МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет90/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   155
Әбу Суфиянның келуі
Не болып жатқанынан әлі де Құрайыштың хабары 
жоқ. Істеген қылықтарына жауап сұралатынын ша-
малайтын, алайда бұның қалай әрі қашан болатыны 
турасында ештеңе білмейтін. Осы себепті ұзақ уақыт 
Мәдинадан хабар ала алмағандығы, олардың секемін 
мейлінше күшейтті. Ақыр соңында хабар жинау 


257
Келісімнің бұзылуы және жеңістің сүйінші хабары
үшін Әбу Суфиян мен Хаким ибн Хизамды Мәдина 
бағытына жіберуге ұйғарым жасады: 
– Алда-жалда Мұхаммедке кезіге қалсаң, біздің 
басымыздың амандығын кепілде, – деді. 
Екеуі жолға шыққанда әуелі Бүдәйл ибн Уарқаны 
кезіктірді. Оны да өздеріне қосып, үшеуі бірге 
Мәдинаға қарай жолға шықты. Түн қараңғылығында 
Мәрруззахранға жеткенде, қайран қалды. Өйткені дәл 
алдарынан телегей теңіздей әскер, тігілген шатырлар, 
сол шатырлардың алдында алаулаған оттарды көрді. 
Әсіресе, аттардың кісінеуі мен түйелердің боздағанын 
естігенде үрейге берілді, жолдың аяқталар тұсқа 
жақындағанын түсінді. 
Бергі жақта Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
сахабаларының кейбірін шақырып, дәл қазір Әрак 
аймағында екені хабар берілген Әбу Суфиянды 
ұстап алып келуді бұйырды. Арттарынан оларға 
жақындағанда Әбу Суфиян жанындағы жолдасы екеуі 
мына өздері тап болған үрейлі көрініс туралы сөз етіп 
тұр еді.
Дереу екеуін тырп еткізбей ұстап, қарауылдарға 
жауапты хазірет Омарға апарды. Хазірет Омар қуанып, 
Пайғамбарымыздың қасына жүгірді. Оның бұл 
жағдайын көрген хазірет Аббас та жолға түсіп, хазірет 
Омардан бұрын барып жолыққысы келді. Мақсаты 
хазірет Омар істі жеңіл шешуге ұсыныс жасамай 
тұрып, Меккедегі жылдардан бері өзіне жақын дос Әбу 
Суфиянның басына ерік бергізіп, оның да мұсылман бо-
луына мүмкіндік бергізу болатын. Нәтиже солай болды 
да. Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
мен сахабалардың 
күшін, имамдарының айтқанын жамағаттың екі 
етпеуі секілді іс-әрекеттерді көргенде Әбу Суфиян да 
бұрынғы қалпынан өзгере бастады. Өйткені ол үшін 


258
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
тығырықтан шығар басқа жол қалмады. Меккенің 
пәрменді басшысы ендігі жерде жаңа бір кезеңге аяқ 
басты. Ұзақ сөйлесулерден кейін ерні дірілдеп мына 
сөзді айтты: – Аллаһтан басқа құдай жоқтығына әрі 
Мұхаммед Оның елшісі екеніне куәлік етемін!
Бұл кезде онымен бірге шыққан Хаким ибн Хизам 
да мұсылман болып, бәрі бірге Расулаллаһтан халыққа 
жан сауға сұрады. Араға хазірет Аббас секілді парасат-
ты кісінің араласуымен Әбу Суфиянға бөлекше ілтипат 
көрсетудің маңыздылығы тілге тиек етілді. Осы себепті 
Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 

– Әбу Суфиянның үйін паналаған адамның 
жанына сауға, – деп бұйырды. Маңайындағылардың 
сұрауымен бұның аясын кеңейтіп, Хаким ибн 
Хизамның үйін паналағандарға да, Қағбаны 
паналағандарға да бас амандығы берілетіндігі жария-
ланатын болды. 
Дәл осы кезде шайтан келіп Әбу Суфиянды азғыра 
бастады. Бір сәт іштей маңайдағы өзге тайпалардың 
басын қосып, Аллаһ елшісіне қарсы тұрып көрсе қайтер 
еді деп ойлады. Осыны ойлағаны мұң екен, иығына 
әлдекім қолын қойып: 
– Өйтсең де Аллаһ сенің масқараңды шығарып, 
бізге жеңіс сыйлап, мерейімізді үстем етеді, – деді. 
Бойын тез жиып ала қойып қарағанында, бұны айтып 
тұрған кісінің Аллаһ елшісі екенін байқап, қатты 
ұялды. 
Куәлік етемін, сен Аллаһтың елшісісің, – деді 
сөйтті де. Өйткені оның бұл ойын тек өзі ғана білетін. 
Бұл тек барлық нәрсені білетін Алламул-ғуюб деп ата-
латын Аллаһ тағалаға ғана аян еді. Расулына да Аллаһ 
білдіргені сөзсіз. Артынан былай деді: 


259
Келісімнің бұзылуы және жеңістің сүйінші хабары
– Аллаһ мені осы жағдайда кешіруін, тәубамды 
қабыл алуын өтінемін. Қазірге дейін сенің пайғамбар 
екендігіңе кейбір күмәным бар еді. Өз-өзімнен бәрі бос 
әурешілік дейтінмін. Аллаһқа ант етейін, мені бұндай 
ойларға итермелеген тек нәпсімнің азғыруы екен!
104
.
Бұдан кейін бірінен кейін бірі бірнеше тосын 
жағдаяттарға куә болғандықтан, меккеліктерге айта-
тын көп нәрсе бар еді. Тезірек Меккеге баруға Хаким 
ибн Хизам екеуі рұқсат сұрады. Алайда хазірет Аббас 
Аллаһ елшісіне тағы бір ұсыныс жасады: 
– Уа, расулаллаһ, – деді, – Мен Әбу Суфиян 
баяғы таз қалпына қайта түсіп кете ме деп қорқамын. 
Сондықтан екеуін тағы біраз уақыт жаныңда ұста. 
Өзіңмен бірге әскерлерді көріп, мәселенің мәнін 
тереңірек байыптасын.
Хазірет Әбу Бәкір де осы ойда еді. Осы себепті 
пайғамбарлар төресі Меккеге жолға шыққан Әбу Су-
фиянды қайта кері алып келуді бұйырды. 
Артынан қуып жеткен хазірет Аббасты көргенде, 
Әбу Суфиян: – Әй, Хашимұлдары, жоқ бұл 
қиянаттарыңның басқа бір түрі ме? – деп секемін 
білдірді. 
Хазірет Аббастың жауабы дайын екен, оған мынаны 
айтты: – Мынаны біліп қой, пайғамбардың артында 
сапқа тізілгендердің ешқайсысы ешқашан қиянат жа-
самайды, біз де саған қастандық жасамаймыз. Алайда 
сенің таңертеңге дейін күтіп, мұсылман әскерлерді әрі 
Аллаһтың мүшріктерге дайындаған тосын сыйларын 
тамашалауыңды қалаймыз. 
104
Тақырыпқа қатысты төрт түрлі риуаят бірге берілді. Салихи, Субулул-
хүда уәр-рәшад, 5/214; әл-Аққ, Абдуррахман, Маусуату ұзамаи хау-
лар-расул, 2/1044. 


260
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет