М.Әуезов балалар әдебиетінің ғылыми тұрғыда зерттелуіне көңіл бөлумен қатар, өзі де балаларға арнап бірнеше шығарма(«Қорғансыздың күні», «Жетім», «Көксерек» әңгімелері, «Қараш-қараш оқиғасы» повесі) жазды. Тұңғыш әңгімесін 24 жасында жариялады. «Қорғансыздың күні» баяндалу әдісі жөнінен европалық әдебиет үлгісінде жазылған. Әңгіменің оқиға желісі жас қыз Ғазизаның тағдырына құрылған. «Жетім» әңгімесіндегі басты кейіпкер – жас бала Қасым. Шығармада он жастағы жас баланың қиын тағдыры, аянышты халі берілген. Бұл шығармасында қаламгер бала ұғымын, сезімін беруде өзінше ізденіс танытқан.