Тақырып 11. Кірістер мен шығыстардың есебі. Дәріс 21 1.Кірістер есебінің тәртібі.
2.Шығыстар.
3.Операциялық шығыстар.
Дәріс 22 1.Бюджеттік төлемдердің шығыстары.
2.Құнсыздану.
3.Кірістер мен шығыстардың құжаттық рәсімделуі.
1.Кірістер есебінің тәртібі. Мемлекеттік мекеменің сенімді бағалана алатын, болашақ экономикалық пайда немесе сервистік әлеует алу мүмкіндігі болса, кіріс танылады.
Мемлекеттік мекеме кірісті есептеу әдісімен таниды.
Мемлекеттік мекеменің кірістерін есепке алу үшін мынадай шоттар арналған:
6010 «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер»;
6020 «Күрделі салымдарды қаржыландырудан алынатын кірістер»;
6030 «Трансферттер бойынша кірістер»;
6040 «Субсидиялар төлемдері бойынша қаржыландырудан түсетін кірістер»;
6050 «Демеушiлік және қайырымдылық көмектен алынатын кірістер»;
6060 «Гранттар бойынша кірістер»;
6070 «Сыртқы қарыздар есебінен қаржыландырудан түскен кірістер»;
6080 «Айырбас емес операциялардан алынатын өзге кірістер»;
6090 «Қаржыландыруды бюджетке қайтару»;
6110 «Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алынатын кірістер»;
6210 «Сыйақылар бойынша кірістер»;
6220 «Активтерді басқарудан алынатын өзге де кірістер»;
6310 «Әділ құнның өзгеруінен түсетін кірістер»;
6320 «Ұзақ мерзімді активтердің шығуынан алынатын кірістер»;
6330 «Өтеусіз түрде алынған активтерден алынатын кірістер»;
6340 «Бағамдық айырмадан түсетін кірістер»;
6350 «Шеккен зиянды өтеуден алынатын кіріс»;
6360 «Өзге кірістер».
382. Айырбасталмайтын операцияларды жүргізу кезінде мекеме ресурстар алады және қандай да бір нысандағы өтемақыны айырбастауға бермейді.
Айырбасталмайтын операциялардан түсетін кірістер белгілі шарттармен шектелмеген айырбасқа шамамен тең құнды тікелей ұсынусыз активтердің артуын білдіретін мемлекеттік мекеменің алуына жататын немесе алынған экономикалық пайдалардың немесе сервистік әлеуеттің жалпы түсімін
білдіреді.
Мемлекеттік мекемелердің кірістері:
ағымдағы қызметті қаржыландыру;
трансферттер мен субсидиялар алу;
демеушілік және қайырымдылық көмек алу;
гранттар алу;
өзге айырбасталмайтын операциялар сияқты айырбасталмайтын операциялардан қалыптастырылады.
Ұзақ мерзімді активтің амортизациясын есептеумен бір мезгілде ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға күрделі салымдарды қаржыландыру осы актив жататын топтың амортизация мөлшеріне есептелген сомада күрделі
салымдарды қаржыландыруды тұтынудан кіріске есептен шығарылады және мынадай тізбекпен көрсетіледі: 5010 «Күрделі салымдарды қаржыландыру» шоты қосалқы шотының дебеті және 6020 «Күрделі салымдарды қаржыландырудан алынатын кірістер» шотының кредиті. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің төмен тұрған бюджет үшін трансферттер бойынша қаржыландыру алуы 6030 «Трансферттер бойынша кірістер» шотының кредиті бойынша көрсетіледі, бұл ретте 1084
«Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шоты дебеттеледі. Субсидиялар бойынша бюджеттен жоспарлы тағайындаулар алу 1085 «Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1094 «Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 6040 «Субсидиялар төлемдері бойынша қаржыландырудан түсетін кірістер» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Демеушілік және қайырымдылық көмек қаражатының түсімі мынадай жазбамен көрсетіледі: Шоттар жоспарының активтері тиісті шотының 1041 қосалқы шотының дебеті және 6050 шотының кредиті. Ақша қаражаты түрінде гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотына қаражаттың түсуі 1061 қосалқы шотының дебеті және 6060 шотының кредиті бойынша көрсетіледі және кіріс ретінде мойындалады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі міндеттемелерді қабылдаған кезде гранттар бойынша кірісті тану 1087 қосалқы шотының дебеті және 6060 шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Қаржыландырудың пайдаланылмаған сомасын қайтару 6090 «Қаржыландыруды бюджетке қайтару» шотының дебеті және Шоттар жоспарының 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» бөлімшесінің шоты тиісті қосалқы шотының кредиті. 6110 «Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алынатын кірістер» шотында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің иелігінде қалатын және бюджет бойынша бөлінген қаржы бөлумен қатар (сақталуға) белгілі мақсаттарға жұмсала алатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан алатын кірістер ескеріледі.
Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша жалпы кіріс мынадай сәттер бойынша тапқан кіріс ретінде танылады:
нақты орындау – шарт (келісім, келісімшарт) талаптарына сәйкес: не қызметті көрсетудің басталу сәтінде, не аяқтау кезінде, не қызметті көрсеткеннен кейін, не шарттың әрекет еткен кезеңі (қызметті көрсету кезеңі) ішінде барабар;
қызметті көрсету дәрежесін (аяқталу дәрежесін) ескере отырып – барабар орындау;
қызметтер көрсету шамасына қарай – аяқталған орындау немесе «пайыздық дайындық» әдісі.
Жалпы кіріс қызметтер көрсетілген және жұмыстар орындалған есеп кезеңдерінде ғана танылады.
6110 «Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді)
өткізуден алынатын кірістер» шотының кредитінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді), оның ішінде дайын өнімдерді және оқу-өндірістік шеберханаларының өнімдерін, қосалқы ауылшаруашылық оқу-тәжірибелік шаруашылықтарды сатудан алынған кірістердің сомасы жазылады және бұл ретте 1231 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шоты дебеттеледі. Жалдау бойынша сыйақыны есептеу 1250 «Алунуға тиісті қысқа мерзімді сыйақылар» шотының дебеті және 6210 «Сыйақылар бойынша кірістер» шотының кредиті, 7120 «Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар» дебеті және 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
6360 «Өзге кірістер» шотында мыналардың нәтижесінде туындаған мемлекеттік мекеменің кірістері көрсетіледі:
мемлекеттік мекеменің кассасында ақша қаражатының артықтығын анықтау: 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының дебеті және 6360 «Өзге кірістер» шотының кредиті, бір мезгілде: 7120 «Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар» шотының дебеті және 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті;
кінәлі тұлғалар есебіне жатқызылған материалдар мен тамақ өнімдерінің жетіспеушілігі мен шығындарын есептен шығару: 1262 «Қызметкерлердің өзге есеп айырысу түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шотының дебеті және 6360 «Өзге кірістер» шотының кредиті және бір мезгілде:
7120 «Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар» шотының дебеті және 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті;
бұрын есептен шығарылған дебиторлық берешекті қайтару: дебиторлық берешектің тиісті шотының дебеті және 6360 «Өзге кірістер» шотының кредиті; 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шоттарының дебеті және дебиторлық берешектің тиісті шотының кредиті; 7120 «Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар» шотының дебеті және 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті; 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының кредиті;
үмітсіз кредиторлық берешекті есептен шығару (бұған объективті шарттар болған кезде): кредиторлық берешектің тиісті қосалқы шоттарының дебеті және 6360 «Өзге кірістер» шотының кредиті;
негізгі құралдарды жоюдан алынған материалдар құнын кіріске жазу: 1319 «Өзге материалдар» қосалқы шотының дебеті және 6360 «Өзге кірістер» шотының кредиті;
биологиялық активті биоөзгерту процесінде төлдеу, өсім немесе салмақ қосуды алу: 2610 «Жануарлар» қосалқы шотының дебеті және 6360 «Өзге кірістер» шотының кредиті;
биологиялық активтерден өнім алу: 1330 «Дайын өнім» қосалқы шотының дебеті және 6360 «Өзге кірістер» шотының кредиті.
Кірістердің өзге түрлерін есепке алу Нысандар альбомының 283-нысанды көп бағанды карточкаларында жүзеге асырылады.