248
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
өзінде кішкене ғана
хабар жағдайды тұтастай
өзгертетін. Болмайды дегендердің өзін боладыға ай-
налдыратын. Ендеше, Меккеге кіргенге дейін хабар-
ды жіті қадағалау қажет болды. Осы себепті маңызды
өткелдердің барлығына адам қойғызып, барлығын
бақылауды хазірет Омарға тапсырды. Хазірет Омар
әлгі өткелдерді аралап жүріп бейсауыт жүргіншілерді
сұраққа алып, мақсатын білместен өткізбеуді шегелеп,
қолдағы мәліметтерді Расулаллаһқа жеткізіп отырды.
Себептер тұрғысынан
осыншалықты мұқият
сақтық шараларын жасаған Аллаһ елшісі
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
осы құпияның сақталуы үшін себептерді
үйлестіруші Мүсәббибул-әсбабқа қолын жайып, былай
деп дұға етті: – Аллаһ тағалам, Құрайыштықтардың
көзі мен құлағын бітеші, бізді ойламаған кезде бір
демде көрсін. Тура желке тұсына дейін келгенімізді ал-
дарына шыққанда барып бір-ақ білсін.
Бір күні
құтты бөлмесінен шығып, есігінің ал-
дында отырды. Бұлай отырған кездері ешкім өзін
шақырмастан жанына бармай әдеп сақтайтын. Ойла-
нып отырып: – Маған Әбу Бәкірді шақырыңдар, – деп
бұйырды. Әбу Бәкірмен ақылдасқысы келгені белгілі.
Көп өтпей келген Әбу Бәкірмен оңашада ұзақ уақыт
сөйлесті. Сөйлесіп болған соң оң жағына отыртты.
Сөйтті де: – Маған Омарды шақырыңдар, – деп дау-
ыстады. Ол да ести сала демде жетті.
Хазірет Әбу
Бәкірдің жанына отырған хазірет Омармен де ұзақ
сөйлесті. Алайда хазірет Омардың ішкі жай-күйі дау-
ысына да әсер ететін. Сол себепті ол: – Уа, расулаллаһ,
олар күпірліктің басы емес пе? Сізді сиқыршы,
көріпкел, өтірікші, жалақор дегендер де солар ғой, –
деп, Меккеліктердің сол күнге дейін жасаған істерін
жеке-жеке санамалап айтып жатқаны маңайдағыларға
249
Келісімнің бұзылуы және жеңістің сүйінші хабары
да естілді. Соңында Аллаһ
елшісі оны сол жағына
отыртты. Оң жағында хазірет Әбу Бәкір, сол жағында
хазірет Омар есіктің алдында отырды. Содан кейін
барып сахабаларына дауыстады. Олар да бұл кезде бері
қарай жақындай түскен.
– Сендерге мына екі досымның жағдайын айтай-
ын ба? – деді.
– Уа, расуллаһ, әрине, айтсаң, – деді жамағат.
Әуелі хазірет Әбу Бәкірге бұрылып: – Күмәнсіз,
хазірет Ибраһим Аллаһқа майдан да жұмсақ еді, – деп
бұйырды. Артынан хазірет Омарды назарға беріп: –
Күмәнсіз, хазірет Нұһ та Аллаһтың құқы турасында
тастан да қатты еді, бірақ іс Омардың айтқанындай.
Осы себепті бір-біріңді қолдаңдар! – деді.
Иә, алдарында жаңа бір жиһад жағдайы туып
тұрғаны анық, алайда сахабалар бұл жихадтың кімдерге
және нелерге қарсы жасалатынына таңырқап,
хазірет
Әбу Бәкір, хазірет Омарлармен не сөйлескендерін
білгілері келді. Сол үшін Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
сол жерден кетпей тұрып дереу хазірет Әбу
Бәкірдің жанына жүгірді:
– Уа, Әбу Бәкір, – деді, – Расулаллаһтың не дегенін
Омардан сұрауға батпай тұрмыз. Сізбен не сөйлескенін
бізге айтып берсеңіз?
Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) айта бастады:
– Менен «Меккеге қарсы соғысуға қалай
қарайсың?» деп сұрады. Мен «Уа, расулаллаһ, олар
өз жұртың ғой» дедім. Осы пікірімді таңдар дедім.
Алайда ол Омарды да шақырып, оның да пікірін
сұрады. Омар «күпірліктің басы солар ғой» деп
Меккелік мүшріктердің күні бүгінге
дейін істеген
жамандықтарын айтып берді. Сөйтті де «Аллаһқа
ант етейін, Меккеліктердің тауын шақпай арабтар
250
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
бағынбайды» деді. Осыдан кейін Расулаллаһ
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
сендерге Меккеліктерге қарсы соғысуды
бұйырды.
Сол сәтке дейін бір соғысқа дайындалып
жатқандарын, алайда ол соғыстың кімдермен бола-
тыны жайында әртүрлі пікір өрбітіп жатқан саха-
балар істің мәнін енді түсіне бастады. Демек,
ендігі
жерде Хұдайбиядан қайтқанда Жәбірейілдің жеткізген
қуанышты хабары жүзеге аспақ. Бұл хабар әсіресе
мұһажирлардың арасында айтып жеткізу мүмкін емес
қуанышқа себеп болды. Үйлеріне, бала-шағаларына,
туыстарына, өз елдеріне, бұрынғы естеліктеріне,
бәрінен де маңыздысы, енді қоштаспайтындай қасиетті
Қағбаға қайтып бармақ еді.
Достарыңызбен бөлісу: