бар еді
96
.
Ессізденгендері
соншалықты жан сауғалап
Харам аймағына келген Хұзалықтардың өзі олардың
95
Ұқсас бір жағдайды Аллаһ елшісінен Мәймуна анамыз естіген. Түннің
бір уағында дәрет алу үшін орнынан тұрған пайғамбарлар падишасы
үш рет «ләббәйк» дегеннен кейін «маған көмек берілді» деген бола-
тын. Мәймуна анамыз «Біреумен сөйлескендей болдыңыз, жаныңызда
біреу бар ма?» деп сұраған. Сонда оған былай деп жауап қатқан: – Әлгі
Қағыбұлдарының тап болғандарын өлеңмен жеткізген кісі бар ғой,
Бәкір ибн Уаиллер өздеріне шабуылдағанда Құрайыштың да соларға
көмектескенін айтып, менен көмек сұрауда. Табарани, Мұғажмул-
кәбир, 23/433 (1052), Мұғжамус-сағир, 2/167 (968); Ибн Хажар, әл-
Исаба, 4/631.
96
Тек осы шабуылға қатысумен шектелмей, қару түрлері, мініс
көлік, басқа да маңызды нәрселер беріп көмектескен. Тіпті өздері
қатысқанын сездірмеу, әрі арадағы келісімді ашық бұзғанын білдірмеу
үшін Құрайыш жуандары түн қараңғылығына қарамастан, жүздері мен
көздерін жасырған еді. Тек Әбу Суфиянның бұл оқиғаға қатыспағаны
я сол күнгі оқиғаның ішінде болмағаны жайлы деректер бар. Уақиди,
Мағази, 1/783; Ибн Сағыд, Табақат, 2/134; Салихи, Субулу-Худа уәр-
Рәшад, 5/201.
240
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
бұл қастандығынан құтыла алмаған. Тіпті бұның
асқынғаны соншалықты,
өз араларында да бұған
қарсылықтар күшейіп, бұл әрекеттердің адамгершілікке
жатпайтындығын ашық айтатындар шыға бастады.
Достарыңызбен бөлісу: