Мұхтар Әуезов шығармаларының елу томдық толық жинағЫ 3-том мақалалар, ӘҢгімелер, аудармалар, пьесалар 1921-1929 "ДӘуір" "жібек жолы" алматы 2014



Pdf көрінісі
бет27/27
Дата19.01.2017
өлшемі4,32 Mb.
#2190
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

«ҚАРАКӨЗ»

(Тарихи негізі)

Әдеби  зерттеудің  құлақ  күйі  –  көркем  шығарма.  «Қаракөздің» 

жазылу  тарихын,  прототиптік  сыпатын,  автордың  шығармашылық 

психологиясын  саралау  барысында  М.  Әуезов  шығармаларының 

көркемдік жинақтауында бұрын-соңды кездеспеген тәлім бар екендігі 

байқалды.  Ілгергі  дүниелердегі  сюжеттік  желіге  өмірде  болған  бір 

ғана оқиғаның көзінен арна алатын көркемдік шешім мен жазушының 

өз басынан кешірген сезімдері негіз қаласа, «Қаракөзде» мүлдем то-

сын  тәжірибеге  көшкен.  Рухани  тебіреніс,  поэтикалық  буырқаныс 

тұрғысынан өзінің жан дүниесіндегі сырын «төккенімен де», пьесаның 

сүйегін құраған жайлардың өмірлік деректері тарау-тарау тарамдарға 

тартады.  Егер  нақты  прототиптік  шындықты  іздесек,  онда  ол  біреу 

емес, екеу емес, үшеу емес, төрт түрлі тағдырдың тамырын қосады. 

Әрбір  оқиғаның  жаңғырығын  бір-біріне  тели  отырып,  көңілінде  ек-

шеп, солардың барлығына ортақ әуен мен сарын тауып, тебірене жыр-

лайды. Тіпті, «Қаракөздегі» басты кейіпкер жеке адам емес, «асықтық 

пен ақындық құмарлығы билеген биік сезім». Мұхтардың өзі осын-

дай деп баға бергендіктен де болар, ұсақ-түйек тұрмыстық тіршілікті 

қазбаламаған. Қажет деп таппаған. Сырым мен Қаракөз де, Нарша да, 

тіпті  қарама-қарсы  екі  топтың  үлкен-кішісі,  еркек-әйелі,  сал-серісі 

сол сайраншыл көңілді түсіне отырып, өздері қаһармандарымен бірге 

күрсінеді. Бәріне ортақ «қайғы-зар» бар, бәріне ортақ «асықтық пен 

ақындық»  бар.  Сол  «жекебастың  күй  шерінен  бастап  барып,  көп 

мұңдар, жылаулар күйіндегі азапты ұғынуға, халықтық қайғы-қамды 

ұғынуға  беттеген  шабытты  көрсетпек....  Қайғы-қасірет  қазасынан 

туған ызалы шабытты бейнелеген».

Бүкіл шығармадағы ақыл-ой азабы – екі уыз жастың арасындағы 

ақындық албырттықпен тұтасып кеткен сезімдерін даттамай, олардың 

осынау нәзік те оғаш қылықтарына қарғыс жаудырмай, аяныш таны-

тып, ақтап алу жағында. Туыстық қаннан гөрі пөк мінезді аялай жыр-

лайды. Мұхтар нені меңзеп, кімді көрсетіп, кімді ақтап отыр? Кәмилә 

413


мен  екеуінің  арасындағы  «немерелестікті»  ойдан  құрап,  жауыздық 

пиғылмен таратқан ғайбатшыларға жан тазалығын паш етіп, жалпы 

ғашықтық  сезімнің  кез  келген  тіршілік  ұғымынан  биік  әрі  қатерлі 

екенін айтқысы келді ме? Кейіпкердің атын Сырым қоюы – «Бұл менің 

сырым, жан сырым, сіздерге айтар сырым» еді деген ишарадан туған 

жоқ  па?  Мұның  барлығы  –  әр  адамның  сана  арқылы  тұспалдайтын 

түйсігінің еркіндегі ілхам.

Егер  де  «Қаракөздің»  екінші  нұсқасында  шығарманың  алғашқы 

реңін әлсіреткен, «сал-сері, бұлаң жігіт, кермарал ерке тотылардың» 

аяқ  астынан  әнін  де,  сәнін  де  ұмытып,  зарлай  жөнелуінің  мәнісі 

ашылмай  қалатындай  көмескі  қалған  көркемдік  себеп  болса  –  ол 

осы туыстық қарым-катынас. Мұхтар Әуезов екінші нұсқадағы алғы 

сөзде:  «Шығарманың  ерте  күндегі  қателіктерін  жойып,  жаңғырған 

жаңа  вариантын  алдарыңызға  ұсынамын»,  –  дегендегі  қателіктің 

үлкені,  серілер  сахнасы,  прологы  болса,  екіншісі  осы  немере 

адамдардың ғашықтығы еді. Кейінгі нұсқада Сырым мен Қаракөздің 

арасы «алты атаға» шегеріледі. Бұл орайда кінәні жазушыға артудың 

еш қисыны жоқ. Ол өзгертулер 1932 жылғы 10 шілдедегі «Социалды 

Қазақстан» газетінде жарияланған ашық хатындағы: «Менің өткендегі 

жазушылық қызметімнің айқын белгілері «Еңлік – Қебек», «Қаракөз» 

сияқтылары  еді.  Бұлар  бүгінгі  төңкеріс  дәуірінен  алыстағы  қазақ 

салтын  көрсетумен  қатар,  өздерінің  екшеліп  алынған  тақырыптары 

бойынша төңкеріс тематикасынан әдейі аулаққа жайылып кеткендікті 

және ұлтшыл жазушылардың табына кеткендікті білдіретін нәрселер», 

– деген сөзінен соң жасалды.

Тұрпайы  социологиялық  сын  махаббаттың  өзінен  таптық  астар 

іздеп,  көркем  өнердің  шарттары  мен  заңдылықтарын  назардан  тыс 

қалдырған кезеңде, тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл ел көлеміндегі 

өнер  иелері  сыртқа  қақпайланды.  Сергей  Есенин,  Владимир  Ма-

яковский,  Алексей  Толстой,  Анна  Ахматова,  Марина  Цветаева 

тағдырларына  да  салқыны  тиіп  еді.  Өзгені  былай  қойғанда,  махаб-

бат мәселесінің өзіне «өшпенділікпен» қарап, Қаракөз бен Сырымды 

жазаға тартуға шақырды. Екеуінің ғашықтығы «қылмысқа» саналды. 

«Еңлік – Кебектен» артықшылығы болмаған Қаракөз бен Сырымды 

екі ру бірігіп неге ат құйрығына таңбайды. Оның үстіне, Сырым мен 

Қаракөз  қазақ  елінің  тарихында  болмаған  істерді  істеді,  бір  әкенің 

балалары.  Бір-біріне  ашық  болып,  жігітшілік  жөнінде  масқара  бо-

лып отыр. Ол күндегідей елге мұнан артық өлім бар ма, бұл екеуін 

ат құйрығына тағуға ол күндегі қандай ру қарсы болды. Қайта қыбы 

қанбай ма?... Тіпті қазір де заңда жол бермейді ғой. Тіпті ерте мезгілде 

414


қазақта  мұндай  оқиға  болғанына  кім  сенеді.  Жазушы  оны  немен 

сендіреді? Кітаптың ең негізгі орны, негізгі оқиға осы екеуінікі болса, 

қазақ еңбекшілерінің жаңа жұртшылығына мұнан қандай пайда, үлгі 

алатын жеміс күтуге болады?» – деп жазғырды Орманбайұлы. «Өзінің 

ағасына ашық болып, көрінер көзге екі рудың намысын аяққа басқан 

Қаракөзді  Нарша  неге  тып-тыныш  алып  жүре  береді...  Қаракөзді 

оң  жаққа  тастап  кетіп,  екі  ел  болып  неге  сөзге  келмейді,  екі  елдің 

күшімен Сырымды ұстап, Қаракөз бен Сырымға Еңлік–Кебектің керін 

неге келтірмейді... Мұндай оқиға ол күндегі қазақ дәстүрінде ешбір 

уақытта болғандығы жоқ, болғандығына «Еңлік–Кебек», «Қалқаман–

Мамыр» дәлел бола алады. Қаракөз болған да шығар. Бірақ басқаша 

болар. Ол күндегі қазақтың ру заңынан сырт болуы мүмкін емес».

