236
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
қалып, өз-өздеріне үлкен залал келтіреміз бе деген
секем алды.
Сол күннің кешіне дейін жалғасқан бұл жағдай
екі жақ үшін де соғыс бітті деген мағынаны білдірді.
Өйткені Византия осыншама жер қайысқан қолы бола
тұра шағын ғана әскерден
көп залал көріп қайтқысы
келмеді. Сол себепті де кері шегіне бастады.
Хазірет Халидтың да ойлағаны осы еді. Аллаһ
елшісінің аманатын аман-есен Мәдинаға алып
барғанды дұрыс көрді, нәтиже солай болды да. Бір
апта бойы бетпе-бет болған ұрыстың соңында үш
қолбасшымен бірге жалпы он екі кісі шейіт болды.
Бұл аңызға бергісіз дастан болатын. Сол дәуірдегі ең
мықты
мемлекетпен соғысып, олармен күштік тепе-
теңдік осыншалықты айырмашылықта болғанына
қарамастан, небәрі он екі кісі ғана шейіт болған еді.
Бұны иләхи көмектен басқа нәрсемен түсіндіру қиын.
Әрі бұны естіген барлық тайпалар Расулаллаһтың
әскеріне енді осындай көзқараспен қарай бастады.
Бұған қоса, Мұта Византия қамалдарының ашылған
бір кертігін де білдірді.
Мұтаға барарда
бірқатар мәселе туындатып, қан
төгіске жол берген кейбір тайпалар бар еді. Мәдинаға
қайтар жолда хазірет Халид соларды да тәубесіне
түсіріп қоюды жөн санады.
Достарыңызбен бөлісу: