МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет85/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

құрайыштың өкініші
Құрайыштықтар қанша жерден бұған өздерінің 
қатысы жоқтығын айтып ақталғысы келсе де, 
ендігі жерде істің тігісін жатқызып, бұл мәселені аз 
шығынмен қалай жабуға болатынын ойластыра баста-
ды. Алаңдаушылықтарын айту үшін Әбу Суфиянға 
келген Харис ибн Хишам мен Абдуллаһ ибн Әби Рабия 
өз басшыларына мынаны ескертті: 
– Бұл қателікті түзеткен жөн. Егер бұны түзетіп 
қайта бітімге келмесек, Мұхаммед сахабаларымен 
келіп, жағдайымызды қиындатып кетеді. 
Оларды тыңдаған Әбу Сүфиян қатты ойлана баста-
ды. Сөйтті де: – Уаллаһи, бұл іске өз басым араласпап 
едім, не толықтай қалыс та қалмадым, – деп бастады 
сөзін. Бұл кезде Құрайыштың жуандары да қасына 
жиналды. Басшы ретінде ең бір сындарлы уақытқа 
тап болды. Меккеліктерге қарап шарасыз қалыпта 
тұнжырап былай деді: – Бұл тек маған артылған 
жауапкершілік емес. Керек десең, бұл мәселені менімен 
ешкім ақылдасқан да емес, бұндай істі мен жақтаған да 
емес едім. Аллаһқа ант етейін, егер сезімдерім мені ал-
дамаса, Мұхаммед міндетті түрде бізге соғыс ашады, 
бірақ сезімдерім мені ешқашан алдаған емес. Меніңше, 
Мұхаммедке барып жолығып, келісімді жаңалауды
мерзімін ұзартуды ұсынғаннан басқа амалымыз жоқ. 
Құрайыштар шындап өкіне бастады. Күні кешеге 
дейін атой салғаннан басқа таңдауға көнбейтін жандар 
енді міне салы суға кетіп, Әбу Суфиян секілді ойлана 
бастады. Оған: – Уаллаһи, рас айтасың, – деді. Нәтижеде 
Әбу Суфиянды Аллаһ елшісімен сөйлесіп, мерзімді 
созуға әрі келісімді жаңалау үшін Мәдинаға жіберуге 


243
Келісімнің бұзылуы және жеңістің сүйінші хабары
шешім қабылдады. Көп өтпей Әбу Суфиян құлымен 
бірге Мәдинаға жол тартты
98

Бергі жақта Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Мәдинада сахабаларына бұрылып: – Дәл қазір 
Әбу Суфиян келісімді жаңалау әрі мерзімді ұзарту 
мақсатында бізге келе жатыр, бірақ уысы бос болып, 
ашумен қайтады, – деп, Меккеде болған оқиғаларды 
маңайындағылармен бөлісті. 
Өте бір сындарлы уақыт еді. Бұл жақтан жан-жаққа 
жететін хабар оқиғаларға бағыт беретіндей маңызды 
еді. Сондықтан Аллаһ елшісі сахабаларына осы хабар-
ларды әдейі айтып отырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет