3.жалға алушының есебіндегі қаржылық жал есебі. Қаржылық жалдауды есепке алу кезінде жалға алушылар жалдау мерзімінің басында өздерінің қаржылық ахуал туралы есептілігінде: активтер ретінде - қаржылық жалдау шеңберінде сатып алынған активтерді; міндеттемелер ретінде – жалдауға байланысты міндеттемелерді таниды. Жалға алушы осы операцияны мынадай корреспонденциямен көрсетеді: «Негізгі құралдар», «Инвестициялық жылжымайтын мүлік», «Биологиялық активтер» немесе «Материалдық емес активтер», 4120 «Жал бойынша ұзақ мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредиті. Мемлекеттік мекеме тану сәтінде, сондай-ақ есепті жылдың аяғында жалдау бойынша ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігін бөліп береді: 4120 «Жал бойынша ұзақ мерзімді кредиторлық берешек» шотының дебеті және 3260 «Жал бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредиті. Қаржылық жалдауға байланысты жалдаушы жүзеге асырған қызметке тікелей жатқызылатын ретінде анықталған шығындар актив ретінде танылған сомаға қосылады.
1.Жалға берушінің есебіндегі қаржылық жал есебі. Активтер мен міндеттемелер бастапқы жалдау күніне анықталған соманың ішіндегі ең төмен сомада танылады: жалға берілген мүліктің әділ құны; және ең төменгі жалдау төлемдерінің дисконтталған құны. Активті жалға алушы амортизациялайды. Жалға алынатын активтің амортизацияланатын құны өзінің жеке амортизацияланатын активтері үшін жалға алушы қабылдайтын амортизация саясатына сәйкес қолдануды күтетін мерзім бойы әр есеп кезеңіне бөлінеді: 7110 «Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар» шотының дебеті және жиналған амортизацияны көрсету бойынша тиісті қосалқы шоттың кредиті.Мемлекеттік мекеме жалданатын активтердің баланстық құнын осы Ереженің «Активтердің құнсыздануы» бөлімінің ережелеріне сәйкес құнсыздану тұрғысынан мерзімді қайта қарастыруы тиіс.Жалдау бойынша сыйақы есептеуді мемлекетік мекеме 7310 «Сыйақылар бойынша шығыстар» шотының дебеті және 3250 «Төленуге тиісті қысқа мерзімді сыйақылар» шотының кредиті бойынша көрсетеді. Жалдау міндеттемесін өтеу 3260 «Жал бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының дебеті және «Ақша қаражаты және олардың баламалары» шоты қосалқы шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі.Жалға беруші жалдау мерзімінің басында баланста қаржылықжалдау шеңберінде алынатын жалдау төлемдеріне тең дебиторлық берешекті таниды. Активті жалдауға беру мынадай жазбамен көрсетіледі: 2220 «Жалбойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» шотының дебеті және қаржылық жалдауға берілген активтің тиісті қосалқы шотының кредиті. Жалдау бойынша сыйақы есептеу 1250 «Алынуға тиісті қысқа мерзімді сыйақылар» шотының дебеті және 6210 «Сыйақылар бойынша кірістер» шотының кредиті бойынша көрсетіледі. Жалдаудан сыйақылар бойынша кірістер бюджет кірістері болып табылады (активтерді басқарудан түсетін кірістерді бюджетке аудару тәртібі «Дебиторлық және кредиторлық берешектер» бөлімінде қарастырылған). Есепті кезеңнің аяғында мемлекеттік мекеме жалдау бойынша ұзақ мерзімді берешектің ағымдағы бөлігін мынадай жазбамен көрсетеді: 1270 «Жал бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шотының дебеті және 2220 «Жал бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» шотының кредиті.