Қаракөз  сияқты  бұзылып  барған  әйелді  «ит  көзі  түтін  танымай-

ды»  қылып  ит  қорлықпен  жер-ошақ  басында  өлтірмей  ме?!  Жазу-

шы Қаракөзді былай етіп көрсетпейді, қайта Қаракөз барған жеріне 

айыбының үстіне үстем болады», – деп те ақыл береді.

«Қаракөздегі»  оқиға  желісі  өрбитін  негізгі  ұйытқы  анықталды. 

Бас ты себеп – немерелес уыз жастардың туысқандық шекарадан ат-

тап  өтіп,  ағайын дықтан  ашықтыққа,  асықтыққа  жетелеуі.  Көркем 

шығарманың өмірлік дерегін, демек, осы «немерелес ғашықтардың» 

айналасынан іздеу керек.

Олар кімдер? Қай заманда өмір сүрген? «Қаракөз» трагедиясын-

да  сол  оқиғалар  қалай  тұжырымдалып,  жинақы  бейнеге  ұқсап,  бір 

шығармаға  біріктірілген.  Мұхтар  Әуезов  сол  оқиғамен  қалай  таны-

сты?  Міне,  осы  жайларды  оқырман  назарына  ұсына  отырып,  салы-

стыра талдап көрейік.

Қарт  Шыңғысты  мекендеген  адамдардың  тағдыры  М.  Әуезов 

шығар ма шылығында  ерекше  дара,  оқшау  орын  алады.  Америка 

жұрты Нобель сыйлығының лауреаты Уильям Фолкнерді Миссисипи 

штатының «меншікті қаламгері» десе, Мұхтардың да «Шыңғыстаудың 

жыршысы»  деп  аталуға  толық  хақысы  бар  және  заңды  да.  Бұл 

«Абай  жолы»  эпопеясын  қоспағанның  өзінде,  классикалық  әңгіме, 

драмаларының өзінен-ақ анық айшықтанады.

«Қаракөз»  трагедиясы  да  сол  өңірдегі,  оның  ішінде,  ұлы 

жазушының өзі араласып өскен Абай аулы төңірегіндегі оқиғалардың 

негізінде өрбіген. Трагедиялық тағдырлардың себеп-сырын жеткіншек 

жасынан  жүрегіне  тоқыған  М.  Әуезов  Құнанбайдың  Айғыздан 

туған  офицер  ұлы,  Абайдың  тетелес  інісі  Халиолла  Өскенбаевтың, 

сондай-ақ, сол Құнанбайдың Қүңкеден туған немересі, сал-сері Әмір 

Құдайбердиевтің,  ІІІаған  өзенінің  сағасындағы  Ғалия  мен  Ниязбек 

415


атты  ғашықтардың  және  «...  жазушының  өзі  басынан  кешіп,  куәгер 

болған»  бір  оқиғаны  «Қаракөзді»  жазу  кезінде  пайдаланған.  Зейін 

қойып,  назар  аударған  жанға  қай  көріністің  қай  оқиғаға  қатысты 

екендігі  оңай  аңғарылады.  Пьесаның  алғашқы  нұсқасында  Қаракөз 

бен  Сырымның  немерелестігін  тағы  да  еске  саламыз.  Оны  баса 

көрсетудегі мақсатымыз талдау барысында анықталады. Сонымен...

Бірінші прототип:

Өткен ғасырдың екінші жартысында аға сұлтан Құнанбай өзінің 

ұлы  Халиолланы  орысша  мектепке  береді.  Ол  1859–1867  жылдары 

Омбыдағы Кадет корпусында, кейін 1867–1868 жылдары Мәскеудегі 

III Александр атындағы әскери училищеде оқып, офицер шенін ала-

ды. Халиолла Шоқан Уәлихановпен таныс. Өйткені оның інісі екеуі 

бірге  оқыған.  Және  Уәлихан  мен  Құнанбай  да  өзара  жақын  қарым-

қатынаста болған. Халиолла демалыс кезінде Шыңғысқа бара жатып 

Семейдегі Тінібайдың немере қызы Айғанымды ұнатып, көңіл қосады. 

Тінібайдың екінші ұлы Меңдібайдың әйелі – Құнанбайдың қарындасы, 

Халиолланың әпкесі. Бірақ Айғаным Меңдібайдың басқа әйелінен туа-

ды. Яғни, қандық жақындығы жоқ. Біз тарихи мәліметтерді толығырақ 

беру  үшін  екінші  бір  жорамалды  да  ұсынамыз.  Онда  Құнанбайдың 

кенже  қарындасын  Тінібайдың  өзі  тоқалдыққа  алған.  Халлиолла 

Тінібайдың бәйбішесінен туған қызға ғашық болады. Шариғат жолы 

бойынша Тінібай да, Құнанбай да Халиоллаға қарсы болған делінеді. 

Қалай болған күнде де бір шындық анық. Ол – Халиолланың әпкесі 

Мәкіш Тінібайдың үйінің босағасын аттаған. Халиолла сол Мәкішті 

тоқалдыққа алған адамның бәйбішесінің қызына ғашық болған.

Егер Халиолланың 1868 жылы офицер шенін

1

 алғанын ескерсек, 



онда оның Айғанымға ғашық болғаны 1868–1869 жылдың қысы еді де-

генге саяды. Біз Айғаным – Меңдібайдың қызы, Мәкен – Меңдібайдың 

әйелі дегенге жүгінеміз.

1

, Әйтеуір әке жағынан немере туыстығы бары 



рас. Оқиғаның ұзын-ырғасы былай.

Қысқы  боранды-шашынды  уақытта  әке-шешелерінің  рұқсат 

берімейтінін білген қос ғашық жасырынып қаладан қашып шығады. 

Халиолланың  қасына  Әнет  руынан  Мырзақан  есімді  адам  ереді. 

Қыздың  ағайындары  соңдарынан  қуады.  Олар  адастырып  кетеді. 

Ұстай алмасын білген соң Семейден әскер жалдап, соңынан салады. 

Шыңғыстың  сілемі  Тасбөгетке  жеткенде,  әскердің  қарасы  көрініп, 

жақындап қалады. Қыз бен жігіттің шанаға жеккен аты болдырады. 

Сонда салт атты Мырзақан:

– Қызды маған бер. Мен бұта-жыраны сағалап құтылып кетем. Ал 

өзіңе түк те істемейді, әкел, – дейді.

416


Халел (Халиолла – Т. Ж.) шанадағы қызды көтеріп алып, жақындай 

бере кілт тоқтайды.

–  Әй,  Мырзақан,  қалыңдығын  ат  артына  мінгестіріп  жіберді  де-

ген  жаман  атаққа  қаламыз.  Мұнымыз  болмас.  Не  жазса  да  көрелік. 

Жүрегіміз бір, серттен таймаймыз,– дейді.

Сөйтіп  екі  ғашық  қолға  түседі.  Екеуін  абақтыға  қамап,  сот  ісін 

қозғайды.  Ел  ішінде  де  үлкен  тартыс  туындайды.  Құнанбай  мен 

Тінібай  бірі  ұлын,  бірі  қызын  жазаға  тартады.  Тек  Абай  ғана  ара 

түседі. Сот кезінде қыз сөзінен, сертінен таймайды. Абақтыда отырса 

да мойымайды. Халиолла да зар-мұңын шағады. Қатал үкім орында-

лады. Екеуін қоспайды. Құнанбайдың қаталдығына, қатыгез мінезіне 

ренжіп  әрі  ғашығынан  айырылған  Халиолла  ауылға  соқпай,  сол 

бетінде Омбыға кетіп қалады. Қыз бен екеуі өлеңмен хат жазысып-

ты. Ағайындарының қорлығы мен қоқан-лоқысынан қатты азап ше-

гіп, шошынып қалған қыз шерменде күйге шыдамай есінен адасады. 

Оның қыз ба ауруға шалдыққанын естіп, өзі де құсаланып Халиолла 

1870 жылы 2 шіл деде қайтыс болады.

Өлер алдында Абайға хат жазыпты Халелдің бір хатын академик 

Ә.  Марғұлан  Ленинград  университетінің  профессоры  Березиннің 

архивінен тапқан – Т. Ж.). Онда өзінің ұзамай о дүниеге аттанатынын 

айтып, өзін Шыңғыстың қара дауылының үніне салып, ащы дауыспен 

жоқтауын  өтініпті.  «Ол  –  менің  құсалы  өмірімнің  үні.  Көзге  ешкім 

жас алмасын», – депті. Сондай-ақ сол жақта жүріп, өз ата-бабасының 

қатыгездігін суреттейтін тарихи дастан да жазса керек. Айтқандай, хат 

соңынан қайғылы хабар ілесе келеді. Халиолланың сүйегін Құнанбай 

Омбыдан  атпен  алдырады.  «Абай  жолындағы»  кездесетін  Сары  апа 

дауылдың  даусын  салады.  Алдын  ала  сүйек  келгенше  өзгелерге  де 

(әйелдерге) үйретіп, үш жыл бойы күніне бір уақыт жоқтап отырыпты.

Міне,  «Қаракөздегі»  қыздың  сүйген,  жүрегі  қалаған  Сырымнан 

айырыл ғаннан соңғы жындану сценасы осы оқиғадан алынған. Оған 

негізгі  дәлел:  жоғарыдағы  Халиолла  мен  Айғанымның  тағдырының 

пьесамен  астасып  жатуы.  Мұхтар  Әуезов  сол  мұңлықтардың 

өмірімен  жақсы  таныс.  «Абай  жолы»  эпопеясындағы  Дәрмен  – 

Мәкен  арасындағы  ғашықтық  хикаясының  Семей  қаласындағы  сот 

процесіндегі үзігі Халиолланың трагедиясынан алынған. Онда Абай 

үстемдік алып, әділетті үкімнің туын көтереді. Діншіл молдалардың 

да мысын басып, Михайлов арқылы босатып алады. Бұл, әрине, Абай 

образын сомдап, толықтыра түсу үшін қолданылған әдеби тәсіл.

Әуел  баста  Мұхтар  Әуезов  Халиолла  өмірін  өз  атымен  жазуды 

ұйғарып,  жоспар  да  жасапты.  Онда:  «Тінібай  үйі.  Қала  жасының 

417


қызығы.  Оқудан  келген  Халел,  Тінібай  қызымен  екі  арасы.  Қазақ 

жайын  білмейді.  Тінібай  қызын  алып  қашады.  Абай  Аякөзге  қуып 

барған.  Алып  қайтады.  Халел  –  мінезсіз  төрешік.  Абай  ұрсады»,  – 

деп  көрсетіпті.  Бірақ  образдың  тұтастығын  сақтау  мақсатымен  бұл 

оқиғаны  Дәрмен  бейнесін  аша  түсу  үшін  қолданған.  Жазушының 

Халиоллаға ерекше көңіл қоюы – жоғарыдағы оқиғаның шын екендігін 

дәлелдейді. «Қаракөз ашықтықтың салдарынан жынды болады. Ашық 

болған кісі жынды бола ма екен? Қазақ баласында бір-біріне ашық бо-

лып жынды болғандар бар ма, жынды болса – кімдер болды?» – деген 

Жұмабай жолдастың да «айыптауына» берер жауап осы.

Ал екінші прототип...

