2.Қызметкерлерге еңбек ақы төлеудің есебі. Еңбекақыны есептеу айына бір рет жүргізіледі және айдың соңғы күні есепте көрсетіледі.
Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде анықталған тәртіппен жүргізіледі.
Айдың бірінші жартысына қызметкерлерге еңбекақысының 50%-ы мөлшерінде аванс берілуі мүмкін, бұл сомадан Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ұстауға жататын салықтар сомасы алынып тасталады.
Есептелген еңбекақы сомасына 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредитіне және 7010 «Еңбекақы төлеуге арналған шығыстар» шотының, 8012
«Еңбекақы» қосалқы шотының дебетіне жазба жүргізіледі.
Төленген еңбекақы сомасы 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебетіне және 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының кредитіне, 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотының тиісті қосалқы шотының, 1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» шоты қосалқы шотының кредитіне жазылады. Белгіленген мерзімде алынбаған еңбекақы сомасы 3243 «Депоненттелген сома бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредитіне және 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының
дебетіне жазылады.
Депонентке берілген еңбекақы сомасына 3243 «Депоненттелген сома бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шоты дебеттеледі және 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шоты, 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотының тиісті қосалқы шотының, 1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» шотының қосалқы шоты кредиттеледі.
Талап ету мерзімі өткеннен соң депоненттік берешектің талап етілмеген сомасы есептеулердің түгендеу актісінің, актіге анықтаманың және түгендеу комиссиясы Хаттамасының негізінде өзге кірістер ретінде тануға жатады және есепке алуда 3243 «Депоненттелген сома бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 6360 «Өзге кірістер» қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.