«Мың бала» олимпиадасына тіркелу жөніндегі
Нұсқаулық
«Мың
бала»
Ұлттық
олимпиадасына
қатысу
үшін
олимпиаданың
1000bala.elbasyacademy.kz ресми сайтына өту қажет. Профиль тақырыбындағы «Тіркелу»
түймесін басыңыз.
Тіркелу ҰБДҚ деректеріне сәйкес соңғы екі оқу
жылында ауылдық мектептерде
оқитын 5 және 6-сыныптың барлық оқушыларына қолжетімді. Тиісті жолға қатысушының
ЖСН енгізіңіз.
ЖСН енгізгеннен кейін оң жақтағы терезеде
пайдаланушы туралы ақпарат
көрсетіледі.
Егер ақпарат дұрыс болса, онда «Келесі» түймесін басып,
тіркеуді
жалғастырыңыз.
Егер сіздің ЖСН табылмаса, онда сізге тіркеу қолжетімсіз.
Іздеу жолағын тазалау және ЖСН қайта енгізу үшін «Тіркеуді қайта бастау» түймесін
басыңыз..
Телефон нөмірін растау үшін SMS код келетін қатысушының
немесе ата-ананың
(заңды өкілдің) ұялы телефон нөмірін енгізіңіз. Осы телефон нөмірі жүйеде
одан әрі
авторизациялау үшін логин ретінде пайдаланылады (сәтті тіркелген жағдайда).
Көрсетілген телефон нөмірін растау үшін сізге қалқымалы терезеге енгізетін SMS
код жіберіледі. Егер СМС код
бір минут ішінде сізге келмесе, «Кодты қайта жіберу»
батырмасын басыңыз.
Қосымша деректерді толтырыңыз:
- Ата-анасының (заңды өкілінің) тегі;
- Ата-анасының (заңды өкілінің) аты;
- Әкесінің аты (бар болса);
- Ата-ананың (заңды өкілдің) ұялы телефоны;
- Қатысушының немесе ата-ананың электрондық поштасы (бар болса);
- Тестілеуді тапсыру тілі (олимпиада тесті ашылатын тіл);
- Құпиясөз (8 саннан тұратын құпиясөз ойлап табыңыз);
- Құпиясөзді қайталаңыз;
«Тіркелу» түймесін басыңыз.