...Ол  –  Сарыарқаны  әнге  бөлеген  күміс  көмей  сал  Біржанның 

серігі,  кезінде  серілік  құрып,  қызылды-жасылды  киініп,  астындағы 

сәйгүліктерінің  жал-құйрығына  түрлі  түсті  шүберек  тағып,  сән-

сауықтың  дуы  болған  Әмір  Құдайбердиев.  Бұл  да  Халиолланың 

інісі. Шәкерім ақынның туған ағасы. Құнанбайдың үлкен бәйбішесі 

Күнкеден туған жалғыз ұл Құдайбердінің баласы. Әмір жеті жасында 

жетім қалып, үлкен үйдің еркесі атанып өседі. Өзі өткір, өжет, өнерлі 

екен.  Бозбала  шағынан  ән  айтып,  30–40  жас  жігітті  қасына  ертіп, 

арқаны  әсем  әуенге  бөлеп,  ел-жұрт  аралаған.  Оның  салдық  өнеріне 

Құнанбай  наразылық  білдіріп,  қатты  азапқа  салып,  арбаның  артына 

таңып  тастаған.  Сонда  да  өткір  тілімен  Құнанбайды  түйреп,  алған 

бетінен  қайтпаған.  Әмірдің  салдық  өнері,  Үмітей  қызбен  арадағы 

мейірімге толы қимас махаббат, «Абай жолы» эпопеясының «Жайла-

уда», «Оқапта» атты тарауларында тамылжыға суреттелген. Сондағы 

бөлімде  Әмір  мен  Үмітейдің  ғашықтық  сыры  кең  толғанып,  мұңлы 

сырға  ұласады.  Бұл  оқшау  үзіктегі  оқиға  «Қаракөздің»  сюжетімен 

сабақтас. Әсіресе, екі асықтың оңашада табысып, мұң-шерін ағытып 

тұрған  жеріндегі  қыз  куйеуінің  ұстап  алуы,  сонда  да  екеуінің  бір-

бірінен  ажырамауы,  тіпті  кейбір  сөйлемдер  мен  диалогтерге  дейін 

өте  ұқсас.  Әрине,  екі  шығармада  айырмашылықтар  да  бар.  Ол  – 

проза  мен  драматургия  сияқты  әдебиеттің  екі  ұдай  жанрының  ішкі 

заңдылықтарынан туындаған өзгерістер.

Қашанда  көркем  шығарманың  өз  шындығы  бар.  Ол  қаламгердің 

шығармашылық  қиялының  шарықтауына,  шығарманың  негізгі 

мақсатына,  кейіпкердің  философиялық  көзқарасында,  оқиға  өрісіне 

қарай  өріс  тауып,  өрбіп,  құбылып  отырады.  Бұл,  әрине,  тари-

хи  шындықтан  бас  тарту  емес,  қайта  сол  оқиғаны  көркем  тілмен, 

қисынды жүйемен мол мағлұмат аңғартып, жүректе із қалдыратындай 

етіп  суреттеу  мақсатынан  туындайтын  байсалды  байлам.  Көркем 

418


туындыға ауадай қажет қасиет. М. Әуезовтің өзі айтқандай, «көркем 

қиялға еркін ерік берген».

Сырт  көзге  «Қаракөздің»  оқиғасы  осымен  түгелденген  тәрізді. 

Негізгі  оқиға,  іс-әрекет,  тартыс  –  бәрі  де  Халиолла  мен  Әмірдің 

өмірінен өріліп біткен тәрізді. Бірақ Шыңғыс өңіріндегі өмір сүрген 

тағы бір қос мұңлықтың – Ниязбек пен Ғалияның қайғылы қасіретті 

хикаясы еріксіз назар аударады. Тоғжан ару ұзатылып барған Шаған 

өзенінің бойында өскен екі жас бір-біріне қосыла алмай, арманда өтеді. 

Ғалия құсаланып, дертке ұшырайды. Әке-шешесі оңаша үйге қамап 

қойып ұшықтауға кіріседі. Бақсы-балгердің дауасыз емі арманды ару-

ды  есінен  тандырып,  шерменде  халге  түсіреді.  Шағанның  тоғайын 

аралап, біресе сақ-сақ күліп, біресе жылап, бұтадан қорқып, шошыма-

лы ауруға ұшырайды. Екі сөзінің бірінде: «Тоғай! Қалың тоғай! Нияз-

бек!» – деп қайталаудан танбайды. Сол бейшаралық күйден қалпына 

келе алмай, далада адасып өліпті.

Бұл  оқиғаны  Семей  облысының  Абай  ауданына  қарасты  Шаған 

селосының тұрғыны Мұқан Асқаров айтып берді.

Оқиға төңкеріс қарсаңында болыпты. Мұхтар Әуезов жас кезінде 

Шаған өзенінің жағасына талай ат басын тіреген. «Оқыған азамат», 

«Қыр  әңгімелері»,  «Қаралы  сұлу»  әңгімелерінің  прототиптерінің 

мекені  бұл.  Сорлы  Ғалияның  қасіретін  естіген  қаламгер  жүрегін 

тебіренткен. Әсіресе трагедияның соңғы көрінісіндегі Қаракөздің шо-

шынуы, тоғайды жиі-жиі айтуы, сандырақтаулары Ғалияның мүшкіл 

халін  көзге  елестетеді.  Ой  иірімі,  сөз  толғамы,  суреттеудің  дәлдігі 

Мұхтардың  бұл  оқиғаны  да  өзінше  пайдаланғандығын  меңзейді. 

Осының  барлығы  «Қаракөз  –  типтік  бейне»  деген  ұғымға  саяды. 

Әуезов мол материалды кең толғап, қиыннан қиыстырып, ұштастыра 

қолданған.

Төртінші тұжырым...

Аталмыш  жайларға  қарағанда  соңғы  топшылау  оқырманға  та-

ныс,  автордың  жеке  өміріндегі  құбылыстардың  әсеріне,  сезімдік 

тебіреністерге  қатысты  тарқатылады.  Бағдарлап  байыбына  барсақ, 

Прототиптік негізден гөрі, шығармашылық интуицияны, жазушының 

көңіл  күйін,  қолына  қалам  алуға  әсер  еткен  ізденістердің  ізін 

аңғартады.  Оқырман  қауымының  арасында,  оның  ішінде,  әдебиет 

зерттеушілері  мен  қаламгерлердің,  сонымен  қатар  сонау  бір  жыл-

дары  етене  араласқан  адамдар  да  «Қаракөздің»  жазылу  тарихының 

себептері ретінде Мұхтар Әуезовтің Кәмила Мағауия қызымен ажы-

расу тұсындағы ішкі арпалысын меңзейді.

Жиырмасыншы  жылдары  Мұхтардың  жеке  өмірінде,  қоғамдық 

419


420

көзқарастарында  көптеген  қарама-қайшылықтар  мен  қиыншы-

лықтардың, елеулі өзгерістердің кездескені, «Қаракөзді» жазуға итер-

мелеген тебіреніс көзі ілгерідегі баяндау арқылы таныс.

Ішкі толғаныс талант иесіне «Қаракөз» трагедиясының сарынын 

дөп басып, сәтті шығаруына интуициялық сезімнің әсер еткені анық. 

Тебіреніс  толқыны  жан  түкпірінен  қопарылып  шықпаса  –  жүрекке 

жетпейді. Тіпті, суреткер өмір сүрген заманнан алыс дәуірлерді бейне-

лесе де, ондағы кейіпкерлеріне өзінің сезім-түйсігі арқылы жан бітірді. 

Кей тұстарда творчество адамдарының интуициясының күштілігі сон-

дай, күні ертең не боларын көбінесе дәлме-дәл болжайтын көрінеді. 

Кейіпкер  мен  өз  сезімінің  астасып,  өзге  адам  үшін  арпалысуы  шы-

найы өнер иесіне тән. Гете «Жас Вертердің қасіреті» романын Шар-

лотта Буфқа есі кете ғашық боп, махаббат азабына түскен кезде жа-

зыпты. Өзінің егілген жүрегінің ащы запыраны Вертердің қасіретіне 

қосылғанда  Гетені  шарасыздық  билеп,  өмірден  түңіледі.  Вертердің 

өзіне-өзі  қол  жұмсаудан  басқа  амалы  қалмағанын  аңғарғанда  қатты 

қапаланады  да,  бұл  да  сондай  шешімге  қеледі.  Жантүршігерлік 

шешімді әзер жеңеді. Гете: «Мен  өзімді-өзім өлтіру туралы қатыгез 

де  ақылға  сыйымсыз  пиғылдан  бас  тартып,  өмір  сүру  керек  деп 

шештім. Бұл мақсатты еш алаңсыз жүзеге асыру үшін өзімнің барлық 

қасіретімді  жеткізе  алатындай  поэтикалық  шығарма  жазуым  керек 

болды», – деп еске алады. Сондай тығырыққа тірелген шақта күйеуге 

шыққан әйелге ғашық болған, бірақ тілегін қабылдамағанға қорланған 

Карл Вильгельм Иерузалем деген жігіттің өзін-өзі өлтіргенін естиді 

де  Вертердің  тағдырына  сол  оқиғаны  теліп  барып  рухани  азаптан 

құтылады.

Міне,  Мұхтар  «Қаракөзді»  жазғанда,  дәл  Гете  сияқты  шектен 

шыққан  шешімге  ниет  қылған  жоқ.  Бірақ  жан  дүниесінің  қатты 

күйзелгені аян. Тіпті, ол Қаракөз бейнесінде елестеткен Кәмиланың 

ұзамай  құсалықпен  дүниеден  өтетінін  де  іштей  сезген  сияқты.  Біз, 

тура  мағынасында  емес,  көркемдік  образдың  рухани  күйзелісінің 

түңілу  коллизиясын  айтып  отырмыз. Анығы  сол: «Қаракөздің» сон-

шама  «азапты  шабытпен»  жазылуына  отбасының  тіршілігіндегі  бұл 

өзгерістің тікелей әсері тигені сөзсіз. Жанын жаралаған «немерелестік» 

хақындағы  ғайбат-өсектер  де  отқа  май  құйғандай  өршіте  түскен. 

Сондықтан да Кәмила тек поэтикалық бейне ретінде ғана дәнекерлік 

еткен деп бағалау керек.



Т. Жұртбай

М А З М Ұ Н Ы

I. МАҚАЛАЛАР ............................................................................................3

«Қазақ Республикасы қазақсыз қалады...» ...................................................5

Қазақ қалам қайраткерлеріне .........................................................................7

«Шаншар» журналы .....................................................................................10

Жалпы театр өнері мен қазақ театры ..........................................................16

Қазақстан мемлекет театры ..........................................................................43

САКУ-дің оқушылары мен оқытушылары .................................................58

Бөлім мақсаты ...............................................................................................60

Өз жайымнан мағлұмат ................................................................................67

Қазақ жаңа емлесі туралы декрет ................................................................73

Қазақстан шаруасының қалпы мен байлаулы қазақ жастарының 

міндеттері ................................................................................................75



II. ӘҢГІМЕЛЕР ...........................................................................................77

Жетім ..............................................................................................................79

Барымта ..........................................................................................................87

Қаралы сұлу (Бірінші нұсқасы) .................................................................101

Қаралы сұлу (Екінші нұсқасы) ..................................................................115

Кінәмшіл бойжеткен ...................................................................................128

Бүркіт аңшылығының суреттері ................................................................151

Ескілік көлеңкесінде ...................................................................................155

Жуандық .......................................................................................................173

III. АУДАРМАЛАР ....................................................................................185

Чусовойдағы бурлактар (Мамин-Сибиряктан) ........................................187



IV. ПЬЕСАЛАР ..........................................................................................191

Қаракөз (Бірінші нұсқасы) .........................................................................193

Қарагөз (Екінші нұсқасы)...........................................................................253

V. ҒЫЛЫМИ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР........................................................305

421


УЕЗОВ МҰХТАР ОМАРХАНҰЛЫ

Шығармаларының елу томдық толық жинағы

3-том

Академиялық ғылыми басылым

М.О.  уезов атындағы  дебиет және  нер институтының

ғылыми кеңесінде бекітіліп, баспаға ұсынылған

Баспа жобасының жетекшілері: 

С. Назарбаева, Б. Қанапиянов

Редакторлары: Б. Хабдина, Б. Мұсахан

К ркемдеуші редакторы Л.  тебаева

Техникалық редакторы И. Селиванова

Компьютерде беттеген И. Селиванова



Тапсырыс № 1247.

11.03.2014 ж.



“Жібек жолы” баспа үйі

050000, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 50.



Тел.: 272-65-01, 261-11-09.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет